Табиғат кереметі

 Табиғат кереметі

Табиғат қандай әсем, керемет неткен!
Сұлулығын көрген жан елең еткен,
Көкжиектен күн шығады бір сәтте,
Сәулесі түсіп, жарқырап, күн де жеткен,

Айдын көлі жалтылдайды көзің шалса,
Аққу құсы көлден ұшса, сәнмен қонса,
Мөлдір су шеңберленер, көл бетінде,
Қанатын сипап өтіп, жолын салса.

Таң қаламын қарап әрбір кездерін,
Табиғаттың мол сырын әлі кезбедім.
Себелеп ақ жаңбыр жауған соң
Кемпірқосақтың қайдан шығарын,сезбедім.

Бұл әдемі көріністі мен кейде,
Жүрмін әлі ойға ұқпай сол күйде.
Сезіміңді құбылтады қалай бұл?
Жақын сәтте, тіпті мейлі еш күйде

Бөлейтіні бар еді ғой сезімге,
Кейде сені үйретеді төзімге.
Түрлі әлем,сыр шертеді табиғат
Артынан ертіп,сен білмейтін тереңге.

Таза ауа,жұпар иісі аңқыған,
Бұлбұл үні,әуелетіп қалқыған.
Сайраған ән самал желмен әкетіп,
Тербеліп бір,табиғат жаны толқыған.

Тізбектеле жерге гүлдер басылып,
Гүлдер жайнап,күлтелерін асынып.
Хош иісі мұрынды жарып барады,
Таң сәріде бүршік жара ашылып.

Жасыл желек ну орманды қараса,
Қатарласа сән түзейді жараса.
Көп бөледі оттегіні өзінен
Өскен биік бір-бірімен таласа.

Найзағайы жарқ-жұрқ етіп кей кезде,
Қорқыныш сезім ұялар құла түзде.
Мені алып кете ме деп өзімен
Туындайды сұрақ,үрейленіп сен лезде.

Жаныңа қуат бергендей бір боласың,
Таң ғажайып өзіңе әсер аласың.
Сырлы әлемге кіріп бара жатқандай
Бір құлазып,бір қуанып қаласың!

Авторы: Қадіржан Алдахов


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!