» » » Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш)

Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш)

Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш) на казахском языке
Рахат, мені тастап, қоймадың тыныш,
Ғашық жар, ағайын, дос — бәрі алдағыш.
Жастық құмар үміттің нұры қайтып,
Күңгірт тартты, бәрінің аяғы реніш.
Ұнатпаймын тағдырды, дүниені,
Жасқантып жалынта алмас о да мені.
Алладан бәрі бір деп тосып тұрмын
Алғалы жақсылықты я өлгелі.
Қара жұрт қарап көріп, сөзге нанбас,
Ант етемін, жалғанын жан таба алмас.
Өзі алданып, өзгеден соққы жеген,
Және өзі біреуді алдай алмас.
Соққан дауыл сияқты өмір өтер,
Қайғырмаймын, білемін, көзім жетер.
Кеудемде осы жүрек тұрған шақта
Жақсылық жоқ өзіме мен дәметер.
Ол жүректің жалынын басар бірақ,
Өлсе, көрде бастырған су топырақ.
Өзі сүйіп, өзгеден сүю іздеп,
Таппаған сорлы адамнан сөнер шырақ

Автор: nurgul95 | 847 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Рахат мені тастап қоймадың тыныш өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Рахат мені тастап қоймадың тыныш, абай құнанбаев Рахат мені тастап қоймадың тыныш өлең олен абай кунанбаев казакша олен абай кунанбаев абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері Рахат мені тастап қоймадың тыныш, Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке