» » » Өлең: Күләш Ахметова (Толғақ)

Өлең: Күләш Ахметова (Толғақ)

Өлең: Күләш Ахметова (Толғақ) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Толғақ) на казахском языке
...Дөңбекшиді бір отырып, бір құлап,
Бебеулейді беймаза бір күй құрап.
Қары талып қалғанына қарамай,
Жатыр біреу сегізкөзін бұрғылап.
Шайқағандай мұзды мұхит сеңі ұрып,
Қаратпайды қара құйын еліріп.
Өз қолымен түйгіштейді өз белін,
Бір аш қасқыр жеп жатқан соң кеміріп.
Санасында бір-ақ үміт, бір-ақ ой...
Сұмдық азап берер емес, сірә, бой.
Сүйектері сынып түсіп қалғандай,
Шыдатпайды сыздағанда тұла бой.
Сола жаздап дірілдейді сонда ақ гүл,
Жібергенше шын құдірет қолдап бір,
Шыбын жаның қыл үстіне ілініп,
Шыңғырғанға тоқтамайтын толғақ бұл!
Жіптің ұшы жеткізбейді тағы ұзай...
Зар илеген Қорқыт ата қобызы-ай!
Тоғыз айда қорқа-қорқа жүргенмен,
Үміт оты сөнбейді екен тоғыз ай.
Лүп-лүп етіп лүпілдейді жанған шам,
Жаны барда қалды дейсің хал қанша?!
Ешкім ара түсе алмайды,
толғақтың
Ең бір соңғы минуттары қалғанша.
Мұндай кезде өз еркіне кім ие?
Жазған басын бір көтеріп, бір ие?
Жалынады Жаратқанға
алдында
Құстай қалқып қызыл-жасыл дүние...
Табиғатта бейнет бар ма тұрақты?..
Шар еткен үн жақындатты мұратты!
Тына қалды дүлей күші азаптың,
Сап басылған қатты дауыл сияқты.
...Жағалауда желкілдеді бал құрақ,
Жапырақтар би биледі жалбырап.
Жер — дүние мейірімге бөленіп,
Жатыр әйел бойы босап, балбырап.
Жел басылды, шапақ тарап шалғайға,
Тынышталды шырылдаған торғай да.
Күн де шықты таң пердесі жарылып...
Тән азабы ұмыт болды сол бойда.
Әлем ең бір әсем нұрға боялды,
Ащы тірлік. Арты бірақ — баянды.
Жауды жеңіп қайтқан батыр сияқты,
Сәл көз іліп, жас келіншек оянды.
Иығынан түскен екен жүк батпан,
Әйнектерден амандасты құтты ақ таң.
Әйел шөлдеп жатыр екен, құнығып
Ішті сонда бір кесе шай сүт қатқан.
Қайран сол бір қатты шөлі қанған шақ!
Қайрат келді қайта кесе алғанша-ақ.
Алпыс екі тамыры иіп, басынан
Бақайына төгілді-ау бір тер — моншақ!
Қорғасындай балқығаны не мынау?!
Бөбек келу — керемет бір өмір-ау!
Өңі ашылып, оттай көзі жалтырап,
Ақ уызға толып кетті омырау!

Автор: nurgul95 | 164 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күлаш ахметова Толғақ өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Толғақ, күлаш ахметова Толғақ өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күлаш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Толғақ, Өлең: Күләш Ахметова (Толғақ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке