Экономика | Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық-әлеуметтік байланыстар

 Экономика | Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық-әлеуметтік байланыстар

Мазмұны
КІРІСПЕ...........................................................................................................
I. ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ.................................
1.1 Қазақстан мен Ресей арасындағы достық,дипломатиялық қатынастардың дамуы........................................
1.2 Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық........
II. ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ САЛАДАҒЫ ШАРАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ.......
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ......

КІРІСПЕ
I тарау: Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси – экономикалық байланыстардың дамуы.
1.1 Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, дипламатиялық қатынастардың орнауы.
Тәуелсіздікті алған кезден бастап - ақ Қазақстанның жоғары басшылығы Ресеймен тату көршілік катынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым - қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стартегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылды.Қазақстанның пікірі бойынща, екі мемлекеттің әл - ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми -_ техникалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа басты назар аудара отырып,әлеуетінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым -қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекетаралық кооперацияға айналдыруға байланысты (1 - 73).
Бұл бағытта жұмыстар екі түрлі деңгейде жүргізілуде: екі жақты қарым - қатынастар дамуда, сонымен қатар ТМД шеңберінде көп жақты қатынастарда дамуда, яғни ,ТМД мемлекеттерінің экономикалық қатынастарының реттелуі тек көп жақты қарым-қатынастар шеңбері негізінде ғана емес, сонымен қатар екі жақты қатынастардың дамуымен жүзеге асуда. Нәтижесінде Ресеймен және басқа да мемлекеттермен беделді экономикалық-әлеуметтік қарым-қатынастың базасы құрылды (2-111). Қ Қазақстан мен Ресей қатынастарын анықтайтын негізгі факторлардың қайнар көзі мынада: әлі де болса сақталып қалған шаруашылық байланыстардың, тарихи-мәдени дәстүрлердің тұтастығы, 7 мың километрге жуық ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл.Мінекей осыдан барып екі елдің ажырамастай-берік достығының негізі тереңде екенін түсінуімізге болады. Сонымен бірге қазақ-орыс катынастарының халықаралық қатынаста алатын орны ерекше .Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне катысты бірнеше көзқарастар бар.Біздің көзқарасымызша төмендегіден кезеңдерге бөліп көрсету орынды сияқты:
1. Мемлекетаралық қатынастардың негіздерін құқықтық деңгейде қалыптастыру 1931 жылғы тамыз-1932 жылғы мамыр.
2. Саяси, экономикалық және әскери салаларда, екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілау (1992 жылғы тамыз - 1994 жылдың соңы);
3. ТМД шеңберінде интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 жылдан бастап осы уақытқа дейін). Осыған байланысты менің қарастыратын мәселем екі елдің экономикалық қатынастары мен мәдени байланыстары. Ең алдымен алғашқысына тоқталар болсақ.Жалпы тәуелсіздік алғалы бері екі елдің дипломатия тарихында бірнеше маңызды қүжаттарға , атап айтсақ: экономика, әскери, мәдени, кедендік, қаржы саласы, шекара, табиғи қорларды игеру және тағы басқалар. Осылардың ішінде ең маңыздыларының бірі бұл - экономика саласы. Бұл салаға жеке-жеке жіктеп тоқталатын болсақ Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзі еске түседі:" Тікелей Ресейдің өзіне келсек, ол Қазақстанның аса маңызды экономикалық әріптесі күйінде калып отыр. Біздің өзара қарым-қатынасымыз әрқашан басты мемлекеттік шаруалар қатарында. Мен Қазақстан мен Ресей қатынастарының болашғына зор оптимизммен караймын. Тіпті біздің ел Ресей базарынан айрылмауы тұрғысынан десеңіз де, біздің тауарларымызды, алу шикізатымызды тасымалдау Ресейге де пайдалы. Екі елдің кәсіпкерлері де өзара пайдалы негізде жекешелендіруге қатысуы керек.Экономикалық ісіміз тәуірлене түссе, бәріміздің де міндетті түрде өзара пайдалы және тең құқықты өзіміздің ортақ базарымызды қүрғымыз келетініне иманым кәміл" (3) - деп екі елдің болашағына өзінің сеніммен қарайтынын білдіреді.
Жалпы екі ел тәуелсіздік алғалы бірнеше рет кездесулер өткізіп, әр-түрлі салада біршама жетістікке қол жеткізіп, екі жақты маңызды құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде экономика саласында да бірталай келісім-шарттар болды.Әрине екі елдің бір - бірімен қоян - қолтық араласып кетуіне жол ашатын нәрсе, бұл—екі елдің ел басшыларының кездесуі болып табылады. Осыған орай 1992 жыл 25 мамырда достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім-шартта екі елдің экономикалық ынтымақтастығы негізделген (4-1). Онда нәтижелі жалпы экономикалық кеңістікті құру үшін барлық деңгейлердегі шаруа субьектілердің тең құқықтығы мен өзара тиімді экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге тараптар жәрдемдесетініне назар аударды. Тараптар экономикалық өзгерістер саласындағы әрекеттерін, оның ішінде құрылымдық, ақша - несие, валюта, салық және баға саясатын қоса алғанда, үйлестіреді.
1992 жылы 23 - шілдеде Алматыда, екі ел үкіметтері делегацияларының кездесуі кезінде, тек - металлургия кешені саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, төленбеген қарыздарды реттеу тәртібі және келісілген ақша - кредит саясатын жүргізу туралы, Оралда жасалған екі жақты келісімдерді іске асыру барысы туралы және сауда - экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру туралы хаттамаларға қол қойылды. Осы жылдың қазан айында Көкшетауда Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі болып, оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасалды. Онда былай делінген: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бұдан былай да экономикалық байланыстарды үйлестіру, еркін сауда принциптеріне негізделген ортақ кедендік - экономикалық кеңістік, ақша - кредит саясаты, бірыңғай төлем құрамы - сом, өзара сауда ісінде арам бәсекелестікті жою, келісілген протекциялық саясат екі мемлекеттің де шаруашылық жүргізуші субьектілерінің арасында төте байланыстарды жолға қою, диверсификацияланған технологиялық концерндер мен кешендер қүру негізінде жүргізілетін кең ауқымды экономикалық ынтымақтастыққа бірінші дэрежелі мән берді.
Екі мемлекетте, мәлімдемеге сай, кәсіпкерлік, тауарлар мен қызмет көрсету жұмысын сату, сатып алу және бір жерден екінші бір жерге апару еркіндігін қамтамасыз ету, әуе кеңістігі мен теміржолдың жылжымалы составын үйлестіріп пайдалану, кедендік және транзиттік баж салығын еңгізбеу арқылы өзара ынтымақтастық өрісінде неғұрлым қолайлы жағдай режимін жасайды (5 - 150). Тараптар әртүрлі халықаралык экономикалык жағдайын тұрақсыздандыратын бір жақты шараларды асырудан әрбір тарап бас тартады. Келісімшарттың 17 - ші бабында көрсетілгендей, экономикалық және сауда тараптар қатынастары өзара қолайлы немесе ең қолайлы ұлттық тәртіпке негізделіп құрылған.
Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлік пен шаруашылық іс - әрекеттері үшін тиімді экономикалық, қаржы және құқықтық шарттарды, екі елдің азаматтары, мекемелері, фирмалар мен басқа экономикалық ынтымақтастың - субьектілерінің әртүрлі кооперация түрлері мен тікелей байланыстарын түрлі формада жан – жақты зерделеп, қамтамасыз етуді міндеттейді. 1992 жылы Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі министрліктері мен ведомостовалары деңгейінде келесімшарттар мен келісімдер қабылданды (6 - 55).
1993 - ші жыл Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын,_ екі жақты қабылданған қүжаттарымен сүбелі де маңызды жыл болды.
1993 - ші жылы 9 - қаңтарда Омбыда Қазақстан мен Ресейдің шектес облыстары әкімшіліктері басшыларының қатысуымен сол облыстардың экономикалық, ғылыми - техникалық және мәдени ынтымақтастығы мәселелері бойынша екі елдің елдің үкімет делегацияларының кездесуі болып өтті. Біздін көзқарасымызша, екі елдің өзара тығыз іс - кимылын, ынтымақтастығын, шектес аймақтардың нақты проблемаларын шешу деңгейіне шығуын көрсететін бұл кездесуге айрықша көңіл аудару керек. Осыдан былай шектес аймақтық мәселелері белсендірек қаралып, өз шешімін таба бастады. Осы кездесуде қабылданған құжаттардың нәтижесі – екі ел премьер-министрлері хаттама мен Коммюникеге қол қойды. Бұл кездесу екі жақтың облыстық және аймақтық дәрежеде тығыз байланыста болуға ұмтылғанын дәлелдеді.
Екі елдің шектес аумақтырының экономикалық, ғылыми техникалық және басқа өзара қарым - қатынастарының негізінде теңдік пен өзара тиімділік принциптері алынды. Соның ішінде бір - біріне экономикалық нұ қсан келтіретін іс - әрекеттерден тартыну қажеттігі және кәсіпорындар мен ұйымдар арасында бұрын қалыптасқан экономикалық байланыстарды сақтап, жаңаларын орнату үшін жағдай жасауға барынша көмектесу қажет деп танылды. Екі жақ бірлескен кәсіпорындар кұру, кәсіпкерлікті дамыту және сауда - экономикалық ынтымақтастықтың жаңа пошымдары үшін қолайлы жағдайлар туғызылуын қамтамасыз етуге, өз құзырының ауқымында бағалар мен тарифтерді белгілеу саласында бірлескен саясат жүргізуге, оларды реттеу жөнінде өзара мүдделерге қатысы бар бірлескен шаралар қолдануға міндеттенді (5-153-155). Міне көріп отырғанымыздай бұл жылы екі ел үшін өте табысты жыл болды. Экономика саласынан басқа бірнеше салалар: білім беру, мәдениет, әскери саяси және әскери техникалық, қаржы - кредит, ақша , сауда қатынастары өз шешімін тауып, жемісін берді. Әрине бұл салаларға жеке - жеке алда тоқталып жатармыз, әзірше біздің басты назарда қарастырып отырған мәселеміз - экономика саласы. Сондықтан тәуелсіздік алғалы бері осы салада болған келісім - шарттар мен істеліп жатқан міндеттерге жеке дара тоқталып өткенімді жөн көрдім.
1994 жылы наурыздың 28-29-да Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына жасаған бірінші ресми сапары арқылы Қазақстан - Ресей қатынастарының ең жаңа кезеңі - экономикалық және басқа салаларда Қазақстан мен Ресейдің кірігуінің кеңеюі мен тереңдей түсуі кезеңі басталды. Бұл сапардың барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп қарастыруға болады. Келісім - шартта былай делінген; «.... екі елдің экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуді, жалпы экономикалық кеңістікті және жалпы рыногын кұру, экономикалық реформаларды өткізу, шаруашылық заңдарды жақындастыру, Ресей мен Қазақстанның жекелеген аймағындағы мекемелер, ұйымдармен өзара тиімді экономикалық байланыстарды сақтау мен дамытуды бірігіп іске асырады» (7 - 499). Тараптар баға, салық, кеден және валюта саясаттарын жақындастыруды, нарықтық қатынастар негізінде біртіндеп екі мемлекет арасындағы тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күштерін еркін алмасуға көшуді міндеттейді. Олар жеке және заңды тұлғалардың меншіктерін пайдалануын, оған билік етудің өзара ортақ заңдылығын мойындайды (4 - 260).
Ресей мен Қазақстанда екі мемлекеттерде ұлттық валюта енгізілуімен өзара төлеу - есеп байланыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, конвертация және өзара алмасу курсының тұрақтылығын қолдау, ұлттық валютаны кедергісіз айырбастауға ұйымдастыру, Ресей мен Қазақстанның орталық және коммерциялық банктері арасында өзара есептер қүрамасын құруға шаралар қолданды.
Келісім - шартта өзара мамандандыру және өндірісті бірлестіру саласында біріккен саясатты өткізу туралы, өнеркәсіп салаларында артықшылықтарды анықтау, біріккен жобалар мен инвентацияларды құрау және жүзеге асыруға көмектесу, өндірістің көпжақтылығын үйлестіруді өткізу, соның ішінде қорғаныс саласындағы конверсияны қосқандағы тараптардың міндеттері бекітілген және Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды. Осы келісімдер тату көршілік рухандағы ынтымақтастықты дамытуда төтенше маңыз алды. Осыған байланысты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Еуразиялық кеңістік: кірігу әлеуеті және оны іске асыру» атты конференциясында сөйлеген сөзінде былай дейді: «Экономикалык ынтымақтастықты сақтап, дамыту ісінде толып жатқан кедергілерді алып тастау, бір-бірімізге ұшы-қиыры жоқ экономикалық және саяси кінәраттар қоюдан, өнеркәсіптік_және ауылшаруашылық кәсіпорындарының жұмысындағы былықтан арылу үшін тіпті ТМД шеңберінде де бәрі бірдей істеле қойған жоқ. Фактілер тілімен айтсақ бұл мынадай пішінде: Достастықпен өмір суріп келе жатқалы бері 400-дей құжат қабылданды, алайда ешқандай нәтижеге әзірше қол жеткен жоқ, өйткені бірқатар мемлекеттер кейбір ережелерді ішінара мойындамай, уағдаластықтың мазмұнын өз мүддесіне қарай бұрмалап тәпсірлейді» [ -3-95-96] -деп өзінің осы уақытқа дейін қол жеткізіп жатқан келісімдеріне күмәнмен қарап, оның әлі де нақты орындамай жатқанына қынжылыс білдіреді.
1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым қатынасы жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл ішінде Қазақстан мен Ресей Президенттерінің екі кездесуі өтті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында проблемалардың кең ауқымы қаралды және саяси сондай-ақ экономикалық сипаттағы маңызды қүжаттарға қол қойылды. 1995 жылғы 20 қаңтарда екі ел Президенттері аса маңызды үш құжатқа қол қойды, олар: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларация; Ресей Федерациясы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келген Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алуының жеңілдетілген тәртібі туралы келісім. Мұндай келісімдер тараптардың шынайы ынтымақтастыққа және тату көршілікке өзара ұмытылысының нәтижесінде мүмкін болды.
«Қазақстан үшін,-деп атап көрсетті Президент Н.Ә.Назарбаев,- Ресей
Федерациясымен қатынастарды дамытудың аса маңызды мәні бар. Бұл оның әлемдік қоғамдастықтағы саяси және экономикалық салмағына, біздің ортақ шекараларымыздың аса ұзындығына байланысты. Ресей–республикамыздың ең ірі сауда әріптесі. Әртүрлі халықаралық мәселелер бойынша позициямыз көбіне дөп келеді. Ақырында,біздің елдердің азаматтарын миллиондаған туысқандық байланыстар ұштастырады. Бұл Ресейді біздің мемлекеттің табиғи одақтасы етеді» [8-1-6].
1996 жылы сәуірдегі Ресей басшысының Қазақстанға сапары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарында колжеткізілген сапалы жаңа деңгейдің жарқын айғағына айналды. Н.Назарбаев пен Б. Ельцин Каспий проблемаларына айрықша назар аударды. Кездесудің қорытындылары бойынша мемлекеттер басшылары Каспий теңізін пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Ол құжатта жаңа саяси жағдайларда Каспий проблемаларын әілетті түрде шещудің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші маңызы болатындығы атап көрсетілді. Тараптар Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы мәселені шешуде және теңіздің минералдық, биологиялық ресурстарын пайдалануда тығыз ынтымақтасуға уағдаласты. Сөз болып отырған уақытта Теңіз кен орнынан Новороссискіге дейін мұнай құрылысының жобасын салу туралы түпкілікті шешім қабылданды. 1996 жылы 27 сәуір двигательді жасап шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы Келісім қабылданды. Соған сәйкес «Қостанай дизель зауыты» акционерлік коғамы-дизельді двигательді шығаратын бірлескен қазақстан-ресей акционерлік қоғамын қайта құрды, зауыт тіркеуді және орны Қазақстан Республикасында болып табылады. Бірлескен кәсіпорынның ресей жағынан құрылтайшы «Орал автомабиль зауыты» (миасс қаласы), қазақстан жағынан - «сельхозмаi» акционерлік қоғамы болып табылады. Бірлескен кәсіпорынның жарғысында қаржы үлестері былай бөлінген: ресей жағының құрылтайшысына-60%, қазақстандықтарға-40% [9-155-166].
Қазақстан-Ресей сауда ынтымақтастығы үшін 1996 жылы 18 қазанда үкіметаралық екі жақты салық салудан босату және кіріс пен капиталға салық төлеуден бас тартуды болдырмау туралы қабылданған Конвенцияның маңызы зор. Осымен салық салу саласындағы екі ел арасындағы шаруашылық субъектілерінің қүқықтық негізі пайда болды, осы маңызды мәселені шешудегі бірыңғай амалы анықталды, бұл әрине, екі елдің экономикалық ынтымақтастығын тереңдетеді [ 2-120]. Тәуелсіздік алғалы бері көршілес екі елдің жыл сайынғы үзіліссіз кездесуін байқадық, мұны түсініп қорытындылауға болады ма?-деген сұраққа өздігімізше жауап іздеп көрейік. Әрине екі елдің тәуелсіз өз алдына дербес мемлекет болып жаңа қүрылуына байланысты, одақтық кезеңде қалыптасып қалған жүйені, яғни мызғымастай берік баланыс-тәуелсіздік алғалы біраз кедергі тудыратыны сөзсіз. Бұрынғыдай ортақ нәрсе жоқ! Сөйтіп екі елдің байланыс жүйесін егемендікке қол жеткізген бізге қайта құруға тура келді. Арадағы дау тудыратын мәселені ә дегенде шешіп жөнге салу екі жаққа да бірдей тиімді болары сөзсіз. Бұдан біз бәрін бірден шешіп алып өздігімізше дамимыз деп ойлауымыз керек, өйткені екі ел бір-бірімен бірлесіп дамиды, әлі де алда талай нәрсені бірлесіп шешетініне көз жеткізесіздер...
1998 жылы 6 шілдеде екі жақты қарым-қатынастардың тарихында бұрын соңды болмаған XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияға қол қойылды. Осы 6 шілде күні Каспий жөніндегі келіссөздер процесінде жаңа тұрпатты жаңалық болды. Президенттер жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге қол қойды. Тараптар теңіздің түбі бойынша жетілдірілген орта сызықты жүргізу туралы принципті уағдаластыққа қол жеткізді. Қазақстан —Ресей қарым-қатынасының тағы бір жемісі ретінде РФ Президенті Б.Ельциннің 1998 жылғы 12 қазанда Алматыға жасаған мемелекеттік сапарының қорытындыларын айтуға болады, оның нәтижесінде 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынытымақтастық туралы кең ауқымды шартқа қол қойылды, осы құжатты іске асыру жөнінде нақты іс-шаралардың бағдарламасы жасалды. Бұл құжат экономиканың нақты секторының негізгі салаларындағы өндірістік, инвестициялық, ғылыми- техникалық ынтымақтастықты дамытудың нақты бағыттарымен үйлестіруші тетіктерін белгілейді (отын-энергетика, агроөнеркэсіптік кешендер, металлургия, машина жасау, көлік және басқалары). Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында яғни тікелей экономикалық операторлардың арасында аймақаралық деңгейде байланыстарды кеңейтуді көздейді [-1-78]. 1997 жылы өзара тауар айналым 4,1 млрд. долларға артты. 1998 жылдың бірінші жартысында 26 %-ға өсті.
1999 жыл ресейлік тауар шығарушылар үшін өткен жылмен салыстырғанда нәтижелі болды. Екі жақты экспорт, импорт мәселесі қарқынмен жүрді. Тұтасымен алғанда 1999 жыл Қазақстанға Ресейден тауар әкелу 1998 жылмен салыстырғанда ширек пайызға төмендеуі, бұл 1,5 млрд.АҚШ долларын қүрады [ 10-17].
Екі елдің интеграцияны дамыту және нығайтуға бағытталған, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 1998-2000 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасына сәйкес, бірлескен инвестициялық жобалар әзірлемелері ұсынылған, бірлескен баға саясатын жүргізу т.б. мәселелер бойынша әрекеттер шамаланған. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері үкіметаралық комиссиясының бірлескен мәжілісінде талқыланған, жоғары дәрежелі келіссөздерде қаралған бұл мәселелерді шешуде мемелекет басшылары маңызды түрде қарағанын дәлелдейді. 2000 жылғы 18-20 маусымда Президент Н. Назарбаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары болды. Мемлекет басшыларының келіссөздерімен қатар сапар шеңберінде қазақстандық басшы Ресей Үкіметінің Төрағасымен, Федералдық жиналыс Палаталарының Төрағаларымен, сондай-ақ РФ-ның тұңғыш Президенті Б.Ельцинмен кездесулер өткізді. Қазақстан мен Ресей Президенттері экономикалық және гуманитарлық саланы қоса алғанда екі жақты қатынастардың кең аукымды мәселелері бойынша толыққанды және іскерлік сипаттағы келіссөздер өткізді. Диалог екі ел арасындағы мәңгілік достық пен одақтастық рухта өрбіді деп сеніммен айтуға болады. Екі көршілес елдердің жетекшілері сауда-экономикалық, мұнай-газ, энергетикалық, ғарыштық, әскери-техникалық, экологиялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды дамытуға қосымша серпін беруге бекем бел байлағандықтарын мәлімдеді.
Тараптар көмірсутегі шикізатын тасымалдау саласындағы ынтымақтастыққа қанағаттанушылық білдірді, КТК-ны уақытылы пайдалануға берудің маңыздылығын атап көрсетіп, Ресейдің құбыр желілерінің жүйесі бойынша экспортқа шығарылатын қазақстандық мұнай транзиті квотасын 14 млн. тоннаға ұлғайту туралы уағадаластық қуатталды( 1-82-83).
Осы маңызды салалардың қорытындыларын бағалалап отырып, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жаңа сатыға көтерілгендігі туралы қорытынды жасауға болады, оның ерекше сипаты парасаттылық және сындарлылық болып табылады. Сонымен қоса аса елеулі фактор Мәскеудегі басшылық ауысқаннан кейін Ресей мен Қазақстанның сыртқы саяси бағыттарында сабақтастықтың сақталуы болды. Ресей астанасындағы ............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?