Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Heгe жыламасын?!) » ZHARAR © 2017 | мұқағали мақатаев Heгe жыламасын өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы,




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Heгe жыламасын?!)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Heгe жыламасын?!) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Heгe жыламасын?!) на казахском языке

Heгe жыламасын?!
Бәрісі де жылаған.
Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған.
Түнек болып келе жатқан тажалға,
Аттануда, аттануда тірі адам.
Жылап жатыр.
Өбісуде еріндер,
Жыламаған жалғыз ғана кебір - жер.
Жылап жатыр үйленбеген күйеулер,
Жылап жатыр үйге енбеген келіндер.
Боздақтарын аттандырған шақтарда,
Боздап еді-ау, боркемік боп қарттар да.
...Бір орманның бір түп өндір шыбығын
Тиеп алып, күнбатысқа тартты арба.
- Ал енді сен азаматсың! - деп маған,
Арбасына отырды да кетті ағам.
Тағы да бір қайрылмас па екен деп,
Тозаңдатқан қара жолды бетке алам.

Қайрылмады.
Олар ұзап барады.
Ән естілді.
Әлдиледі даланы.
Қарап тұрмын.
Құйын болып ағады
Қара жолмен
Көршіміздің Жанары.
(Талай рет хат апарып бергем-ді)
Тани кеттім үйге енбеген жеңгемді.
Қайсар қыздың қайсарлығын ел көрді,
Қайсар қыздың қылығына ел көнді.
Қайран аға!..
Қайсар жанды таңдапты.
Қарсы ұшты.
Жұрт күрсінді салмақты.
Екеуінің араларын шаң жапты,
Екеуінің ортасында жау жатты.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 3 613
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .