Естеу Нүсіпбеков (Жан аздырма, жеткіншек)

 Естеу Нүсіпбеков (Жан аздырма, жеткіншек)

Біраз жас қанын бұзып құтырып жүр,
Айықпас ауруларға тұтылып жүр.
Тән саулық, жан саулықтан сақал сипап,
Ақылдан жүген ұстап ұтылып жүр.

Не нәрсе тәнін бұзған, жанын бұзған?
Сұйылтып қою күрең қанын бұзған.
Адамдық қасиеттерден жалаңаштап,
Қандай күш жынды суға табындырған?

Кеміріп құрттай кеулеп ақыл-есін,
Кісілік кейпиеттік бабын бұзған.
Не нәрсе жын соққандай құтырынтып,
Кезентіп пышақ, мылтық, қағынғызған?

Кімді де мұның өзі ойлантады,
Ой, сана, сенім, наным толғантады.
Тылсымға кейбір болмыс бастап шығып,
Іздентіп жанның жайын зорлантады.

Әуестік көк түтінге әнді бұзды,
Қашырып қанды ішке сәнді бұзды.
Болған соң өкпені ыстап, күркілдетіп,
Сымбатты денені иіп, тәнді бұзды.

Бұзғаны сол емес пе тән-денені:
Бос белбеу темекішінің нән дегені.
Күшіне, қайратына үйлеспейді,
Ет жұтып, қолақпандай нан жегені.

Жігіттер атан жілік, сал білекті,
Бес соққы соқса болды жөндіректі,
Жүрегі тепкілейді кең кеудесін,
Асаудай дүрсілдетіп төңіректі.

Бұзғаны қанын, жанын сол емес пе:
Маскүнем, наркомандар енсе елеске,
Кездейсоқ кез болатын жол жағада,
Шалшықты, тоспа суды көл демес пе!

Бұлдырлап бұзылған көз нені көрсін?!
Жүректі айнытарлық өңі дерсің.
Жерге де ит сарыған түней салар,
Ес-түссіз мақұлыққа жөні келсін.

Жексұрын айуаннан да торсылдаған,
Тынысы, ырсылы бар қорсылдаған.
Ісіне малдан төмен арсынбайды,
Ол енді қай жерінен болсын адам?!

Тән бұзу, қан бұзудың мәні солай,
Енді оның тазарады жаны қалай?
Біздерді қинайтын ой — Жасағаннан
Әр пенде іздесе еді жанына жай.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді