Ғашықпын мен өзен менен бұлаққа


Мен ғашықпын барша дүние әлемiне,
Мен ғашықпын асқар таулы бөктерiне
Бұл әлемде жетi ғашык мәңгiлiк ,
Қуанамын еш сүрiнбей өткенiне.

Мен қалайша қуанбайын ей ғалам
Осыны ойлап ерекше бiр ойға қалам
Қозы менен Баянды мысалға ала ,
Айтса нанбас сезiмдерге бой алдырам

Ғашыктык тек мұныменен шектелмес,
Қос гашыкты айта берсем жон емес.
Дүние есiгiн ашқан кезде исi аңқыған,
Туған жерге еш нарсе де тең емес.

Ғашыктығым шексіз менiң өлкеме
Асқaр тауым тұғыры оның көктеме.
Ғашыкпын мен ғашыкпын мен шынайы ,
Қазағымның көгалы мен гүлiне

Көкке қарайм қаз тырналар қанат кағад
Жерге қарайм байшешектер бүр жарад
Дал осындай көз татарлық сұлулық ,
"Маған қара мен көктеммiн" дей тұрад.

Туған жерім тұғыры биік кең өлкем
Тоймаймын ауа жұтсам, гүл иіскесем,
Жүрегімде тұнып тұрған бұл сезім.
Махаббат қой туған жерім саған деген.

Тау мен тасқа ғашықпын ауаға да,
Мөлдір суы болатын жанға дауа
Табиғаттың осы бір кереметі,
Ғашықпын мен орман, көлі даласына.

Табиғат оянғанда ұйқысынан
Жел еседі самалмен шың басынан,
Даусы қандай керемет ғажайыптың
Бұлбұл құспен өзеннің сылдыр қаққан.

Сүйем, сүйем жұпар иісті гүліңді,
Тау-тасыңнан тасып аққан көліңді
Ғашықпын мен өзен менен бұлаққа.
Арманым-ай мына менің жырақта.

Тау бөктері қар жамылып әсем-ақ,
Қолға алсаң еріп етер жұп-жұмсақ
Жүрек шіркін аңсайды ғой нәзікті.
Бұл дегенің туған жерге махаббат.

 

Назым Талғатқызы


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу


Келесі мақала жүктелуде...