Экономика | Қазақстан Республикасының банк жүйесі

 Экономика | Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………….………….3

1. Банктің пайда болуы және оның түрлері………………….…...5

2. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы
және дамуы……………………………………………………………….…6

2.1. 1930-1932 жж. несие реформасы……………………..…..8

2.2. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы……………..….10

2.3. Екі деңгейлі банк жүйесін құру………………………..….11

3. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының
Орталық банкі……………………………………………………..….14

3.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:
міндеттері, қызметтері және операциялары………………..…19

3.2. Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі…………………...22

3.3. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару
органдары………………………………………………………………23

4. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер…...25

4.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктерді ашу және тарату тәртібі…………………….….28

4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу
құрылымы……………………………………………………....31

Қорытынды………………………………………………………………....

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..……


1. Банктің пайда болуы және оның түрлері.

Банктер немесе сондай-ақ институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 жылы жүзеге асырылған.
Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
6. Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда –Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттердің басқа банктердің барлығын да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

2. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы
және дамуы.

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастады, өз дамуы жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер XVІІІ ғ. екінші жартысында мемлекеттік банк түрінде пайда болып, XІX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
• Мемлекеттік банк (1860 ж. құрылған);
• Қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
• Көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серіптестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.
1917 ж. қазан төңкерісінен кейінбанк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке, мемлекеттік-капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банктері құрылды.
1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк (Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің “Несие жүйесін құру принцптері туралы” қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылады. 1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электро банкі бірыңғай өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа мерзімдік несиені басқа шаруашылық салалардың бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беру тиіс болды. Жалпы 1927-1929 жж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.
2.1. 1930-1932 жж. несие реформасы.

1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1929 ж. қабылданған халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елді индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай жоспар бойынша орталықтан қаржыландыруы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын қаржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық салаларына бөліп беру керек. Бұ міндеттерді оған дейін айналым қаражатын өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әртүрлі несие мекемелері орындай алмады. Онымен қоса ірілі-уақты өнеркәсіп орындары біріне-бірі коммерциялық несие бергенде есеп айырысуды векселмен жүргізіп, банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі (яғни коммерциялық несие) тікелей меемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудырды.
Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 ж. мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99.1%-ке, көтерме саудада 97.2%-ке, ал бөлшек саудада 86.5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55%-ін өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару жүзеге аса бастады. 1928 ж. халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, Шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі шаруашылық есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді.
Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 ж. қаңтарында несие рефоромасы жүргізіле бастады. Несие реформасының мақсаты – несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін еңгізу.
1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасының қорытындысында жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктерді ңролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.
Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып, қысқа мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін төрт Одақтың мамнданған банктер Өнеркәсіп Банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Орталық комуналдық банкі, Сауда банк – кірді. Сонымен бірге орталық банк жүйесіне шетел банктерімен кең кореспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қажысын тарту, төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің зайымдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары қарады.
1959 ж. ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл шаруашылық банк імен орталық коммуналдық банк таратылып, олардың қызметтері Мембанкке берілді. Өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк - Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларын (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландыру мен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды. Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін КСРО банк жүйесінің құрамы келесідей болды: Мемлекеттік банк, Мемлекеттік Құрылыс банкі, Сыртқы сауда банкі және Мембанк құрамына кіретін жинақ кассалар жүйесі.

2.2 1988 ж. түбегейлі банк реформасы.

Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша-неси қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы 1988 ж. 1 қаңтарынан бастап банк жүйесінің қайта құру туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО-да және Шығыс Еуропа социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар: елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы– Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және сыртқы сауда-саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.
Сөйтіп 1988 ж. қаңтарынан бастап КСРО-да банк жүйесін түбегейлі өзгертетін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде Мемлекеттік банкпен қатар 5 салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:
• КСРО Мемлекеттік банкі; оның міндеті – “банктердің банкісі” ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер мен ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның клиенті – маманданған мемлекеттік банктер;
• КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі; оның міндеті – өндіріс, құрылыс, транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу, күрделі шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын жүргізу;
• КСРО Аграрлы - Өнеркәсіп банкі; Оның міндеті – аграрлы-өнеркәсіптік кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
• КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі – ол тұрғын үй шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін құрылды;
• КСРО Жинақ банкі – ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы құрылған, оның негізгі міндеті – халыққа қызметкөрсету;
• КСРО Сыртқы экономикалық банкі – ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті – экспорт-импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ - валюталық жоспарын орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
Банк реформасының бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктің ең негізгі себебі – оның жоғарыдан берген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай дайындықтың болмауы, қажетті алғы шаралардың жүргізілмегендігі. Экономиканы басқаруды негізінен қайта құру тек 1987 ж. басталған болатын. Елде банк реформасының басталу кезінде жалпы экономикалық реформадағы банктің ролін түсіну қалыптаспаған еді. Экономикалық даму мәселелері мемлекетпен экономика субъектілерінің қаржылық жағдайын нашарлатты. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, несиені бюджет қажетіне қолану, тауар айналымы мен халыққа көрсетілетін қызметкердің даму қарқыны мен салыстырғанда ақша массасының даму қарқынының асып түсуі экономикадағы инфляциялық тенденцияны күшейтті.
Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтың екі заң - “Мемлекеттік банк туралы” Заң және “банктер және банк қызметі туралы” Заң бекітілді. Заңдарда банк ашу жағдайы, оларды бақылау әдістер белгіленді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру негізінде коммерциялық банктерге айнала бастады.

2.3. Екі деңгейлі банк жүйесін құру

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанда ҚазКСР-ның Жоғарғы кеңесі қабылдаған “Банктер және банк қызметі турал” Заңына бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банк және төменгі (екінші) деңгейдегі банк – коммерциялық банктер жүйесі.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады. Мемлекеттік банк республикасының меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.
Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан Заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық - .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді