Леонардо Ди Каприо жойылып бара жатқан жануарлардың популяциясын көбейткені үшін Қазақстан үкіметін құттықтады.

Леонардо Ди Каприо жойылып бара жатқан жануарлардың популяциясын көбейткені үшін Қазақстан үкіметін құттықтады.


 


Актердің айтуынша, ақбөкендер жойылып кетуі мүмкін жануарлардың тізіміне енген, қазірде бұл түр бойынша үлкен жетістік бар.


«Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын білдіреді. 2005 жылы 48 мың ғана болған ақбөкендер қазіргі уақытта 1,9 млн-ға дейін өсті. Браконьерлікке қарсы бастамаларға, күшті құқық қорғау органдарына және жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Ел билігінің табиғатты қорғау ұйымдары, қоршаған ортаны қорғау саласында еңбек ететін ғалымдар мен университеттермен бірлескен жұмыс шынайы табыстың үлгісі бола алады», - деп жазды инстаграм парақшасында.


Ди Каприо тек актер ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта мен жануарларды қорғаушы екенін ескере кеткен жөн.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу