Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Әсемпаз болма әрнеге) » ZHARAR © 2017 | стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке




  • »

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Әсемпаз болма әрнеге)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Әсемпаз болма әрнеге) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Әсемпаз болма әрнеге) на казахском языке

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың - жалын, артың - мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
Көлеңке басын үзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сүрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мүңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір - қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, соны санайды,
Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жүртқа қайтқан ой
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.
Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді уерд қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 172 161
Рейтинг:
(голосов: 146)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .