Экономика | Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістерді құру

 Экономика | Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістерді құру

Мазмұны
Кіріспе.....................................................
1. Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеті
1.1 Өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері.......................................................
1.2 Өндірісті конструкторлық және технологиялық дайындау мен ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастыру..................
2. Қазақстанда өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың қазіргі жағдайы.
2.1 Қазақстанда өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың тиімділігінарттырудың негізгі бағыттары...............
2.2 Қазақстанда өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мүмкіндіктері................................................
3. Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістерді құру саласының даму артықшылықтары
3.1 Ғылымда көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құру саласындағы әлеуметтік басымдықтар....
3.2 Жоғары технологиялы өндірістерді құру саласының ерекшеліктері....................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту жағдайында, оның бастапқы сатысынан бастап өткізілетін ғылыми-техникалық шараларының маңызы зор. Кәсіпорынның ұжымы, олардың басшылары ең алдымен еңбектегі материалдық қызығушылыққа баса назар аударады. Қазіргі өндіріс ғылыми-техникалық революцияның өркендеу жағдайларын қолдану, соның ішінде өндірісті автоматтандыру арқылы дамып келеді. Өндіріс – бұл қоғамның дамуына және тіршілік етуі үшін қажетті материалдық игіліктердің жасалуы.Өндірістің мазмұнына сәйкес еңбек ету жағдайын келесі түрде анықтайды:
- орынды жұмыс немесе еңбектің өзі;
- еңбек заты, яғни адам еңбегі;
- еңбек (құрал-сайман) құралдары (машиналар, қондырғылар, құрал-саймандарды адам еңбек затының көмегімен жасап шығарады.)
Материалдық өндірістің нәтижесі соңғы өнімнің берілген тұтынушылық қасиетке ие болуы болып табылады.
Өндіріс – тұтынушылардың сұранысына, мұқтаждығына, талаптарына сай қасиеті бар түпкі өнімді шығаратын кәсіпорынның, фирманың басты орталық тізбегі. Өндірістік процесс – шикізаттан, материалдардан, жартылай дайын өнімдерден, қосалқы бұйымдардан қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыратын өнімді шығаратын жеке процестердің жиынтығы.
Өндірістің сипаты мен құрылымы шғарылатын өнімнің ерекшелігі - өндіріс түріне, қолданылатын еңбек құралдарына, еңбек заттарына және технологиялық процестерге байланысты. Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс келесі принциптер негізінде құрылады: мамандану, пропорционалдылық (шамалылық), параллельділік, үздіксіздік, туралылық және ырғақтылық.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық және әлеуметтік тиімділікті жоғарылатудың мәні өте зор. Қоғамдық еңбектің өнімділігі қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде болып табылады.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері – еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы ретінде қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың, фирмалардың шаруашылық ісін бағалаудың негізгі белгісі – кәсіпорындардың қорларға қатысты пайдасы мен рентабельділігі.
Өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторлары мен бағыттарына ғылыми-техникалық прогресс, үнемдеу тәртібі, негізгі қорларды пайдалану деңгейін жоғарылату, экономика құрылымын жетілдіру, тиімді инвестициялық саясат, т.б. жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндетін анықтау мәселелері.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндетін жүзеге асыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстанда өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың қазіргі жағдайын сипаттау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері;
- Өндірісті конструкторлық және технологиялық дайындау мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- Қазақстанда өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары;
- Қазақстанда өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мүмкіндіктері;і;
- Ғылымда көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құру саласындағы әлеуметтік басымдықтар;
- Жоғары технологиялы өндірістерді құру саласының ерекшеліктері.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, өндіріс процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
«Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеті» деп аталатын бөлімде нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері, өндірісті конструкторлық және технологиялық дайындау жұмыстары қарастырылады.
«Қазақстанда өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың қазіргі жағдайы» деп аталатын бөлімде елімізде өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары, өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мүмкіндіктері қарастырылады.
«Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістерді құру саласының даму артықшылықтары» деп аталатын бөлімде ғылымда көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құру саласындағы әлеуметтік басымдықтар, жоғары технологиялы өндірістерді құру саласының ерекшеліктері қарастырылады.
1. Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеті
1.1 Өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері
Өндіріс – кәсіпорынның орталық звеносы, онда белгілі бір тұтынушылық қасиеті бар ақырғы өнім өндіріледі. Өндірістік кәсіпорын – бұл қоғамдық қажетті қанағаттандыру мақсатында өнім өндіру, қызмет көрсету және пайда табу үшін заңды түрде құрылған дербес шаруашылық субъектісі, басқа кәсіпорындармен заңдылық ретіндегі қатынастағы қызмет орындайтын объект.
Өндірістік процесс – бұл белгіленген мақсатта өнім алуға бағыталған жеке өндірістік процестің жиынтығы.
Өндіріс ғылыми шешімдерді, жаңалықтарды, өнер табыстарын материалдық және рухани игілікке айналдыру үшін ұдайы өндіріспен шұғылданады. Өндірістің басты міндеті – адамдардың қажетін толық қанағаттандыру мақсатында өнімдер, тауарлар өндіру, қызмет көрсету және жалпы қоғам үшін жоғары сапалы өндіріс құралдарын, тұтыну өнімдерін және басқа да экономикалық игіліктерді жетістіру. Жетілген дамыған елдерде өнім өндірудің қарқыны жоғары болып халықтың материалдық жағдайын көтеруі керек.
Өндіріс өнім өндіру проблемасын шешумен қатар рухани игіліктер мен әлеуметтік ортаның даму проблемасын шешеді.
Әлеуметтік ортаға тұрғындардың материалдық, рухани игіліктерін қажеттілігімен байланысты адамдардың, жанұялардың, ұжымдардың және жапы қоғамның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған барлық экономикалық істер жатады. Бұлар: мәдениет, оқу-ағарту, медицина, өнер, ғылыми т.б.мекемелер. Олар үшін өндіріс сферасы материалдық техникалық базасын жасақтайды. Адамзат тарихында әрбір даму кезеңдеріне байланысты қажеттілікарта береді, яғниол өндірісті талапқа сай өркендетуді талап етеді:
- Кадрларды іріктеу – бұл басты мәселе. Жұмыс күшінің жұмыс сапасынан фирманың тағдыры шешіледі. Кәсіпорынның күнделікті жұмысы кадрлардың қанша, қандай дәрежеде керек екенін білу, оны жұмысқа алу, оқыту, бақылау, қызметкерлердің қызмет қабілетін бағалау, оларды басқару, кадр саясатын жоспарлау және табысты жұмысқа ынталандыру. Кадрлармен жұмыс жасағандығы басты мәселе олардың қолайлы құрамын құру, серіктетерін дұрыс іріктеу.
Кадрлар – бұл өндірістік өнеркәсіп персоналдары:
а) негізгі жұмысшылар;
б) қосалқы жұмысшылар;
в) басқару қызметін атқаратын мамандар: директор, цех бастығы, мастер, технологтар, экономистер т.б.
- Негізгі өндірістік қорлар- өндірістің бірнеше цикліне қатынасады, өзінің заттық қасиетін сақтайды, өндірген өнімге өзінің құнын біртіндеп аударады. Негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігі болады, өндірісте шешуші рөл атқаратын күш және жұмыс машиналары, жабдықтар, аспаптар, есептеу машиналары т.б. Олар еңбек затын өңдеуге тікелей қатынасады. Пассивті бөліміне: ғимараттар, құрылыстар, транспорт т.б. Олар өндіріске жанама рөлде қатынасады.
- Айналым қоры – бұл шикізаттар, материалдар, отындар, энергияның барлық түрлері. Айналым қорлары өндірістік процеске тек қана бір рет қатынасадыөзінің бұрынғы заттық түрін өзгертеді және өндірілген өнімге зінің құнын түгел аударады. Өндірістік өнімнің өзіндік құнының ара салмағының 70-90%-ті материалдық шығындар. Айналым қорына жалақы кіреді.
- Ғылыми-информациялық потенциал. Информациялық ресурсқа: ғылыми-техникалық, экономикалық информациялар, биржалық информация, патенттік мәліметтер, салалық ғылыми-техникалық журналдар, анықтамалар, монографиялар жатады.
- Техника, технология және ұйымдастыру жұмыстары. Техника – бұл машина, механизм, автоматық жүйелер. Жеке механикаландыру – бұл өндірістегі қол еңбегін машиналық еңбекке ауыстыру. Автоматтандыру – бұл жұмыстарды автоматтың күшімен істеуге көшу.
Технология – бұл ірі машина өндіріс әсері дамуымен байланысты шикізатты өңдеу әдістері мен тәсілдері туралы ғылым.
Техологиялық процесс дегеніміз – техникалық талапқа сай белгіленген мақсаттағы полуфабрикаттар, материалдарды жасауға арналған формалар жасау, олардың мөлшерін қасиетін сақтау.
Өнімді ұйымдастыру – бұл өндірістік процесті жүргізу мақсатында еңбек құралы, еңбек затын адам еңбегімен біріктіріп және тиімді пайдалану әдістерінің жиынтығы.
Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс мынадай негізгі принциптерден құрылады: мамандандыру, пропорционалдық, паралельдік, үздіксіз және бірқалыптылық.
Мамандандыру – бұл жалпы сұранысты қанағаттандыратын өнім шығару жолында конструкторлық және технологиялық күшті біріктіру.
Пропорционалдылық – бұл өндірістік процесс стадиялары мен операцияларын бір мезгілде жүргізу.
Үздіксіз – бұл өндіріс операцияларының бірінен соң бірінің технологиялық процеске сай жүргізілуі.
Бірқалыптылық - өнімді шығарудағы уақыт аралығының теңдігі. Жоғарыдағы көрсетілген өндірістік процесс негізінде жүргізу рационалды ұйымдастыру деп атайды.
Өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштері.Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау үшін мынадай көрсеткіштер пайдаланылады: жалпы өнім мөлшері, жалпы табыс, тауарлы өнім, өзіндік құн, баға, пайда, рентабельділік, еңбек өнімділігі т.б.
Өндірісті ұйымдастыру түрлері.
Өндірісті ұйымдастыру түрі - өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері және техникалық деңгейіне жалпы сипаттама беруді түсіндіреді. Өндірісті ұйымдастыру түріне мынадай факторлар әсер етеді: мамандандыру деңгейі; өндіріс көлемі; нарықтық экономика жағдайындағы шығарылатын өнім номенклатурасының тұрақтылығы.
Өндірістің негізгі үш түрі бар: жеке өндіріс, сериялық өндіріс, жаппай өндіріс.
Жеке өндіріс түрі - әр түрлі және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді жекелеп өндіруді қарастырады.
Бұл өндіріс түрінің қажетті ерекшеліктері:
- әр кезде қайталанбайтын, көптеген номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;
- жұмыс орнын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;
- универсалды (әмбебап) қондырғыларды және технологиялық жабдықтарды қолдану;
- өндірістік процесте жұмыс істейтін жоғары білікті мамандардың көп болуы;
- өндірістік циклдің маңызды узақтылығы;
- аяқталмаған өндірістің едәуір ұлғаюы;
- оперативті-өндірістік жоспарлауды және өндірістік басқаруды децентрализациялау ( бір орталықтандыру);
- өндірістің салыстырмалы түрдегі қалдығы жүйесінің жоғары болуы;
- еңбек ететін адамдардың салыстырмалы түрде шығынының жоғары болуы;
- қолмен жиналатын және ұқсас операциялардың көлемінің көп болуы.
Жеке өндіріс – дара өндірістің бір түрі болып табылады, мысалы, космостық объектілерді дайындау.
Сериялық өндіріс – кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды қарастырады.
Сериялық өндіріске партиялармен енгізілген уақыт кезеңінде анықталған үздіксіз, конструктивтік бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.
Сериялық ұйымдастырудың өндіріс процесіндегі негізгі ерекшеліктері:
- қайталанатын өнімдердің дайындалған едәуір санының үлкен номенклатуралық тұрақтылығы жөнінде;
- жұмыс орнының бірнеше бекітілген операцияларды орындау үшін мамандануы;
- сериялық өнімді мезгіл-мезгілімен дайындау, бөлшектерді (деталь) партиясымен өңдеу;
- арнайы және мамандандырылған қондырғылар мен технологиялық жабдықтарды көп қолдану;
- орташа білікті жұмысшылардың көп болуы;
- өндірістік циклдің ұзақ еместігі;
- оперативті-өндірістік жоспарлау және өндірістік басқаруды шоғырландыру;
- дайындалған өнімнің сапасын бақылауды автоматтандыру;
- өнімдер сапасын басқаруда статистикалық әдістерді қолдану;
- конструкторлық бөлшектерді және бұйымдарды үйлестіру;
- технологиялық процестерді және жабдықтарды бір типке келтіру.
Сериялық өнім шығаруға мысал ретінде мотор құрылысы зауытын алуға болады.
Бір уақытта шығарылатын дайын өнімдердің сериясына қарай – ұсақ сериялы, орташа сериялы, ірі сериялы өндіріс деп бөлуге болады.
1.2 Өндірісті конструкторлық және технологиялық дайындау мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Өндірісті ұйымдастыру түрі - өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері және техникалық деңгейіне жалпы сипаттама беруді түсіндіреді. Өндірісті ұйымдастыру түріне мынадай факторлар әсер етеді: мамандандыру деңгейі; өндіріс көлемі; нарықтық экономика жағдайындағы шығарылатын өнім номенклатурасының тұрақтылығы. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық революция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Еңбек заттары мен өндірісті ұйымдастыру революциялық өзгерістерге ұшырады. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементерінің біріне айналып отыр.
