Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Егістік) » ZHARAR © 2017 | сәбит мұқанов өлең Егістік олен сабит муканов стихи на казахском ,сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі , сәбит мұқановтың өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдер жинағы , сабит муканов стихи на казахском языке,




  • »

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Егістік)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Егістік) казакша Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Егістік) на казахском языке

Балталап шапқан жаңқадай,
Жөнелгендей арқалай
Жерді соқа тіледі.
Жер үсті толқып жатқандай,
Кап-қара қыртыс мақпалдай
Тілінеді, бөледі!
Доңғалақтар шиқылдап,
Соқаның тілі жылтылдап,
Бытырлайды тамырлар.
Ана жылғы Қотыркөк,
Күпшектей жұп-жұмыр боп,
Тұяғы қашай басады.
Солқылдатып бүйірін,
Бүлкілдетіп иығын,
Жаңбырдай терін шашады.
Қотыр торпақ өгіз боп,
Қыстан шыққан семіз боп,
Талтаң-талтаң басады.
Шірене тартып соқаны,
Тұяғы жерге батады,
Аузынан көбік шашады,
Қыртысқа тісі қадалып,
Қадалған жерден қан алып,
Тырнайды жерді тырмалар.
Үсақтығы құм болып,
Үгіледі ұн болып,
Тұтасқан қыртыс жалбыр жал.
Нар түйедей қаңқиып,
Құлашын кере шалқиып,
Тұқымды Шоқпыт шашады,
Бидайлары - қызыл нарт,
Қап-қара мақпал топырақ,
Қүшақтап қойнын ашады.
Күрке қылып бұтақтан,
Үстіне үйе шөп жапқан,
Шоқпыттың бұл қосы ғой.
Кедейге кесіп егістік,
Егістік деген үлкен құт,
Несібесі осы ғой.
Күн кеш, көлік ағытқан,
Күн бойы шаршап, жалыққан,
Жатыр Шоқпыт қосында.
Шоқпытты ғана ие ғып,
Бір қап бидай тиеліп,
Жатыр оның басында.
Астында от жылтылдап,
Бақырда ботқа бырқылдап,
Бүлк-бүлк етіп қайнайды.
Дастарқанда собалақ,
Сындырып, Күңшаш шайнайды.
Ернінің ұшы шошаңдап,
Сұлыны қауып асап ап,
Көпіртіп Көк жұтады.
Пысылдап мұрны дем алып,
Кайырып күйісін ыңыранып,
Қоңыр өгіз жатады.
Шоқпыттың ұлы Карабас,
Ана жылы жалаңаш,
Болып сорлы жүдеген.
Тамаққа тоқ, көйлек көк,
Еккені егін, уайым жоқ,
Өзгеріп, қазір түлеген.
Егістік өсті тебендеп,
Келеді жасыл берен боп,
Жер құлпыра бастады.
Көлігін Шоқпыт ағытты,
Үш гектар жер салыпты,
Тұқымы одан аспады.
Тұқымды кім бергені,
Қалайша күн кергені,
Өзіне айқын Шоқпыттың.
Бүкіл қазақ халқына
Берген оны Партия...
Өшкен аты «жоқтықтың».
Түтеленген жүндей боп,
Кайнаған сумен бірдей боп,
Толқып бұлттар кешеді.
Куанып оған момындар,
(Қуанбай қайтсін, егін бар)
«Жауса игі еді» деседі.
Көшіп бұлттар ауады,
Сіркіреп жаңбыр жауады,
Күркірейді күні де.
Сүп-сүйір болып найзадай,
Жылтылдайды найзағай,
Жол беред бұлттар тіліне.
Кемпірқосақ қосылып,
Көк жүзін орап көсіліп,
Құлпырады кілемдей.
Жауа берсе осылай,
Далаға еңбек кетпей жай,
Жер құлпырмақ берендей.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 121
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .