Қазақша өлең: Шөже Қаржаубайұлы (Бәйтікті мақтағаны) » ZHARAR © 2016 | шөже қаржаубайұлы Бәйтікті мақтағаны өлең стихи на казахском шоже каржаубайулы казакша олен, шөже қаржаубайұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шоже каржаубайулы, шоже каржаубайулы олендери, Бәйтікті мақтағаны




  • »

Қазақша өлең: Шөже Қаржаубайұлы (Бәйтікті мақтағаны)

Қазақша өлең: Шөже Қаржаубайұлы (Бәйтікті мақтағаны) казакша Қазақша өлең: Шөже Қаржаубайұлы (Бәйтікті мақтағаны) на казахском языке

Ассалаумағалейкүм, қара Бәйтік,
Арқадан Шөже келді өлең айтып.
Атаңыз ай таңбалы Салты дейді,
Атаңнан қалған екен үлкен тәртіп.
Жауынгер бабаң Салты батыр еді,
Ел шетінде жау бағып жатыр еді.
Ақсұңқар сол сықылды перзент едің,
Орының құтты болсын, батыр, енді...
Бергі атаң онан бергі Тілеуберді,
Артынан Тілеуберді төрт ұл ерді.
Жеті атаңнан билігің арылмаған,
Саулаған тұла бойың ақыл еді.
О дүние, бұ дүниені бірдей алдың,
Патшаға Петерборда іздеп бардың.
Абырой мен беделің бірдей асып,
Алтын медаль, шарайна, белдік алдың.
Патша жақсы көріпті барған сені,
Бәйтікті мақтайды ғой мұндағы елі.
Бетіне ақ патшаның тура қарап,
Бәйтіктің батырлығын қарашы енді?!
Оқалы тон беріпті, Бәйтік, сізге,
Ел жақсысы жиылып айтты бізге.
Тоныңыз құтты және мүбәрәк боп,
Ісіңіз жаңа келді дүзу жерге.
Ақ патша қылыш берді алтын сапты,
Үш жерінен бунақты күміс қапты.
Құдай берген кісіге береді екен,
Ер Бәйтік ақылменен іздеп тапты.
Бір бөрік тағы берді алтын тысты,
Құдайдың құдіреті қандай күшті!
Ақылға кенен болған бір кісісің,
Бітірдің ақылменен әрбір істі...
Жұрт таппаған ақылды Бәйтік табар,
Төрт бұрышынан дүниенің алды хабар.
Қаріп-қасер қысылып, қысаң тартса,
Батыр Бөйтік қайда деп, сізге шабар.
Ақылы жоқ кісіге ақыл болды,
Дүниенің бәріне мақұл болды.
Құдай берген иманды бір кісісің,
Медіресе мен мешітке жақын болды.
Патшадан сый әкелдің артып-тартып,
Жұртыңа айтып келдің көрген тәртіп.
Ақ қалпақты қырғыздың ортасында
Алтын сүйек жігітсің көңілің артық.
Оң мен солдан тумайды сендей адам,
Түзеледі алдыңа барған адам.
Қырғыз, қазақ жиылып бас қосқанда,
Сөз айтуға жарадың шекарадан.
Дабысың Алатаудай, Бәйтік батыр,
Ай таңбалы көп салты былай жатыр.
Қанайдың көп ұлының ортасында
Бірің - бек, бірің - сұлтан келе жатыр.
Бәйбішеден Бәйсейіт, Бошай болған,
Толықсып мал мен басқа бірдей толған.
Қара Бәйтік, жеткен соң он жетіге,
Қаріп бенен қасерге болдың қорған.
Дабысыңды сыртыңнан естуші едік,
Оқымай көкірегің нұрға толған...
Кім көнбеген Қанайдың жарлығына,
Жарлығының ішінде тарлығына.
Бәйбішенің баласы Бәйсейіт, Бошай,
Он біріңде-ақ көнбедің зорлығына...
Қырық бір қозы сойыпсың өзенге айдап,
Қаріп бенен қасердің аузын майлап.
Құртар деп қара Бәйтік бұ қозыны,
Біреуге бақтырыпты енді жайлап...
Он жетіге келгенде,
Салған екен хан, Бәйтік,
Бақ деп сені жылқыға.
Жылқыға түсіп алған соң,
Бәйсейіт, Бошай ағаңның
Бір көнбедің ырқына.
Жиырма бірге келгенде,
Таласыпсың жұртыңа...
Таласқан жұртты ап кеттің...
Егескен жауды жеп кеттің...
Асылдының басында,
Көп нөкердің қасында,
Дұшпанға қату ер едің
Тауға біткен ырғайдай.
Досыңа жақсы бек едің
Алтын, күміс, мырғайдай.
Сендей кісі туа алмас
Бү қырғыздың ұлтынан.
Он жетіге келгенде,
Ақырып топқа жұлқынған.
Атты міндің жүйріктен,
Тегіс шықты сүйріктен.
Көрмеген бағың қалмады,
Жайдың атқан тасындай -
Ерегіскен дұшпанның
Еңсесін үздің жасындай.
Келбеті келген сұңқарсың
Болатты кескен асылдай.
Арқадан келген Шөженің
Айтар сөзі осындай...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 59
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .