Курстық жұмыс: Тарих | Қазақ өзбек шекара мәселесі

Курстық жұмыс: Тарих | Қазақ өзбек шекара мәселесі казакша Курстық жұмыс: Тарих | Қазақ өзбек шекара мәселесі на казахском языке

[b]
Мазмұны

Кіріспе .......................................................................................................

І-тарау. Коммунистік билік. Оның мемлекеттік аумаққа тигізген әсері.
1.1. 1924-1925 ж.ж. ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты. Қазақстанның тұңғыш шекарасының белгіленуі............................................
1.2. Кеңес Одағы ыдырағанға дейінгі шекарадағы ауыс-түйістер.......

ІІ-тарау. Тәуелсіздіктен кейінгі шекаралық өзгерістер
2.1. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау процестері........................
2.2. Делимитациялау процесіне қоғамдық көзқарас...............................

Қорытынды..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі.......................................
[b]

І-ТАРАУ. КОММУНИСТІК БИЛІК. ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АУМАҚҚА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ.

І.1. 1924-1925 жж. ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты. Қазақстанның тұңғыш шекарасының белгіленуі.

ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес күрделі сипат алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге қазақ саяси басшылығының көзқарастары үйлесе бермеді. Мәселен Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерін біріктіруге арналған еді. Бірақ Кеңестік билік Мұстафаның бұл идеясынан өлердей қорықты. «Мұндағы саяси тіршілікке сын көзін қадап отырған М.Шоқайдың түрлі мысалмен дәлелдеп қорытқанындай большевизм « Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің құрылуынан өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға тырысады». Тұтастықты бұзудың жалпытүркілік тұтастықты сезіну беретін қуатты әлсіреудің төте жолы - Орта Азиядан алдымен Қазақстанды оның Орта Азиялық бөлігімен қоса бір бөліп алу, сөйтіп бауырлас халықтардан қазақтарды ажыратып алшақтатып жіберу» /4/.
Тұрар Рысқұловтың да идеясы осы сипатта еді. Ол Түркістан Республикасын құру үшін талмай күресті. Осыған байланысты Т.Рысқұловты 1924 жылдың аяғына таман Монғолияға елші етіп ауыстырды. «Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІІ съезі Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты іс жүзіне асырыла бастаған кезде өтті. 1923 жылдың соңына таман бұл бағыттағы шаралар тұрақты сипат ала бастаған еді. РКП (б) Орталық Комитетінің алдында Орта Азияның үш республикасының аумағын қайта межелеп, жеке-жеке ұлттық республикаға жіктеу міндеті тұрды. Ал РКП (б) Орта Комитеті Т.Рысқұловты бұл процеске қарсы тұрған адам деп санады, сондықтан да оны межелеу саясаты толық қарқынмен басталғанға дейін республикадан тысқары алып кетуге тырысты. ХІІ съезд аяқталысымен-ақ РКП (б) Орталық Комитеті бұл іске шұғыл кіріскені белгілі. 1924 жылы 24 және 31 қаңтар, 4-14 ақпан күндері бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінде үсті-үстіне талқыланды. Талқылауға С.И.Гусев, М.И.Калинин, В.В.Куйбышев, И.М.Межлаук, Я.Э.Рудзутак, И.В.Сталин, Г.В.Чичерин және басқа да көптеген адамдар қатысты. Сондықтан да Т.Рысқұловтың Түркістан Республикасынан өтуі РКП (б) Орталық Комитетінің саясатының нәтижесі деп түсіну қажет /5/.
Сұлтанбек Қожанов өз кезегінде Орта Азия Федерациясын құру жөнінде бастама көтерді. Ол өлкеде ту тіккен республикаларды алдымен экономикалық қауымдастыққа, содан соң Орта Азия федерациясына біріктіру, сосын экономикалық және саяси-әкімшілік тұрғыда қалыптасқан қуатты құрылым ретінде, Республикалар Одағына - КСРО-ға кіру бағытын ұстанды /6/. Өйткені дәл солай 1922 ж Закавказье Федерациялық Социалистік Республикасы құрылған болатын. Оған грузиндер, армяндар, әзірбайжандар біріккен еді. Бірақ С.Қожановтың бұл идеясын Ортаазбюро қолдамай тастайды. Ол жөнінде И.Варейкис өз пікірін білдіріп, бұл идеяны болашақтың ісі деп қарастырады. Менің пайымдауымша – деп жазды И.Ворейкис –Қазреспубликаның Орта Азия бірлестігіне кіруін мына себепті уақытша тоқтата тұру керек. Бірінші ой қорыту бойынша, Қазреспублика экономикасының қай орталыққа таралуы әлі нақты анықталмаған (оны Қазреспубликасының өзі де дәл білмейді), тіпті бүкіл Қазақстан үшін тартылыс орталығы болатын сондай орталық бар ма екен? Бұл нәрсе әлі анықталмаған. Екінші ой қорыту, Қазақстан орасан үлкен аумақты алып жатыр, ол автономиялы республикаларын қоспағанда РКФСР аумағына тең. Қазақстанның бір шеті Амударияға тіреліп, Өзбекстан шекарасына жетеді, екінші бөлігі Алтай, Томскіге созылып жатыр, тағы бір бөлігі Самараға сәл жетпейді. Осы себептерге байланысты И.Варейкис Қазақстанның Орта Азия бірлестігіне кіруіне қарсы болды /7/. Осылайша қазақ зиялыларының бірігуге бастаған ұсыныстары қабылданбай тасталды. Сөйтіп, И.Варейкисше айтсақ енді «үлкен бір пәтердің жеке бөлмелері» анықталатын болды.
Орта Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу аса күрделі мәселе еді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Сондай-ақ, экономикалық орталықтар мен елді мекендерді бөлу мәселелері көп жағдайда тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейі мен халықтардың ұлттық құрамы туралы статистикалық мәліметтердің мардымсыздығы жағдайды одан әрі қиындатты /8/. Болашақ шекараны анықтау үшін КСРО тәжірибесінде қалыптасқан мынадай үш принциптің негізге алынуы тиіс болды:
І. Ауданның табиғи-тарихи жағдайының біртектілігі;
ІІ. Экономикалық құндылықтар;
ІІІ. Халықтарының ұлтық-мәдени және тұрмыстық жағдайларының біртектілігі /9/.
Орта Азиядағы ұлттық- мемлекеттік межелеуді тікелей жүзеге асырушы Орта Азия бюросында И.Зеленский, Я.Руздзутак, К.Бауман, Ф.Карклин секілді азаматтар қызмет етті. Өзбектер жағынан А.Икрамов, Ф.Ходжаевтар жұмыс жасаса, қазақтар жағынан С.Қожанов, С.Меңдешев, Т.Жүргенов секілді азаматтар ат салысты. Ұлттық –мемлекеттік межелеудің жүргізілу барысы және оның мәні үнемі баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Баспасөз құралдары белгілі бағытта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатты.
Ұлттық-мемлекеттік межелеу барысында Түркістан АКСР-ның Қазақ АКСР-на қосылуының зор маңызы болды. Түркістанның Сырдария және Жетісу облыстарының қазақтар басым өңірлері ҚазАКСР-на қосылуы тиіс болды.
1924 жылғы ақпандағы мәлімет бойынша осы екі облыстың межелеу кезінде Қазақстанға өтетін жер көлемі 602713 кв версті құрды. Бұл аумақ Орта Азиядағы жаңа республикалар аумағынан әлдеқайда көп. Мысалы, Түркімен КСР-нің аумағы 380325 кв верст, Өзбек КСР-нің аумағы 158980 кв версті құрады /10/. Межелеу жұмыстары барысында оны жүзеге асырушы қайраткерлердің мақалалары мен пікір сайыстары өтіп тұрды. Сондай-ақ республиканың басшы өкімет органдары даярлаған «Түркістанның қазақ аумағын Қазақ АКСР-не біріктіру мәселесі және Орта Азия ұлттық принцип бойынша мемлекеттік межелеу проблемасы» деген баяндама тезистері жасалды /11/. Бұл тезистердің бір нұсқасы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатында 243 қорда сақтаулы. Бұл тезистер межелеуді жүргізуде негізге алынды және баяндамаларда ерекше бағыт ретінде пайдаланылды. Тезистер 4 бөлім, 30 тармақтан тұрды.
Тезистердің ІІ бөлім 9-шы тармағында 1920 жылғы статистикалық деректердің қателіктерге толы екендігі айтылып, оны тек революцияға дейінгі деректермен салыстыра пайдалану қажеттігі көрсетіледі. Ал 10-шы тармағында 1911 жылғы қазақтар басым отырған елді-мекендер 1920 жылғы Бүкілресейлік санақ бойынша керісінше қате жазылып кеткендігі айтылады.
Примеры: Зинги-Атинская, Ниязбекская и Чинасская волости Ташкентского уезда.
В этих волостях:
а) Целый ряд сельских обществ, бывших 9 лет тому назад (1911г.) киргизами, по данным 1920 г. значатся, как узбеки;
б) целый ряд сельских обществ киргизского населения совсем не описаны;
в) имеются случаи, где горожане-узбеки, числясь одно время по списку жители города, прошли перепись 1920 г. и по волостям, по месту занятия земледелием /12/. Осы қиындықтармен қоса көшпелі қазақтар да тізімге ілінбей қалған.
Тезистердің 12-ші тармағында Мырзашөл уезінің Иіржар болыстығындағы ежелден Қазақтар тұратын жер көлемі Түрікстатистика деректерінде Түркістан Жер халкоматы жерге орналастыру басқармасының тексерілген мәліметтеріне қарағанда екі есе кеміп кеткен /13/деп көрсетіледі.
Тезистердің 14-ші тармағынан кейінгілері Ташкент қаласы жайында айтылады. Ташкент қаласына және оған тартылып жатқан Ташкент және Мырзашөл уездерін қазақ жағы да өзбек жағы да өзіне тартауға тырысты.
Қазақ жағының тезистерде келтірілген пікірінше: «Кеңестік аудандастыру жүйесі мен кеңестік ұлт саясаты жағдайында бұл орталықтардың қай мемлекетке қатыстылығы, оның әрбір ұлттың экономикасы, саяси және мәдени өміріне қатысты маңызы мен рөліне қарай анықталады /14/. Осы тұрғыдан алып қарағанда Ташкент қаласының маңызы екі жаққа да тиесілі еді. Тарихқа көз салсақ Ташкент қаласы жайында деректер 751 жылы атала бастайды. Яғни, өзбек пен қазақ жайында деректер болмаған кезде саудагерлер мен көпестердің қаласы болған. Шамамен б.з.1000 жылдары түркілер дәуірінде Ташкент қаласын сарт-көпестер мен қолөнершілер мекен етеді. Сол кезде қала сауда және экономикалық орталыққа айналды. XV ғасырдың І жартысында көшпелі өзбектердің өңірді жаулап алуымен қала шайбаниліктерге өтеді. 1598-1798 жылдар аралығында Ташкент Қазақ хандығының құрамында болған. 200 жылдай Қазақ хандығының иелігінде болған Ташкент қаласы қоқандықтардың басып алуымен 50 жылдай Қоқан хандығының шегінде болды. Қаланы орыс отаршылдарынан қорғағандардың ішінде де қазақтар көп болды. Ташкенттің тәуелсіздігі үшін соңғы күресті ұйымдастырған молда Әлімқұл мен Садық Кенесарыұлы да қазақтар болды /15/.
Қаланы этикалық жағынан зерттегенде құрамалар мен сарттарға байланысты дау шықты. Бір қызығы «Құраманың» ішкі түбіріне зер салар болсақ, қазақтың үш жүзінің рулары көптеп кездеседі. Мысалы, Ұлы жүзден дулат, үйсін, жалайыр, сіргелі, қаңлы т.б., Орта жүзден қоңырат, найман, арғын т.б., Кіші жүзден тама, шөмекей, табын, шекті рулары кездеседі. Бірақ ұзақ пікірталастан кейін «Құрамалар» жеке этикалық топ ретінде қала берді. Даулы аймақтарда «құрамалардың» саны мен еркі шешуші рөл атқарып өткен кез де аз болмады. «Құрама» атауы ұлттық белгі ретінде жүріп, белгілі бір аумақтың қай республикаға қосылатынына едәуір әсер етті /16/. Ал, сарттарға келер болсақ, олар ХІ ғасырда Ташкент өңірін мекен еткен. Тегі түркі және иран нәсілі аралас. Тілі түріктерге жақын. Шындығында өзбек пен сарт екі халық. Бірақ Өзбек КСР-нің өкілдері сарттарды өзбекке туыстас деп дәлеледеуге тырысты.
Сырдария Облыстық Статистика Комитетінің 1911 жылғы Ташкент уезінің құрамы жайлы мәліметі (1920 ж табиғи өсім жағдайын есепке алған):
Қазақтар Абсолютті саны %
Құрама 166,288 50,58
Сарттар, өзбектер 17,588 5,33
және тәжіктер
қазақтар мен құрамалардың 189,876 40,82
жалпы саны
сарттар, өзбектер және
тәжіктер 134,130

Статистикалық /17/ деректерден көргеніміздей Ташкент уезінде өзбектерге тәжіктер мен сарттарды қоса есептегенде 10 %-дай есепте қазақтардан кем. Ал Ташкент қаласының өзінде статистикалық деректер бойынша өзбектер көпшілікті, қазақтар азшылықты құрайды екен. Бірақ Ташкент қаласының айналасындағы елді-мекендердің барлығында қазақ халқының саны басым болып шықты.
1920 жылғы санақ бойынша Мырзашөл уезінің (Жизақ уезінің Қазақстанға берілетін 6 болысымен қоса) халқының құрамы мына төмендегідей болды /18/ (Қазақтардың санының кемітіліп көрсетілу ықтималдығы себепті есеп дәл болмауы мүмкін):
Қазақтар 19,878
Өзбектер, сарттар және тәжіктер 14,576
Орыстар 9,550
Қазақтар жағы ұстанған бағытында саналы түрде Ташкент және Мырзашөл уездерінің қай мемлекетке тиесілігін шешкенде Ташкент қаласы халқының санын назарға алмайтынын мәлімдеді. Біз,- деп мәлімдеді Қазақстан өкімет органдары басшылары,- осы кезде аксиомаға айналған қарапайым ақиқатты басшылыққа аламыз, ол бойынша қалалық орталықтар тек сол қала тұрғындарының ғана жасағаны емес, ол сол қаланың өркендеуіне атсалысқан басқа да облыс халықтарының еңбегі болып табылады. Сондықтан да Ташкент қаласының кімге тиесілі екендігін оның іргесіндегі облыс халқының демографиялық жағдайының ескеруіне қарай шешілуі керек /19/. Егер де Ташкент қаласы Өзбек КСР-не өткен күнде де арал тәрізді Қазақ АКСР-ның шеңберінде қалып қояр еді. Өйткені айналасындағы елді мекендердің бәрінде де қазақ халқы басым болып Қазақ АКСР-не тиесілі болып тұр еді. Тағы да көптеген дәйектерді алға тарта отырып жоғарыда айтылған тезистердің соңында мынадай қорытындылар жасалған:
а) Қазақ халқының бірігуін тез арада қолға алып Түркістанның қазақтар шоғырланған территориясын Қазақ АКСР-не біріктіру, сөйтіп оның орталығы ретінде Ташкент қаласын таңдау. Даулы аймақтардың қай мемлекетке тиесілі екендігін анықтаған кезде революцияға дейінгі статистикалық деректерді қабылдау;
б) Қазақ АКСР-на мына аймақтар кіреді: қазіргі Қазақ АКСР-ы, Жетісу және Сырдария облыстары, Самарқан облысының уезіндегі 6 болыстық кіреді.
в) қазақтар мен оған туыстас қарақалпақтар орналасқан Амудария облысының Қазақ АКСР-не қосылу мәселесі Бұхар және Хорезм республикаларын межелеу барысында түбегейлі шешілетін болады.
Самарқан облысының Ходжент уезіндегі қазақтар мекен еткен жер Өбекстан аумағында қалады.
Жетісу облысының қара қырғыздар мекен еткен бөлігінде Қарақырғыз Автономиялық Облысы құрылады.
г) Қазақ АКСР-ы өзінің Орта Азиялық Кеңестік көрші Республикалармен экономикалық және жоғары деңгейде қарым-қатынас жасайды /20/.
Қазақ жағы Ташкент қаласының қазақтар өміріндегі зор маңызына тоқталып өтті. Бұл қала тарихи статистикалық деректерге көз салсақ көшпенділер өмірі үшін сауда, экономикалық, мәдени және саяси орталық ретінде рөл ойнаған. Әлі де сол қалпынан айнымаған. Сондықтан да Ташкент қаласы Қазақ АКСР-ның астанасы болуға толық сәйкес келеді. Мәселен, Ташкеннің айналасындағы халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды деген сықылды деректерді алға тартты.
Ташкент уезінің толығымен Қазақстанға қосылу қажеттігі жоғарыда егжей-тегжейлі айтылды. Осы жерде Ташкент уезінің халықтары туралы да айта кеткен жөн. Ташкент уезінің 1911 және 1920 жылдардағы халықтарының саны туралы салыстырмалы деректер төмендегідей /21/:
1911 жыл 1920 жыл
қазақтар 233583-61% 230316-56,7%
өзбектер 118974-31% 101845-25%
құрамалар 10236-5 % 47433-16,5%
тәжіктер-
басқалар 10410-3% 17087-4,2%
қорытынды 326488% 351131%
Осылайша шекараны межелеу жұмыстары күрделі ауқымды айтыс-тартыстар арқылы жүрді. Қым-қиғаш тартыстар кезінде қулыққа негізделген астыртын әрекеттер де болмай қалмады. Мәселен Аумақтық комиссияның төрағасы И.Зеленскиге жазылған наразылық хаты. Наразылықта біріншіден Орта Азия бюросының шешімімен құрылған аумақтық жағынан межеленетін әрбір халықтан үштен мүше ену керек болса, өзбектерден алты мүше еніп кеткен. Қазақ республикасының екі қазақ өкілі Ташкент қаласында тұратын екі европалық адамдармен ауыстырған, мұның өзі Ташкенттің тағдырының алдын ала шешіліп, оның Өзбектсанға өтіп кетуіне әсер еткенін жазды /22/.
Наразылық хатын жазушылар Орта Азия бюросының әрекетіндегі әділетсіз тұстарға тоқталып, оның Орта Азия Республикаларын ұлттық –мемлекеттік межелеудің заңды принциптеріне қайшы келетіндігі айтылған.
Голодностеп каналын Қазақ АКСР-не беру мәселесінде де Аумақтық комиссия ұлттық және экономикалық мақсаттылық принципін басшылыққа алған болатын. Бұл ауданда 1920 жылғы мәлімет бойынша 32% қазақтар, 18% өзбектер тұрған болатын. Бұл ауданның комиссияда алдын ала Қазақстанға тиесілі екендігі шешілгенімен, олар Аумақтық комиссиядағы өзбектердің наразылығына байланысты Өзбекстанға өтіп кетті /23/.
Осындай қателікті шешімдерді жөнсіз санаған комиссия мүшелері оған қарсы заңды әрекетке көшті. Аумақтық комиссияның мүшелері өзбектер жағын көбірек қолдап отырғаны себепті Аумақтық комиссияның 9 мүшесі С.Қожанов, Қ.Атабаев, Сахат-Мұратов, Құдайқұлов, Н.Айтақов, Ж.Абдрахманов, Зулфибаев, С.Есқараев және Әлібеков қол қойған наразылық хаты 1924 жылы 8 қыркүйекте Ташкент қаласында жазылып, РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросына бағытталды. Комиссия мүшелері яғни, дәлірек айтқанда хат авторлары үш ұлт өкілдерінен (қазақ, түркімен және қырғыз) жиналған болатын.
Бірақ бұл наразылық хаты да қанша жоғары деңгейде жазылғанымен өз діттеген нәтижесіне қол жеткізе алмады.Бұл да нәтиже бермеген соң тек қазақ жағының өкілдерінен тұратын Аумақтық комиссияның мүшелері өздерінің ерекше пікірін да жариялады.Онда былай делінген болатын:
Қазақтарды тек көшпенділер деп санайтын, ал отырықшы қазақтарды тек өзбектер деп санайтын және межелеу жұмыстары кезінде басшылыққа алынатын принципті тұрғыдан қате және жол беруге болмайтын қате тенденция қалыптасты.
Осындай жағдай құрамаларды (сарттанған және отырықшыланған қазақтар) Өзбекреспубликасына жібергенде де болды.
Дәл осындай жәйт Шыршық аудандарының таза қазақтар тұратын болыстықтарын Өзбек республикасына қосқан кезде де орын алды. Отырықшы қазақтар мекендейтін бұл болыстарды (Қытайтөбе, Тойтөбе, Жалалтөбе, Ғайбаты, Османата және Майдантал) Өзбек республикасына қосып жіберуді қателік деп есептейміз.
Бұл шешімдер ұлттық межелеудің түбірлі принципін бұзғандық болады. Себебі, осы актіге сәйкес қазақтардың неғұрлым мәдениетті және экономикалық жағынан тұрақты бөлігінен Ташкент уезіндегі өзге қазақтар жөнсіз бөлініп қалған. Әлі де ұлттық тұрғыда қалыптасу үстінде тұрған тұрақсыз шаруашылық жағдайындағы қазақтардың өзінің аса маңызды отырықшы бөлігін жоғалтуы, олардың мықты мемлекет орталығын құруына және болашақтағы оның дамуына кедергі келтіреді деп есептейміз. Онымен қоса Шыршық ауданының көрші қазақ аудандармен туысқандық байланыста екендінгі бар. Олар шаруашылық байланыстары арқылы да өзара тәуелді болып келеді. Комиссияның шешімімен бүгінгі таңдағы аталған екі аудан қазақтары межелеу кезінде орынсыз бөлініп қалды. Олардың наразы болу себептері де осында жатыр. Өзбектстанмен шекаралас Шыршық ауданындағы қазақтардың көптігі, олардың ұлттық ерекшілігі жағынан Қазақстанмен орынды байланыстылығын комиссия мүлдем ескергісі келмеген.
Комиссияның өз шешімін ирргациялық жүйені алға тарта отырып, өз ойларын негіздемек болулары да көңілге қонымсыз, себебі бұл аудан басқа аудандарға қарағанда Шыршықтың бас магистралды арықтары арқылы суландырылып келеді. Егер бұл аудан Ташкент уезіндегі бай қуатты аудан болса, онда ол болашақ Қазақ республикасының мемлекеттігі үшін зор маңызға ие. Онда тұратын Қазақтардың мүддесін ауданның бұл байлығы Өзбекстанға керек еді деп негізсіз аяқ асты етуге болмас /24/.
Дәл осылай ерекше пікір білдірген қазақ қайраткерлері С. Меңдешев, С.Қожанов, С.Есқараев, Әлібеков және Серғазиевтер еді.
Аумақтық комиссия бұл жерлерді өзбектер басым деп дәлелдеуге тырысқан Өзбек қосалқы комиссиясының ықпалында кеткендіктен, Өзбекстанға әдейі беріп жіберді. Қазақстан жағының да, оған қоса түркімен, қарақалпақ, қырғыз жағының біріккен наразылығы да, ерекше пікірлері де менменсінген Аумақтық комиссияға дәлірегі РК(б)П ОК Орта Азия бюросына әсер ете қоймады. Керісінше, қазақ жағының өкілдері ұлтшылдар, бұрмалаушылар, ұлттық - аумақтық межелеудің принциптерін түсінбеушілер, тіпті партияның ұлт саясатына қарсы шығушылар ретінде айыптауға дейін барды /25/.
Аумақтық комиссияда жеңіске қол жеткізе алмаған қазақ жағының өкілдері өз күрестерін енді РК(б)П Қазақ обкомы, Қазақ Орталық Атқару Комитеті және Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі арқылы жүргізе берді.
Қазақ АКСР-нің астанасы Орынбор қаласының ұлттық-мемлекеттік межелеу шаралары жүргізіліп жатқан Орта Азиядан шалғай жатуы да қазақ жағының өкілдері үшін жағдайды біршама ауырлата түсті.
Өйткені Орта Азияда болып жатқан процестер жайлы хабарлар Орынборға кешігіп барып жетіп жатты. Сонымен қатар РК(б)П ОК Орта Азия бюросы және оның Аумақтық комиссиясы Орынборда орныққан қазақ ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Қазақ өзбек шекара мәселесі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Тарих курстық жұмыстар, Қазақ өзбек шекара мәселесі, курстык Қазақ өзбек шекара мәселесі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Тарих курстық жұмы, Курстық жұмыс: Тарих | Қазақ өзбек шекара мәселесі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін