Қазақша өлең: Иса Байзақов (Төртінші желдірме) » ZHARAR © 2017 | иса байзаков Төртінші желдірме олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Төртінші желдірме




  • »

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Төртінші желдірме)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Төртінші желдірме) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Төртінші желдірме) на казахском языке

Ембіде мұнай қазған еңбек ері
Жұмысшы балуан білек тұрмыс белі,
Мұнайға жылжып барып тамшылайды,
Мөлтілдеп шып-шып шыққан маңцай тері.

Ұстара қолдарында бір-бір күрек,
Алмастай тиген жерін кетеді іреп,
Тамырын майлы жердің қиып түсіп,
Дірілдеп мұнай шапшып шүмек-шүмек.

Өнердің таң қалдырды бір қызығы,
Бойлатып жер астынан салған бұрғы,
Мұнайға сом балғамен барам десе,
Қағысып жол бермейді қызыл құмы.

Жылмаңдар жүйрік бұрғы жылмаң-жылмаң,
Суылдап арасымен қызыл құмның,
Нақпа-нақ шын көзіне ине өткендей,
Сүйріктей мұнай шапшып қылмаң-қылмаң.

Доссорым ана жақта жатыр шалқып,
Астында ақ Еділдін майы қалқып,
Төменде асыл кеннің қызуына,
Терлейсің басып тұрып, бойың балқып.

Байшонас, Мақат, Бекпай тағы да бар,
Мындаған бәрінде де жұмысшылар.
Сабадай ерте кеште күмпілдетіп
Мың пұттап сағатына май ағызар.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 77
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .