Педагогика | Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау-педагогикалық проблема ретінде

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қоғамдық құрылымның өзгеруі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі, өндірістің күрделенуі, қиындауы, жұмыс жағдайының түбегейлі өзгеруі, ескі кәсіптік құрылымның күйреуі, ғылыми-техникалық ақпараттың бұрын соңды болып көрмеген қарқынмен көбеюі, басқа да саяси-әлеуметтік жағдайлар жастардың білімін және кәсіптік шеберлігін арттыруды күн тәртібіне қояды. Өйткені білім мен тәжірибенің экономиканы дамытудағы рөлі күн санап өсіп келеді.
Жеке адам бағыттылығының проблемасы қазіргі кездегі психологиялық педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі Демократиялық қоғам құру кезеңінде экокномика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация үрдістері жүріп жатқан кезде, демократиялық қоғамда өмір сүретін және шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын- біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу – біздің қоғамның негізгі мақсаты.....
Курстық жұмыстар
Толық