Қоғамның басты өндіргіш күші – адамның өндіріс процесіндегі рөлі мен орны түбегейлі өзгереді. Техниканың дамуының әрқилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс әдіснің дамуының негізгі кезеңдерін төмендегіше бөлуге болады:
1. Қол еңбегіне негізделген. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде, адам еңбек процесінің материалдық негізіне, ал еңбек құралдары оның жұмыс органдарына қуат беріп отырады.
2. Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.
3. Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды. Адам «өндіріс қатарында» шығармашылық, жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.
Енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік, ол барынша жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық революцияның дамуымен сипатталады. Бұл мыналармен байланысты, біріншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістігі, принципиалды жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап етеді. Екіншіден, салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер ғылыми-техникалық жетістіктерінің қолдану дәрежесін , қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының экономиканы «қайта индустрияландыру» ол болса бүкіл қоғамдық өндірісті одан әрі интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін, әрі экологиялық тұрғыдан таза технология негізінде қайта құру, өндірілетін өнімдер мен өндірістің техникалық –экономикалық параметрінің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жолымен өндірістік емес саланы индустрияландыру.
Өнеркәсібі дамыған елдерде бүгінгі таңдағы салалық құрылым ғылыми-техникалық революцияның негізгі бағыттары мен ауқымын анықтайтын өндірістің ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға біртіндеп ауысуда. Өндірістің ғылыми сыйымды саласы дегенді қалай түсінуге болады? Мысалы, американдық статистика оған ғылыми сыйымды критерийлерге сай келетін салаларды жатқызады:
- Ғылыми-зерттеу және конструкторлық сынақ жұмыстары саласында атқарылған құн оны таза сатудан түскен сомадан 3,1 % артық болуы шарт;
- Жалдамалы қызметкерлер ішінде ғылыми-техникалық қызметкерлер үлесі 6,3 %-тен жоғары болуы керек ( өңдеуші өнеркәсіп бойынша орташа көрсеткіш);
- Қолданылатын технология орташа дәрежелі күрделіліктен жоғарй болуы керек (экспорттық бағалау әдісімен анықталады),
Өндірістік емес саланың ішінде ғылымға ерекше тоқталған жөн болар. Өйткені, қазіргі кезеңдегі ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің ауқымы соншалықты, қоғамдық өндірістің құрамында ғылыми-зерттеу және конструкторлық сынақ сияқты жаңа бір сланың орын алып отырғандығын айту керек. Мысалы, 1989 жылы АҚШ-тың ғылыми-зерттеу конструкторлық сынағының шығыны – 105 млрд. долл. болды. (1982 жылғы тұрақты бағамен), ал оның жалпы ұлттық өнімдегі үлесі – 2,56%. Бір байқалатыны, ғылымға жеке капитал тарапынан бөлінетін шығын өсіп отыр. Оның себебі, өйткені әлемдік нарықтағы өсіп отырған бәсеке күресінде қарсылық білдіріп жеңіп шығамын деген фирмалар ғылыми-техникалық прогреспен аяқтарын бірдей нық басуы керек.
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу конструкторлық сынағына бөлінетін қаражаттық басым көпшілігі өңдеуші өнеркәсіпте жұмысалады. Өз кезегінде ғылыми-зерттеу конструкторлық сынағының бөлінуін өңдеуші өнеркәсіп салалары бойынша қарайтын болсақ, оның басым көпшілігі (70%-ке дейін) ғылыми-техникалық прогресті анықтаушы салаларға кетеді екен.
Егер қажетті шарттар бар болса, ғылыми-техникалық дамуды жеделдету үрдісінің міндетті түрде жүзеге асырылғаны жөн. Алайда, мұндай дамуға түрлі жолдармен, мысалы, кәсіпорынды техникамен қайта жабдықтау және қайта құру кезінде озық үлгідегі жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізу арқылы қол жеткізуге болады.
Ғылыми-техникалық дамуды жылдамдату іс-шараларын бағалау әдістемесі жалпыға ортақ қабылданған капитал салымдарының экономикалық тиімділігін анықтау әдісіне сүйенсе де, өзіндік бірқатар ерекшеліктерге ие болып келеді.
Бұл әдістеменің ерекшелігі мынада:
Біріншіден, экономикалық тиімділік есептеулері екі сатыда жасалады.
Вариантарды таңдау мен ҒЗТКЖ-ын орындау жоспарын дайындаудың техникалық-экономикалық негіздемесі талқыланатын бірінші сатыда есептеулер тұтынушының экономикалық ұстанымы тұрғысынан өнімді қолдану шарты негізінде жасалады. Сондай-ақ, осы сатыда тиімділікті есептеу кезінде сапа мен тұтынушы сұранысын назарға ала отырып, келісілген бағаны анықтауға мүмкіндік беретін халық шаруашылығы әдісі тұтынушылар мүддесі тұрғысынан сипатталады.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі