Той

 Той

Той - тоқшылық нышаны.
Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.
Тойға барсаң, тойып бар,
Жамандығыңды қойып бар.
Жақсының туғаны - бір той, өлгені - бір той.
Тойдың болғанынан боладысы қызық.
Той десе, қу бас домалайды.
Айт — аттынікі, той — тондынікі.
Той тамағы тәтті.
Той өткен соң даңғара.

Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.

Той сылтауымен тон бітер.

Тойда тоныңды сұрама.

Тегі жаман тойда:
«Тонымды бер!» - дер.
Тойда тоқал тыйылады.
Той тарқағанда қынаңды төбеңе қой.
Таз таранғанша той тарқайды.
Бір тойда екі жар жоқ.

Асқа барсаң, аш бар,
Тойға барсаң, тоқ бар,
Той қызығы - көкпар.

Көңілдінің үйінде,
Күнде мейрам, күнде той.
Берекелі жерден мереке кетпейді.
Берекесіздің ауылы мерекесіз.

Батыр жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.

Қыз - халықтың гүлі,
Өлең - сауықтың гүлі.
Айтылмаса ән емес.
Ас барында дос жоқ,
Ат барында той жоқ.
Жетім қыздың тойындай.
Мұнан да жаман күнімде тойға барғанмын.

Жаман жігіт той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.
Шақырусыз тойға барғанша,
Таяқ ал да, қойға бар.
Сыбыр-сыбыр ойды бұзады,
Құрттаған қой қойды бұзады.
Көңілі бөлек өкпешіл адам,
Дауласам деп тойды бұзады.
Тойға барған да арманда,
Бармаған да арманда.
Той - Тәңірдің қазынасы.
Көппен көрген - ұлы той.

Келіннің тойына,
Кемпірдің өлімі қатар келді.

Той тондыға жарасады,
Ас аттыға жарасады.
Өңгесі жоқ көңгесі,
Өлең айтар жеңгесі.
Тойда төрелік, ойында өрелік жоқ.
Тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ.
Көшпелі ел тағанақсыз болмас,
Той мен ас айтыссыз, жыраусыз болмас.

Теңің болмаса, тойға барма.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.

Той өкпесіз болмас.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі