Курстық жұмыс: Педагогика | Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау-педагогикалық проблема ретінде

Курстық жұмыс: Педагогика | Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау-педагогикалық проблема ретінде казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау-педагогикалық проблема ретінде на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе
1 Тарау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің ғылыми теориялық негіздері..................
1.1 Оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының жағдйы..........
1.2 Кәсіптік бағдардың маңызыдылығы.........
2 Тарау. Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары..................
2.1 Жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлыққа дайындық деңгейлері...........................
2.2 Кәсіптік бағдар жүйесін ұйымдастыру жолдары..................
2.3 Оқушыларға кәсіптік бағдар беру барысындағы мектеп тәжірибелері мен педагогикалық эксперименттің нәтижелері..................

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қоғамдық құрылымның өзгеруі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі, өндірістің күрделенуі, қиындауы, жұмыс жағдайының түбегейлі өзгеруі, ескі кәсіптік құрылымның күйреуі, ғылыми-техникалық ақпараттың бұрын соңды болып көрмеген қарқынмен көбеюі, басқа да саяси-әлеуметтік жағдайлар жастардың білімін және кәсіптік шеберлігін арттыруды күн тәртібіне қояды. Өйткені білім мен тәжірибенің экономиканы дамытудағы рөлі күн санап өсіп келеді.
Жеке адам бағыттылығының проблемасы қазіргі кездегі психологиялық педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі Демократиялық қоғам құру кезеңінде экокномика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация үрдістері жүріп жатқан кезде, демократиялық қоғамда өмір сүретін және шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын- біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу – біздің қоғамның негізгі мақсаты.
Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастарға саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы, сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою бүгінгі өмір талабы. Кәсіптік бүкіл халықтық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде кәсібм бағдарлау жұмыстары әлі де өз деңгейінде емес екендігін біз 3 курста «Әлеуметтік педагогикалық практика» барысында аңғардық.
Ауыл мектептерінде кәсіби бағдарлау жұмыстары, алдын ала жүргізілмейді. Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарымен, кәсіби орта білім беретін оқу орындары жөнінде, сол оқу орындарындағы мамандықтар жөнінде оқушылар мектепте ақпарат алып отырса, жоғарғы сыныпты аяқтаған соң өз қалауы бойынша мамандық таңдар еді.
Қазіргі кезде, психологиялық педагогикалық ғалымдардың еңбектерінде оқущыларға кәсіптік бағдар беруде, кәсіби қызығушылықтарының дамуы мен кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесі және әлеуметтік ортаның жеке тұлғаға ықпал ету мәселелеріне мән беріліп, өзіндік тұрғыда қарастырылып отыр.Жас ұрпаққа еңбек тәрбиесін беру, олардың еңбегін ұйымдастыру мен тәрбиенің тұтас жүйесін жасауда көрнекті педагогтарымыз бен ақын- жазушыларымыз: Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко т.б. маңызды ой пікірлері бүгінгі таңда мектептеріміздің практикасында өзінің жалғасын табуда.
Сондай- ақ еңбек пен тәрбие мәселесіне арналған, педагогикалық техникумдар үшін зерттеу жұмыстарын жүргізген С.И. Архангельский, В.П. Беспалько, А.И. Берг, А.П. Сейтешев, Б.К. Момынбаев, Г.А.Умановтар мен еңбек пәні бойынша оқу құралдарын жазған педагогика ғылымдарының кандидаттары К.Ж. Жүнісова, Ж.Р. Баширова, Б. Құлахметов, А. Бегматовиардың зерттеу жұмыстарының маңызы зор деп айтуға болады.
Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін аңғардық.
Біздің ойымызша оқушылардың кәсіп таңдау кезінде көбінің ата-аналарының ақыл-кеңесіне сүйенетіне немесе талапкерлердің мамандықтарды таңдаудағы білімсіздігі, сондықтан өзінің көңілі қаламаған мамандық таңдауына байланысты оқуды тастап кетуі, болашақта мамандықтары бойынша жұмыс істемеулеріне негіз болады. Сондай-ақ, оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмыстарының мектеп қабырғасында соңғы жылдары ғана қолға алынатынын ескерсек, оқушының кәсіпке деген қызығушылығын қалыптастыру жүйелі түрде ұдайы іске асыруды талап етеді.
Зерттеу барысында айқындағанымыздай өзекті, тың тақырып мәселе бүгінгі күге дейін өз шешімін таппаған жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми –зерттеу жұмысының тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау – педагогикалық проблема ретінде» деп таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: Жоғары сынып оқушылары мен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жетілідіру және бүгінгі таңдағы осалдық жақтарын қарастыру.
Зерттеу міндеті:
- оқушыларды кісіптік бағдар арқылы еңбекке баулудың ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу
- оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу
- оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының моделін жасау
- жоғары сынып оқушыларын еңбеке баулуға қатысты бағдарламалар мен әдістемелік құралдар жасау.
Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіби бағдарлау процесі.
Зерттеу пәні: Оқушылармен кәсіби бағдарды қалыптастыру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, оқушыларды еңбеке баулу барысындағы кәсіпітк бағдардың мазмұны мен әдістемесі сол аймақтың нарықтық экономикасын дамытуға бағытталған кәсіптерге сай келсе, онда жалпы білім беретін мектептердің оқу процесінде оқущыларды кәсіптік бағдарлау шарттары жүзеге асылар еді.
Зерттеу әдістері: Зертттеу жұмысына қатысты педагогикалық-психологиялық, теориялық талдау жасау; оқу құжаттарымен танысу; жазба тексеру жұмыстарын жүргізу; жеке әңгімелесу; реферат жаздыру; бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құралдарды талдау, педагогикалық эксперимент өткізу барысында сауалнама жүргізу.
Зертттеудің ғылыми жаналығы, мен теориялық маңыздылығы:
- оқушыларды кәсіптік бағдарлауды және еңбекке даярлаудың ерекшеліктері зерттелді;
- оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының моделі жасалынды, оның мазмұны, белгілері мен деңгейлері белгіленді;
- зерттеу қорытындылары жұмыстың теориялық негіздерін методологиялық тұрғыдан осы саладағы философия, психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдаланумен, зерттеудің мақсаты мен міндеттерің ғылыми ақпаратқа сай болуымен, зерттеу әдістерін жүйелі іске асуы қамтамасыз етілген.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- «кәсіби бағдар, кәсіби қызығушылық» ұғымдарының мәні мен мазмұны, оқушыны қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері;
- кәсіби бағдарлау мәселесі негізінде сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы оқушылар кәсіп таңдауға деген педагогикалық- психологичлық бағыттарын қалыптастыру үлгісі;
Зерттеу базасы: №15 лингвистикалық гимназия, №10 кәсіптік мектеп, Алматы индустриалдық- педагогикалық колледжі.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдардан, қорытындыдан, пайдаланаған әдебиеттер тізіміенен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты баяндалған.
«Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің ғылыми теориялық негіздері» атты бірінші тарауда кәсіби бағдарлау жұмыстарын қалыптастырудың психология- педагогика ғылымдарындағы мәні мен маңызы, зерттеудің алғы шарттары, кәсіби бағдар беру жұмыстарының зерттелу жайы қарастырылып, моделі көрсетілді.
«Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары» атты екінші тарауда жоғары сынып оқушыларының әсіптік бағдарын қалыптастыру тәжірибелік- экспериментте тексеріліп, қортынды нәтиже талданды.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
Қосымшада тәжірибелік-экспериментке байланысты сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының үлгілері топтастырылып берілді.
І. Тарау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің ғылыми- теориялық негіздері.
1.1 Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері.
Қай заманда, қай қоғамда болсын, мектептегі блім, еңбекке баулу, тәрбие беру, ең алдымен, қоғамның мүдесінен туындайтың әлеуметтік сұранысқа қарай кызмет көрсету бағытын ұстанады. Қазір қоғамдағы даму мен байланысты мектепте оқытудың да мазмұны өзгеріп отыр. Қазіргі қоғамға жаңа адамдаы тәрбиелеуде мектептің алдына көптеген жұмыстар істелуі қажет.
Сондай- ақ, еңбек оқумен тығыз ұштасқан, балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, санитарлық- гигиеналық ережелердің талабын толық сақтаған, мөлшері, шамасы бар еңбек болуы керек.
Әл- Фараби адамдар бір- бірімен келісіп, тілдесіп отыруы тиіс деп есептейді. Әділеттіліктің қалыптасқан нормасы универсал заңдар болса, оны мүлтіксіз орындау керегін заң шығарушылар талап етуі қажет. Алайда заңның орындалуының қандай түрі болмасын тәрбие арқылы жүзеге асады, тәрбие ғана саналы адамдар, еңбек адамын тәрбиелеп, қалыптастырады, еңбексіз заңда, қоғам да ілгері дами алмайды,- деп тұңғыш орыстын классик педагогі К.Д.Ушинскийдің 19- ғасырдағы еңбек туралы айтқандары Әл- Фараби ілімінен үндес келетінін аңғаруға болады. К.Д.Ушинскийдің айтуынша, біріншіден, еңбек- адам өмірінің негізі, өмірдің құралы.Екіншіден, еңбек- адамгершілік, ақыл- ой, еңбек тәрбиелерінің, адамның және жастардың дене жағынан жетілуінің құралы. Әл- Фараби- еңбек- тәрбие тағылымының негізі десе, Ушинский- еңбек тәрбиенің күшті құралы,- деп айтқан.
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қалауда 12 ғасырдағы “Фарабидің энсиклопедиясы” атты еңбектің маңызы ерекше. Әсіресе, мұның трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл трактат “Ғылымдар энсиклопедиясы”, “Ғылымдар реті”, “Ғылымдар класификациясы” т.б. аттарымен Шығыс және Батыс елдерінде өте ертеден- ақ мәлім болған. Бұдан көп ғұламалар тәлім алған.
Фараби трактаттарында қоғамдағы (өзі өмір сүрген дәуірде) барлық құбылыстар мен өзгерістер таза да адал еңбектің жемісі- деп тұжырымдады. Ол “Адамды адам еткен- еңбек” деген қағиданың негізін салды.Әл- Фарабидің логикалық еңбектерінде еңбек пен еңбек тәрбиесінің даму элементтеріде кездеседі. Жалпы тіршілік, өмір сүру туралы ой пікірлер, оны ғылыммен байланыстыру туралы “Ғылымдар тізбегі”, “Алмагеске түсініктеме”, “Астрология”, “Философияны үйрену үшін не білу керек” еңбектерінде еңбектің маңызы мен мәнің талдап ашып берді. Демек, Әл- Фараби еңбек тәрбиесінің негізін салды.
1.1 Оқушылардың кәсіптік бағдарға даярлығының
жағдайы.
Педагогикалық және психологиялық зерттеулерде кәсіптік бағдарға «дайындық» деген термин әртүрлі түсіндіріледі.
Психологияда «дайындық» дегеніміз – адамның барлық психологиялық және физиологиялық жүйелерін арнайы іс-әрекеттерді орындауға шоғырландыру деп түсіндіріледі. Оның құрамына қажеттілік, қызығушылық, ұстаным, сапа, білім, білік, дағды т.б. кіреді.
Н.В. Кузьмина дайындықтың 4 компонентін көрсетеді: конструктивтік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және гностикалық. Н.Д. Хмель болса, кез келген іс-әрекетке дайындықты 3 компонент арқылы анықтайды: мотивациялық, мазмұндық және процесстік.
Оқушының келешекте мамандық таңдаудағы басты өлшемдеріне тоқталсақ:
- Оқушы өзінің таңдаған мамандығының қоғамада қаншалықты мәні барлығын түсінуі тиіс.
- Мамандықты қандай мақсатпен таңдағанын дәлелдеуі тиіс.
- Еңбек процессінде өзінің жеке басының қатысу керектігін түсіну.
- Өзінің еңбек етіп отырған ортасына, мектебіне, өндіріс орнына қандай пайда келтіретінін ұғу, соған тырысу.
Нарық, әсіресе, ауыл мектебінің өміріне дендеп енді. Бұған дер кезінде көңіл бөліп, шешімін таппасақ, ауыл мектебі, тіпті ауылдың өзі декүйзеліске ұшырауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының бүгіні мен ертеңі біздің қай-қасымызды да ойландырмай қоймайтыны анық. Олай болса, осы тәуелсіз мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени саласындағы жетістіктің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы шәкірттер мен жастарға тікелей қатысты. Бұл нарықтық экономика жағдайындағы өзгерістер барысында келешек қоғам иесіне кәсіптік бағдар беру қалай болмақ дегенге тіреледі.
Өндіріс, өнеркәсіп орындары жете дами алмай, өндірген өнімнің сапасы төмен болып, сұранысты қанағаттандыра алмай отырғанын көріп отырмыз. Осындай жағдайлар күн өткен сайын кәсіптік бағдарламаны айқындауды қажет етеді. Осыдан барып еңбек ресурстары болып табылатын өндіргіш күштерді дамыту проблемасы өрби түседі
Еңбекке және жұмысшы күшіне оң көзбен қарап, маман кадрлар дайындауісіне жаңаша қатынас жасау қажеттігі туады. Сондықтан да кәсіби мамандық құрылымын өзгерте отырып, еңбек ресурстарына сұранысты терең зерттеу керек. Сонда кәсіпорын мен жеке адам, маман мен мамандандырылған ортаның арасындағы алшақтық пробемасын шешуге жол ашылады.
Бұл – еңбекке және жұмыс күшіне жаңа қатынас. Бұларға сұраныс әр аймақтың шаруашылық ерекшелігіне қарай қызметкерлерді даярлаудың, ынталандырудың принципті жаңа жүйесін жасауды, сол арқылы жастарды еңбек ұжымдарына нақты бағытпен таратуды қажет етеді.
Ол үшін кәсіпорынды білім беру жүйесімен берік өзара байланыстыруды жүзеге асырып, білім беруді түбірінен қайта құру, оның жалпыламалық түрінен жеке адамды нақты шығармашылық тұрғыдан дамытуға бағытталған дербес тәсілдерді қолдануға көшу қажет.
Мектеп – кәсіптік бағдар беру жүйесіндегі негізгі құрылымдық жүйелердің бірі болып табылатындықтан оқушыларды еңбекке даярлауда және кәсіп таңдауында ерекше рөлге ие. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындары жанындағы кәсіптік бағдар орталықтары да мектеп жүйесінде базалық буын бола алатыны сөзсіз.
Кәсіптік бағдар беру жөніндегі бірсыпыра іс-тәжірибелерге назар аударсақ, оның мынындай тиімді жақтарын көруге болады. Мыс.: Челябі қаласында политехника институтының базасында «Диалог-ЧПИ» компьютерлі автоматтандырылған орталық жұмыс істейді. Поиск кешенді диагностикалық іріктелген әдістемесі жеке адамның дербес психологиялық ерекшеліктерін оқушылардың ынтасымен ден қоюшылығын анықтайды. Электронды есептеу машиналарымен әңгімелесуге тілек білдірген барлық оқушылар өте алды.
Кәсіптік бағдарламаның осындай автоматтандырылған орталығы Томскінің автоматты басқару жүйесі және радиоэлектроника институты жанында да бар. Жыл сайын орталыққа қала және облыс оқушыларының бір мыңнан астамы келіп тұрады. Орталық ЭВМ М-600 және дисплейлік кластар базасында құрылған. Мектеп оқушылары кәсіптік бағдар бойынша әңгімелесу ретімен өтеді. Содан алынған баға оқушылардың бейімділігімен қабілетін айқындауға, мамандығын таңдауға көмек теседі.
Ал біз үшін бұл орталықтардың шалғайлығынан, біздің жастарды ынталандырып, баулға мүмкіншіліктер болмай отыр. Өйткені кәсіптік бағдар кеңесшілері көбінесе жеке адамның психологиялық сипаттарын таңдаумен шырмалды, ал аймақта әлеуметтік-экономикалық қажетті мамандықтарға деген ынтаны оятуға жеткілікті ұмтылыс болмай отырғаны мәлім.
Ал АҚШ мектептерінің психологиясы Гайденс қызметі тәуір дамығандығын көруге болады. Тестілеудің кең практикалануы оны американ мектебінің селекторлы механизміне айналдырды. Қызмет құрылымында психологтан басқа да кәсіптік бағдар кеңесшілері жұмыс істейді. 400-700 оқушыға бір кеңесші, ірі мектептердеосындай 2-3 маман болады. Керісінше 3-4 шағын мектепте бір кеңесші болады.
Мұнда кәсіпітік бағдар саласында пән мұғалімдерінің де атқаратын рөлі зор деп айтуға болады.
Мектеп бағдарламасына «Мамандық алуға даярлау» деген бағыт енгізілген. Бағдарлама мамандық әлемін зерттеуді, жеке адамның ерекшеліктерін оқып-үйреніп, еңбекке деген дұрыс көзқарасты ұялатады. Экономикалық оқытуды, мамандық таңдау жөніндегі шешімді тұжырымдай білушілікті және өмір жолын жоспарлауды қамтиды. Бағдарлама кәсіптік қызметті оқып үйренуді мектеп жасына дейінгі балалалр мекемелерінен бастауды көздейді. Яғни, бастауыш мектептерде 1-6 сыныптар аралығында мамандық әлемінің сан түрлі саласын қамтитын он бес тобымен (өнеркәсіп, қызмет көрсету, көлік т.б.) таныстырып өту көзелген. Ал 7-8 сыныптарда оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтарды анағұрлым тереңірек оқып үйренеді. 9-10 сыныптарда оқушы өзі таңдаған мамандықтың бір тобын оқып үйренеді. Осыған байланысты қажетті дағдыларды әрі қарай дамытады. 11-12 сыныптарда өзі ұнатып, көңіл тоқтатқан мамандық ьойынша кәсіби дайындалады. Мектеп бітірушілер таңдаған мамандықтарын неліктен ұнатқанын, кәсіптің ерекшеліктерін талдап, жеке басының қасиеттерін көрсетіпхат жазады және осылардың таңдалып алынған мамандық талабына қаншалықты сәйкес екенін келтіреді.
Американдық бұл бағдарламаның ерекшелігі өз-өзімен ақылдасуды, өз-өзіне баға бере білуді бірінші орынға қояды. Бұл тәжірибеден байқайтынымыз, ата-ана оқушыға мектеп таңдап алса да, оқушы өзіне көбірек ұнайтын кәсіптік дайындыққа басқаша қарайды. Сондай-ақ оқу процессіне өнеркәсіп өкілдерінің қатысып отырулары, олардың тікелей байланыс қазіргі заманғы өндіріс жайлы тиянақты оқушы ұғымын шындап дамытады.
Ал Германия мектептеріндегі кәсіптік бағдар берудегі іс-тәжірибеге де көңіл аударуға болады. Германияның жастарды еңбекке әзірлеу жөніндегі тәжірибесі өзге елдерде жоғарғы бағаға ие болып отыр. Бұл елде 16-18 жастағылардың жартсынан астамы өндірісте шәкірттік алғашқы мамандық алып шығады және бір мезгілде мектепте оқуын жалғастырады. Осындай кәсіби даярлықтың арқасында неміс жастарының басқа елдердегі өз құрбы құрдастарына қарағанда мамандығы әлде қайда жоғары.
Сонымен қатар ата-аналар кәсіпорынмен шартқа отырады. Белгілі келісімге келеді. Шәкірт маман жұмысының жалақысының елу пайыз көлемінде стипендия және жыл сайын 18 күндік еңбек демалысын алады. Өндірістік оқу аяқталып, емтихан тапсырылған соң, оқушы маманданған жұмысшы дипломын алады. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, кейін бұл оқушылардың жартсынан астамы қай кәсіп орында мамандық алған болса, сонда тұрақтап қалады.
Сондықтан да, егеменді еліміздің нарықтық экономикалық еңбек ресурстары қойып отырған талаптарға жауап беретіндей кәсіптік бағдарлама......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау-педагогикалық проблема ретінде курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау-педагогикалық проблема ретінде курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын к, Курстық жұмыс: Педагогика | Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау-педагогикалық проблема ретінде дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін