Қазақша өлең: Сырласу » ZHARAR © 2016 | сырласу өлеңі, сырласу туралы диалог, , сенiң, бiраз, менiң, кеттiң, болшы, жалған, алдап, сының, бiлгенiң, Жырақтамысың, бүгiн, талай, Хабарың,




  • »

Қазақша өлең: Сырласу

Қазақша өлең: Сырласу казакша Қазақша өлең: Сырласу на казахском языке

Ей өмiр, бүгiн сырласым болшы сен менiң,
Сыр шертiп бiраз тарқасын iште мұң шерiм.
Жолықпай кеттiң сұрауым бар едi өзiңнен,
Ақсың ба әлде, қара ма сенiң өлшемiң?

Адал ма ойың?Шындық па сенiң бiлгенiң?
Қай сының едi кейде алдап жалған күлгенiң?
Жырақтамысың? Хабарың жоқ қой мүлде бiр,
Жанымдасың ба? Бұл қалай үнсiз жүргенiң?

Жылаттың талай, қамығып қалды көңiлiм.
Түңiлдiм бiраз , ей қойшы сол бiр өмiрiн.
Кездерiм көп қой үмiттi қайта жалғаған.
Аралап жүрiп сүрiнген сынның өңiрiн.

Гүл терген кездер ойымның бағын аралап,
Нәзiк қой жүрек, оны да кеттiң жаралап.
Қайдасың ендi? Сырласым болшы сен менiң,
Бiр келшi маған жүрмiн бе күнде мазалап?

Күлдiм де талай, кездерiм болды шаттанған,
Армандар биiк, қол бұлғап мақсат жатты алдан.
Несiне айтам, өзiң де бәрiн бiлесiң,
Сағым боп қана көрiнер өткен шақтардан..



Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 009
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .