» » » Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл) казакша Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл) на казахском языке
Баяғыда жас бала едiң сен‚
Ойың бұзылмаған, көңiл!
Перiштеден таза едiң сен‚
Қиянат қылмаған көңiл!

Ата-анаңа махаббатың,
Бояусыз нұр, кәрәматың.
Жоғары ғаршыдан затың,
Анық шын бұл маған‚ көңiл.

Жiгiттiкке жетелеген,
Секунд, минут, сағат деген.
Жаралыс бұл солай деген,
Балалықты ұрлаған көңiл!

Бiлем, болам, озамын деп,
Биiкке қол созамын деп,
Ақыр бiр күн тозамын деп,
Асығыс зырлаған көңiл!

Атақ, мақтан, құмар, пайда,
Өзiмшiлдiк, зұлым, хайла
«Жетесiң‚ қу‚ – дедi‚ – әйда!»
Боялып, сырланған көңiл!

Бұ болды қайта бip туыс
Тысы толық, iшi қуыс.
Әлемдi қылды бiр уыс,
Тереңге зымыраған көңiл!

Балалық‚ тазалық өлдi.
Жүректiң ақ нұры сөндi.
Амалсыз осыған көндi.
«Дұрыс» деп тыңдаған көңiл!

Түзелмес мiн емес бұлар,
Әр өмiр өз iсiн қылар.
Сынарлық тағы мезгiл бар,
Ауыспай тұрмаған көңiл!

Қырық жылдан жас өткенде‚
Қызудың көбi кеткенде‚
Есептер кезi жеткенде‚
Не болар бұрмаған көңiл!

«Келiп қайдан, барам қайда?
Не қылғаным болар пайда?
Қаламын ба мола боп сайда?» –
Деген ой тырнаған көңiл!

Жиырма жыл жүрек тесiп,
Бiрi олай‚ бiрi бұлай десiп,
Алынғанша анық шешiп,
Тыным ап тынбаған көңiл!

Бүгiн тауып тiлегендi,
Хақиқатқа көңiл сендi.
Қуанып, түрленiп ендi,
Бозторғай шырлаған көңiл!

Бүгiн менiң ұлыс күнiм,
Бағымды ашқан қадiр түнiм.
Жетiлiп тұр қызыл гүлiм,
Бұлбұлдай жырлаған көңiл!

Көзiм көрдi дегендей iс
Табылды. Кет‚ жоғал, кейiс!
Өлiмнiң шын түбi – бейiс‚
«Анық» деп ымдаған көңiл!

Тазалыққа тағы кеттiм‚
Балалықты қуып жеттiм.
Жоғары ғаршыдан өттiм‚
Осыны шындаған көңiл!

Терең ойсыз кей арамтер
«Өлiмнен соң өмiр жоқ» дер.
Өкiнiп қайғымен өтер‚
Мойынсұнбаған көңiл!

Келем десең‚ өлiм‚ маған‚
Досымсың‚ жау емен саған.
Есiктi аш жолды байлаған‚
Жөнелсiн ұнаған көңiл!

Автор: ZHARAR | 22 632 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен адамның таппаймын өнерлісін)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен адамның таппаймын өнерлісін)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мұңды шал)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мұңды шал)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан менен дене һәм көңіл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан менен дене һәм көңіл)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бейісте бар сұлу жар...)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бейісте бар сұлу жар...)
Қазақша анекдот: Әйелін сынаған күйеу
Анекдоттар мен әзілдер жинағы
Қазақша анекдот: Әйелін сынаған күйеу
Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Арман қуу шынымен күйiк кей күн)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Арман қуу шынымен күйiк кей күн)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қарағым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қарағым)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Қиянат)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Қиянат)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдан ойға сыр тарап...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдан ойға сыр тарап...)
Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз сөзi)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз сөзi)
Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз сезiм)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз сезiм)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Махаббат пен құмарлық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Махаббат пен құмарлық)

KZ / Өлеңдер жинағы, шакарим кудайбергенов Көңіл олен өлең, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева, шакарим кудайбергенов Көңіл олен өлең шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке шакарим кудайбердиев стихи на казахском шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері стихи, Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке