» » » Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық таңы атты)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық таңы атты)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық таңы атты) казакша Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық таңы атты) на казахском языке
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жағында болыңдар.

Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,
Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.
Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,
Ұмтылып, ерікті ел болып қалыңдар.

Ар түзер адамның адамдық санасын,
Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын.

Адамның бәрі бір, болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Ар билейтін заманда нәпсі өліп,
Бірігер еңбекте барша адам баласы.

Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін,
Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін.
«Ақ иіліп сынбақ жоқ» деген рас,
Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін?

Таласпай бөліссе табиғат байлығын,
Қара жер тойғызар адамның барлығын.
Махаббатпен бірлесіп еңбек қылған
Өмірдің көреді бақытты сайлығын.

Бұл өмір таусылмас, жаңарар адамзат,
Арам ой мұтылып, зорлықшыл болар мат.
Адал етсең, енбектің жемісін жеп,
Шалқыған ел-жұртым, боларсың көңілің шат.

Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып, әніме саларсың!

Автор: ZHARAR | 31 292 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тойымсыз нәпсі тұрақсыз дүние)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тойымсыз нәпсі тұрақсыз дүние)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жасымнан жетік білдім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жасымнан жетік білдім)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Молдалар өзгелерді кәпір дейді)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Молдалар өзгелерді кәпір дейді)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын бақ қайсы? Күншіл кім?)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын бақ қайсы? Күншіл кім?)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Серігім – жалғыз әупіш қасымдағы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Серігім – жалғыз әупіш қасымдағы)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен кетемін келеді тағы өмірге мендей)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен кетемін келеді тағы өмірге мендей)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Алты әңгіме)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Алты әңгіме)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бақанас Байқошқардың көп сабазы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бақанас Байқошқардың көп сабазы)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бас көзімен қарасаң нәпсі – жалған...)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бас көзімен қарасаң нәпсі – жалған...)
Қазақша эссе: Нәпсі
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Нәпсі
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамдық борышың)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамдық борышың)
Қазақша мақал - мәтел: Ар, ұят, намыс
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Ар, ұят, намыс
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)

KZ / Өлеңдер жинағы, шакарим кудайбергенов Бостандық таңы атты олен өлең, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева, шакарим кудайбергенов Бостандық таңы атты олен өлең шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке шакарим кудайбердиев стихи на казахском шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері шәкәрім құдайбердіұлы өл, Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық таңы атты) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке