Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Мөлдір – өлең) » ZHARAR © 2017 | ерлан ахмет Мөлдір – өлең өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Мөлдір – өлең




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Мөлдір – өлең)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Мөлдір – өлең) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Мөлдір – өлең) на казахском языке

Таңғы шықтың мөлдіріне ғашықпын,
мөлдір реңді сол бір күнге асықтым.
Мөлдір болса жүрегім де, жаным да,
қабылдар ма кең құлашын ашып түн?!

Мөлдірейді қарашықта бұл әлем,
мөлдіремес бұлақты да сынар ем.
Мөлдір болса өзегім де, сөзім де,
мөлдір сезім заңғарына шығар ем.

Мөлдір-мөлдір махаббатты жинаған,
мөлдіретіп жанарыңды қи маған.
Жан дүниемді, бар дүниемді берейін,
жалпағына жалғанның бұл сыймаған.

Мөлдірімен сүйсіндірер тұнықты
мөлдір оймен ойыстырып кім ұқты?!
Мөлдір тірлік шаршатады екен ғой,
аңсаттырып аданасты қылықты.

Болсын мейлі өмір мынау шырғалаң,
мөлдір сырды мөлдір етіп тұрмаған.
Мөлдір өлең, мөлдір әлем болғайсың,
мөлдірсіздік патшалығын құрмаған.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 135
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .