» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көреміз)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көреміз)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көреміз) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көреміз) на казахском языке
Тірі жүрсек, біз көреміз талайды,
Жаңа жылды, жаңа күнді, жаңа айды.
Ұзағырақ өмір болса, жарайды,
Түн де келер, таң да атар арайлы.
Біз көреміз керемет бір шақтарды,
Мың куарып, мың гүлденген бақтарды.
Ақыр түбі ақылдылар үйретер,.
Арамтамақ, азғын, ақымақтарды.
Айла өліп, сезім менен сана шат,
Жауыздық та жатпас, сірә, жара caп,
Адамзатты мәңгі бақи әлдилер,
Ақыр түбі ақыл менен парасат!
Ақиқаттың жаңа жылы туғанда,
Ада болар арамзалар, қулар да.
Жаннат болып жатыр менің жан-өлкем,
Жаманшылық жолай қоймас бұл маңға.
Жаннат болып жатыр менің жан-өлкем!
Аққу болып жүрер менің ақ еркем.
...Қыр басынан қызыл жаулық желпірмін,
Таңмен тұрып, күнмен шығып таңертең

Автор: nurgul95 | 157 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Көреміз өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Көреміз, мұқағали мақатаев Көреміз өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Көреміз, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көреміз) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке