Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Қазақ хандығына 550 жыл) » ZHARAR © 2017 | Исмағұлов Сабыржан Қазақ хандығына 550 жыл өлең олен стихи на казахском, қазақ хандығына 550 жыл туралы өлеңдер, казак хандыгына 550 жыл стихи на казахском, казахскому ханству 550 лет стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Қазақ хандығына 550 жыл)

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Қазақ хандығына 550 жыл) казакша Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Қазақ хандығына 550 жыл) на казахском языке

Алғыс айтам бабаларға ақ таң үшін.
Қуанамын тәуелсіз таң атқаны үшін.
Қорғаймын деп осы жерді батырлардың,
Тәуекелмен тағдыр тұзын татқаны шын.
Ел қорғаймын деп ат үстінде өткен екен,
Мінгені жоқ аттарына мақтан үшін.
Ел аузында Жәнібек пен Керей хандар,
Бұл күндері теңдесі жоқ мақтанышым.
Тарихтарда калған жоқ қой есімдері,
Қойын бағып үйде тыныш жатқаны үшін.
Сатқындықпен аты шыққан Қарашоқы,
Отырарды Шыңғыс ханға сатқаны үшін.
Жек көреді қара халық Бекежанды,
Төлегеннің ту сыртынан атқаны үшін.
Бірлік болмай тірлік болмас құрбан болған,
Батыр Баян жауға жалғыз шапқаны үшін.

Енді сөзін ұлың былай салмақтасын.
Қаймықпайық алда жарық жол жатқасын.
Еркіндікті сүйіп өскен ел едік қой,
Кең далада көшіп жүріп мал баққасын.
Ерліктерін айтпай кетсем бабалардың,
Болашаққа бұлыңғыр болмақ па шын.
Абылайды айбынды деп айта аламын,
Терер болсақ тарихтардың талдап тасын.
Абылайлап ұран тастап жекпе-жекте,
Жас күнінде кесіп алған қалмақ басын.
Бір шайқаста қастық жасап калың қалмақ,
Тұтқын болып қайтқан еді ол жақта шын.
Ерлігіне ақылы сай болғаннан соң,
Бүкіл қазақ иген еді қолдап басын.
Қытайменде арпалысқан Абылай хан,
Жоңғарлардың қыйратты ғой сол қақпасын.

Қазақ елі жырға толып жатқан аңыз.
Іште жатқан сырды бұлай ақтарамыз.
Ел билеген қыздар болган мысалыға,
Тамиристей ханшайымды ап қараңыз.
Ұлан ғайыр даламызға көз алартқан,
Кирдин басын кесіп алған сақ бабамыз.
Салық төлеп тұрған қытай патшалары,
Ғұндармен əлі күнге мақтанамыз.
Қабанбаймен Бөгенбайдай батырлар бар,
Қалып қойган тарихтағы аттары аңыз.
Жеті атаны айтар болсақ жаңылмаймыз,
Ғасырлардың қойнауына аттанамыз.
Бір Алладан басқа ешкімге бас имеймиз,
Жалғыз ислам өзге діннен сақтанамыз.
Бабалардың қаны сіңген дархан дала,
Осы жерден мәңгілікке бақ табамыз.

Əн айтқанда өне бойы тер болатын.
Көре алмастар жанын қажап жер болатын.
Күллі әлемге мен қазақпын деген жігіт,
Ерболатың міне нағыз ер болатын.
Талай жүрек тулап кетер естігенде,
Əн еді ғой алты алашқа ем болатын.
Шырылдатып шындық айткап Ринат ақын,
Жігіт емес өзге жұртқа жем болатын.
Кремльде жасқанбаған ешкімнен де,
Шахановтың шын жүрегі кең болатын.
Кешеге ғана бөліп алдық шекараны,
Қайсы елден қай жеріміз кем болатын.
Тағы біраз күте тұршы дархан қазақ,
Күн туады АҚШ-пенен тең болатын.

Десеңіздер енді қалай жан бағамын.
Өлеңменен біраз жерге шам жағамын.
Өзге елден бүлік шығып жатқан кез ғой,
Үкіметке қарсы жасап сан қадамын.
Бүлік жасап батыр болып жүргенменен,
Көрмедік қой биік ұшып самғағанын.
Жарысумен жариялап айтпап па еді,
Қырғыздардың бейбіт күнде қан боғанын.
Аяқ асты көтерілген қанша халық,
Украинаның жағдайы ғой таң боғаным.
Алла айтқан бас иіңдер патшаға деп,
Патшасыз көрдік елдің оңбағанын.

Қыздарымыз қылығымен баурап алар,
Қырық үйден тыйым салар текті болсын.
Ұлдарымыз ұлы дала ұланы боп,
Намысы бар ер жүректі епті болсын.
Əр үйде толып тұрсын төртеуіде,
Төрт түліктің төлдері көп етті болсын.
Серілікке жаны құмар халықпыз ғой,
Той думаннан шаршамайтын орта берсін.
Кең даламыз көркіменен елімізге,
Жақсы жайсаң адамдарды тарта берсін.
Жастарымыз отау кұрып,отын жағып,
Қазағымның халық саны арта берсин.

Жараспайды еуропаға ессіз еру.
Байқалмайды көшімізден кеш түзелу.
Ал қазақтар калың ел боп тойлайықшы,
Жылда толды халқымызға бес жуз елу.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 438
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .