Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бірінші желдірме) » ZHARAR © 2017 | иса байзаков Бірінші желдірме олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Бірінші желдірме




  • »

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бірінші желдірме)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бірінші желдірме) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бірінші желдірме) на казахском языке

Ал, алқа, келді кезің жайнайтұғын,
Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын,
Өнердің қиясына шыққан сайын,
Болаттай тастан табан таймайтұғын.

Жөнелдім желдірмемен желдей есіп,
Қырандай аспандағы талмайтұғын!
Тізейін өлеңімді меруерттей;
Есінен жұртшылықтың қалмайтұғын.

Дабылы дауылпаздай шарықтаған,
Екпіні самолеттей заулайтұғын.
Талапты жастарымыз үйреніп ал,
Ән еді желдірме атты самғайтұғын.

Құлаштап өлеңіммен шарықтаймын,
Қарыштап шапқан сайын жалықпаймын
Гүлденген күннен-күнге Отанымның,
Өскенін айтқан сайын анықтаймын.

Шаттықтың желдірмесі, міне, қандай,
Құйылған үсті-үстіне үні талмай.
Талапты өнерпазы заманымның
Тасқыны өрге жүзген дәл осылай.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 92
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .