Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚУАНТАР...)

Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚУАНТАР...) казакша Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚУАНТАР...) на казахском языке


Астанаға қар жауды...
Ұлпа құлап,
Қыс келеді,
Мінезін кім танымақ?
Аққайыңдар сап-сары сырға таққан,
Бүріседі
Ақ мамық қымтанып ап.
Бір-ақ сәтте өзгерді құбылып күн,
Бар әйтсе де
Ізі әлі жылымықтың.
Жасыл нәлі кетпеген кей жапырақ,
Қар астында қалтырар...
Мұңын ұқтым.
Жайбірақат кісілер көшедегі,
Алғашқы қар қуантар...
Не – себебі?
Торғай отыр ұйлыға тоңғаннан ба?
Ал, қар болса, қарқынын еселеді.
Қуанатын күн бе бұл –
Қылаулаған?
Әлі талай түсеміз шылауға нән.
Жыл құсы жүр көз жазып құсжолынан,
Ұрынбаса жарады тұмауға адам...
Ұлпа Көктен қалқымай
Жиіледі,
Қабағы да
Аспанның түйіледі.
... Қарлығаштай ақ тамақ сол бір ару,
Ұлпаны емес,
Сәуірді сүйіп еді...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, әділбек ыбырайымұлы АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚУАНТАР... өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚУАНТАР..., әділбек ыбырайымұлы АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚУАНТАР... өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚУАНТАР..., Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚУАНТАР...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке