» » » Өлең: ЖОЛАУШЫ ҒҰМЫР...

Өлең: ЖОЛАУШЫ ҒҰМЫР...

Өлең: ЖОЛАУШЫ ҒҰМЫР... казакша Өлең: ЖОЛАУШЫ ҒҰМЫР... на казахском языке
Ақжусаны бүрлеген бозбеткейді.
Бозбеткейдің шетіне көз жетпейді.
Тұлымшағын жел сүйген құлын бауыр,
Қарлығаштан хат жолдап тез жет дейді.

Соғақ судың жағасы Қызылқайың.
Түспесінші қалқатай жүзіңе уайым.
Ерке толқын жағаға асылады,
Айдынында сәулесі жүзіп айдың.

Қиық айдың астында тілкім қырат.
Қара сайдан келеді жылқым құлдап.
Жағалауға лақтырып ақ моншағын,
Сылқ-сылқ күліп аунайды сылқым бұлақ.

Қобда өзенін өрлеген қыз қарағай.
Бауырында бұлттардың жүзген арай.
...Жапырақтар жанымнан үзіледі,
Сары ормандай сарғайған күзге қарай.

Аскерхан АҚТАЙ

Автор: ZHARAR | 55 | 5.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, Аскерхан АҚТАЙ, Аскерхан АҚТАЙ өлеңдері, Аскерхан АкТАЙ олендери казакша, ЖОЛАУШЫ ҒҰМЫР..., айдың Ақжусаны өзенін келеді жылқым құлдап Жағалауға лақтырып моншағын күліп аунайды сылқым бұлақ Қобда өрлеген қырат қарағай Бауырында бұлттардың жүзген Аскерхан АҚТАЙ Аскерхан АҚТАЙ өлеңдері Аскерхан АкТАЙ олендери казакша ЖО, Өлең: ЖОЛАУШЫ ҒҰМЫР... қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке