Курстық жұмыс: Қолданбалы математика | Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы

Курстық жұмыс: Қолданбалы математика | Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы казакша Курстық жұмыс: Қолданбалы математика | Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................3

1. Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы диагностикасының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының түсінігі және
оның маңыздылығы.................................................................6

1.2 Диагностиканың факторлар кеңістігін қалыптастыруы..9
2 . Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының
диагностикасы (АТФ Банк

2.1 Қазақстандағы жалпы банк саласының және АТФ Банктің қысқаша сипаттамасы............................................132.2 АТФ Банктің дағдарыстық жағдайының
диагностикасы........................................................................15
3. АТФ Банктің жалпы даму динамикасына баға беру......24

Қорытынды ...................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................28......


1. Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы
диагностикасының теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының түсінігі және
оның маңыздылығы.

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның негізгі мақсаты – бәсекелестікке төтеп беру, өміршілдігін тұрақтандыру. Осыған байланысты кәсіпорынның стратегиясы бәсекелес фирмалар жағдайымен салыстырылып отыруы тиіс. Кәсіпорынның жағдайын бәсекелестермен салыстыру арқылы дағдарысқа қаншалықты жақын тұрғаннын анықтау керек. Ал, егер анықтамаған жағдайда дағдарыс тереңдеп, банкроттыққа айналады. Дағдарыс пенен банкроттық арасындағы аралықты уақытысында тану қажет. Диагностиканың негізгі мақсаты осы аралықты ерте танып, дағдарысқа баға беру. Диагностика жасау нәтижесінде кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы анықталады және тенденциясы көрсетіледі.
Дағдарыс факторлардың сандық өзгеруіне байланысты болса, онда экономикалық жағдай анықталғандық деп қарастырылады. Осы жағдайда дағдарыстан шығу ықтималдығы жоғары.
Егер дағдарыс сандық өлшемі жоқ кездейсоқтық жағдайларға байланысты болса, онда ол анықталмағандық ортада болады. Бұл жағдайда тәуекелділік шешім қабылданады.
Бүгінде кәсіпорынның жемісті жұмыс атқарып жатқаны, оның өз алдына қойған мақсатына жеткендігінің нәтижесі. Әрбір кәсіпорын үшін ең басты мақсат - өмір сүруге қабілетті, яғни бәсекеқабілетті болуы. Кәсіпорын өз қызметінде құлдырау тенденциясының қаншалықты қауіпті екенін, қолайсыз құбылыстардың жиынтығы кәсіпорынды қашан және қалай әлсірететіндігін , одан кейін кәсіпорын жағдайын дағдарысқа алып келетінін алдын ала анықтап біліп отырумыз қажет. Ал біздің басты мақсатымыз кәсіпорын қызмет ету барысында дағдарысқа алып келетін қолайсыздықты білдіретін белгілі бір көрсеткіштердің жинақталуының бастауын анықтау болып табылады. Дағдарысты тудыратын көрсеткіштер жиыны өте көп. Сондықтан да кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы өте күрделі және көп шаралық мәселе болып саналады.
Жалпы алғанда дағдарыс дегеніміз – көптеген экономикалық белгілеріне сәйкес нақты бір уақыт мерзіміндегі кәсіпорын қызметінің қолайсыз нәтижесін көрсететін экономикалық категория. Экономикалық теория көзқарасы бойынша дағдарыс - кәсіпорынның құрылу моментінен жойылуына дейінгі уақыт аралығында қайталанып тұратын барлық экономика субьектілеріне тән құбылыс.
Негізінде кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы, ол - кәсіпорын неселік қарыздарын төлеу алмау және өз ресурстары арқылы төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алмау нәтижесінде банкроттыққа ұшырау прцессін айтады. Осы жерде кәсіпорынның құлдырау процессін алып қарасақ, дағдарыстың бастау алуы мен банкроттыққа ұшырауы аралығында едәуір уақыт кесіндісі қалыптасады. Яғни, дағдарыстың бар екендігін анықтаған жағдайы мен банкроттықтың басталуының аралығында кәсіпорын өз ресурстары арқылы төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алуға мүмкіндігі бар, тек дер кезінде дұрыс шешім қабылдауға икемді болу керек. Ал банкротқа ұшырағаннан кейін оны қалыпына келтіру мүмкін болмайды, тек бұл кезде кәсіпорын тек не жабылады не басқа қаржы көздерімен қаржыландырылады. Сондықтан да дағдарыстық жағдайды алдын ала біліп және талдау жүргізіп отыру қажет. Дағдарыс ешқашан да бірден қалыптаса қалмайды, ол жылдар бойы, айлар бойы жинақталуы мүмкін.
Кәсіпорын қызметінің қолайсыз құбылысына кәсіпорын ішіндегі кез келген мәселелі жағдайларды жатқызамыз. Олар: сыртқы орта факторлары ( макроэкономикалық, салалық, әлеуметтік – саяси және т.б. ), фирмаішілік факторлары ( қаржылық жағдай, өндірістік процесс, маркетинг, кадр ресурстары ) болуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінде қолайсыз өзгерістерді болдыратын белгілер өте көп және әртүрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызамыз : өтімділіктің төмендеуі, табыстылықты және қаржылық тұрақтылықты жоғалту, шығындардың өсуі және т.б. Осы аталғандар қолайсыз жағдайдың туындауына әсер етуі бірдей болып келеді . Өйткені барлық факторлар бір бірімен тығыз байланыста болады , яғни бір фактордың теріс көрсеткішке ие болуы, келесі бір фактордың төмендеуіне алып келеді.
Жалпы алғанда диагностика дегеніміз - кәсіпорынның дағдарыс деңгейін анықтау:
1) дағдарыс жағдайында S1
2) дағдарыс емес жағдайда S2
Диагностиканың мынадай үш маңызды талаптар қойылады :
- дағдарыс кезеңін уақытылы анықтау
- тану нәтижелерінің дәлдігі
- диагностика үздіксіз жүруі қажет
Сонымен кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы дегеніміз - кәсіпорын дағдарыстық жағдайда немесе дағдарыс жағдайда емес деген екі баламалы шешімнің біреуін қабылдау.

1.2 Диагностиканың факторлар кеңістігін қалыптастыруы.

Диагностика жағдайында кәсіпорынның экономикасын құрайтын көрсеткіштердің алатын орны ерекше, сол үшін ең алдымен диагностикаға қатысатын кәсіпорынның экономикасына талдау жасалыну керек. Бәсекелес кәсіпорындардың экономикасына ішкі және сыртқы ортаның факторлары әсер етеді. Жалпы алғанда, кәсіпорын жағдайын талдау - бұл кәсіпорынның құрылымында болатын процестерді зерттеу ғана емес, ол ең алдымен фирманың қызмет атқарып жатқан ортасын талдау. Кәсіпорынның басқару шешімдеріне негізінен ішкі орта және сыртқы орта факторлары әсер етеді. Микроорта кәсіпорынға тікелей қатысты күштер яғни, тұтынушыларға қызмет көрсету, жабдықтаушылармен, бәсекелестермен қарым қатынас орнату және т.б. Макроорта фирмаға кең әлеуметтік жобада әсер ететін күштер. Ол көбінесе демографиялық, экономикалық, табиғи, техникалық, саяси және мәдени факторлар болып табылады. Микроорта факторларын кәсіпорынға тікелей әсер ететін факторларға, ал макроорта факторларын жанама әсер ететін факторларға жатқызамыз. Сонымен, кәсіпорынның ішкі ортасы микроорта ретінде, ал нарық макроорта болып табылады. Кеңістікті қалыптастыру кезінде біз кез келген кәсіпорынды ала аламыз. Қалған бәсекелес кәсіпорындар сол салада қызмет атқару керек. Диагностика объектілері біртектес салалық объектілер болғаны дұрыс. Диагностиканың нақтылығын арттыру үшін экономиканы толық сипаттайтын факторлардың жиынын дұрыс таңдау керек. Ішкі ортаның факторлары мынадай төрт блоктан тұрады:
1. Өндіріс
2. Өнімді өткізу (маркетинг)
3. Қаржы
4. Кадрлар
Жалпы алғанда, бұл кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының негізгі төрт бөлімшелері болып табылады. Бірақ көрсеткіштерді шектеуге болмайды. Тек олар кәсіпорынды талдау кезінде нақты мәнге ие болуы керек. Кәсіпорынның қызметі жоғарыдағы төрт блоктың көрсеткіштеріне байланысты болып келеді. Сондықтан да, осы блоктарға байданысты көрсеткіштер таңдалады.
Диагностика этаптары:
I. Көрсеткіштер кеңістігін қалыптастыру
II. Бейнені айқындауды зерттеу
III. Шешім қабылдау
IV. Шешімнің нақтылығын бағалау

I. Көрсеткіштер кеңістігін қалыптастыру этапында кәсіпорынның мүмкіндігінше барлық көрсеткіштерін жинастырып төрт блокқа бөлу қажет. Әр блокқа корреляциялық таблица жасалады. Таблицаның мәліметтері бойынша өзара тығыз тәуелді факторлардың негізгі біреуін алған жеткілікті. Жалпы блок бойынша өзара тәуелді емес факторлар алғаны дұрыс. Факторлар диагностика жасағанда дәл мәнге ие болатындай етіліп таңдалынып алыну қажет. Диагностиканы әр блокқа жеке жасауға болады немесе әр блоктың негізгі көрсеткіштеріне байланысты жасауға болады. Ал бұл курстық жұмыстағы зерттелетін фирма қаржы секторына жататандықтан және оның қызметі қаржы блогына тікелей байланысты болғандықтан тек қаржы көрсеткіштері алынады.
II. Бейнені айқындауды зерттеу этапында басты мақсат – кәсіпорындарды S1 және S2 класстарын тануда зерттелетін обьектілердің мәліметтері болуы қажет:
мұндағы mi – сол зерттелетіндердің жалпы саны болып келеді. Оларды Шешімнің нақтылығын дәл бағалауды зерттеу орташа векторларын таңдау арқылы және ковариациациялық матирасын есептеу арқылы жүргізіледі.

III. Шешім қабылдау этапында кәсіпорынды дағдарыстағы емес немесе дағдарыстағы тобына жататындығы туралы шешім қабылданады. Шешім қабылдау үшін шындыққа жанасу статистикасы қолданылады.
IV. Шешімнің нақтылығын бағалау этапында 1-ші және 2-ші ретті и айқындауының қатесінің ықтималдылығы есептеледі. бойынша алынған мән - зерттеліп отырған обьектінің S1 немесе S2 кластарының қайсысына жатуының қаншалықты шын екендігін көрсетеді.

2 . Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының
диагностикасы (АТФ Банк)
2.1 Қазақстандағы жалпы банк саласының және АТФ Банктің қысқаша сипаттамасы.

Қазақстандық экономиканың бүгінгі дамуында еліміздің қаржы секторы сапалы жаңа даму деңгейіне жетті. Болашақтағы даму жоспарындағы жемісті жұмыс атқаруына бағытталған реформалардың көп бөлігі орындалды. Бүгінгі күні Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдері бойынша алдыңғы даму деңгейінде және де ол білікті халықаралық мамандармен дәледенген. Елімізде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Ұлттық Банк еліміздің орталық банкі, яғни бірінші деңгейдегі банк болып табылады, ал қалған банктер екінші деңгейлі банктер жүйесіне жатады. Қазақстанның банк жүйесінде 34 банк жұмыс атқарады, оның 14-і шетелдік банктердің үлесімен құрылған. Екінші деңгейлі банк жүйесінің ішінен үш ірі банк “ТұранӘлемБанкі”, “Казкоммерцбанкі” және “Халық Банкі” жетекші орында, яғни олардың үлесінде бүкіл банк жүйесіндегі активтер жиынтығының 60%-ы болады. Алматы қаласының өзінде 28 банк, 29 банк филиалдары және 229 есептік-кассалық бөлімшелері орналасқан. Екінші деңгейлі банктердің жиынтық меншік капиталының көлемі ағымдағы жылдың басынан 86,6 млрд. теңгеге өсіп, 673,8 млрд теңгені құрады. Ал соңғы 2006 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтерінің сомасы 45,7%-ға өсіп, 6578,1 млрд. теңгені, берілген несиелердің көлемі 47,6%-ға өсіп, 3825,5 млрд. теңгені, меншік капиталының көлемі 52,7%-ға өсіп, 896,7 млрд. теңгені құрап отыр.
Банк секторындағы жоғарғы көрсеткіштерге қарамастан, әрдайым оны жетілдіру жолында болу қажет. Соңғы кездері екінші деңгейлі банк мекемелерінен несие беру көлемі өте жоғары деңгейде болуда, яғни банктер жоғары тәуекелділікке барады. Олардың қайтарылуына ешкім кепіл бере алмайды. Және де банктердің сыртқы қарыздарының өсуі байқалуда. Сонымен қатар, Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруі банк секторына әсері мол болып келеді. Бәсекелестің артуына байланысты және еліміздің банктік пайыз мөлшерлемесінің жоғарлығынан, кейбір банктер өз тұрақтылығын ұстай алмауы мүмкін. Сондықтан да халықаралық қаржы орталықтарымен тең дәрежеде болғымыз келсе, осы мәселелерді шешуіміз қажет. Осыған байланысты болашақта Алматыны қаржы орталығына айналдыру арқылы жетістіктерге жету күтілуде. Өзіміздің ішкі банк жүйесіндегі бәсекелестікті қадағалап отыру маңызды мәселелердің бірі болып келеді. Жалпы ішкі банк жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында әртүрлі әдістер қолданылады. Сондай бір жаңа әдістің түрі кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы болып келеді. Осы арқылы кәсіпорынның даму деңгейін талдап отырамыз.
Менің бұл курстық жұмысымда зерттеуге алынған банк АТФ Банк. 1995 жылдан бері өз қызметін атқарып келе жатқан банк бүгінгі күні қарқынды даму үстінде. Жалпы алғанда АТФБанк екінші деңгейлі банктер, яғни бәсекелестері арасында бестіктің қатарына ілінеді. Және де Қазақстанның жетекші қаржы институттарының бірі ретінде, сонымен қатар шағын және орта бизнес үшін ең мықты банк болып танылған.
2005 жылдың 9 айынының қорытындысы бойынша, банктің жалпы табысы алдағы жылмен салыстырғанда 53,7%-ға өсіп, 2,07 млрд теңгені құраса, биылғы жылдың 9 айының нәтижесі 4,23 млрд теңгені көрсетіп отыр. Активтерінің сомасы 359,1 млрд тенгені құраса, соңғы 2006 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 589,7 млрд теңгеге дейін артқан. Жоғарыдағы көрсеткіштеріне қарап, онымен тоқтамау қажет. Әрдайым банк қызметіне диагностика жүргізіп отыру қажет.


2.2 АТФ Банктің дағдарыстық жағдайының
диагностикасы.
Кәсіпорынның дағарыстық жағдайының диагностикасына банктердің келесі көрсеткіштері (Pi) алынды:
1. Активтер
2. Меншік капиталы
3. Пайда
Мұнда банктердің 2006 жылдың 9 айының мәліметтері келтірілген.
Бәсекелес банктердің арасында зерттеуші банктің бәсекелестік деңгейін анықтау
№ Көрсеткіштер(Pi) S1 S2 X
X1(1) X2(1) X3(1) X1(2) X2(2) X3(2) X4(2)
1 Активтер млрд.тенге 1444 1411,5 797,8 514,4 200,5 159,9 139,8 589,7
2 Меншік капиталы млрд.тг 125,7 127,84 81,05 34,67 15,75 17,87 21,86 50,15
3 Пайда млрд.тг 28,71 20,75 15,53 5,37 2,9 0,66 1,87 4,2

S1 – дағдарыс емес жағдайындағы банктер. ( X1(1), X2(1), X3(1) )
m1- S1 тобындағы банктер саны
S2 – дағдарыс жағдайындағы банктер. ( X1(2), X2(2), X3(2), X4(2) )
m2- S2 тобындағы банктер саны
X1(1) - ТұранӘлем Банкі
X2(1) – КазКоммерц Банкі
X3(1) - Халық Банкі
X1(2) - ЦентрКредит Банкі
X2(2) – Каспий Банкі
X3(2) – Нұр Банкі
X4(2) - Темір Банкі
Х – Зертеуге алынған банк АТФ Банкі
1.Бірінші этапта (бейнені айқындауды зерттеу) кестеде берілгендер бойынша а1мен а2 орташа векторларын және М1 мен М2 ковариациалық матрицаларын бағалау есептеледі.
(1) (2)
Х11 = ⅓(1444,0+1411,5+797,8)=1217,77
Х21=⅓ (125,7+127,84+81,05)=111,53
Х31=⅓ (28,71+20,75+15,53)=21,66
(2) формуладан (3) (4)
Х12=1/4(514,4+200,5+159,9+139,8)=253,65
Х22=1/4(34,67+15,75+17,87+21,86)=22,54
Х32=1/4(5,37+2,9+0,66+1,87)=2,7
онда (4) формуласы бойынша
Енді М1 и М2 матрицасын табамыз :
(5) осыдан (6)
i=1,2,3,4; j, l =1,2,3.
(6) формуласы бойынша шығарамыз :
m111= 1/3[(х111-х11)2+(х121-х11)2+(х131-х11)2] = 1/4[(1444-1217,77)2+
(1411,5-1217,77)2+(797,8-1217,77)2]=1/3[226,232+193,732+(-419,97)2]= 1/3(51180+37531,35+176374,8)=88362,04

m121 = m211 = 1/3[(x111-x11)(x211-x21) + (x121-x11)(x221-x21) + (x131-x11)(x231-x21) ] = 1/3[(1444-1217,77)( 125,7-111,53)+( 1411,5-1217,77)( 127,84-111,53)+
(797,8-1217,77)( 81,05-111,53)]=63,88,7

m131 = m311 = 1/3[(x111-x11)(x311-x31) + (x121-x11)(x321-x31) + (x131-x11)(x331-x31)] =1/3[(1444-1217,77)(28,71-22,66)+(1411,5-1217,77)(20,75-22,66)+
(797,8-217,77)( 15,53-22,66)]= 1331,01

m221= 1/3[(х211-х21)2+(х221-х21)2+(х231-х21)2] = 1/3[(125,7-111,53)2+
(127,84-111,53)2+(81,05-111,53)2] =465,28

m231 = m321 = 1/3[(x211-x21)(x311-x31) + (x221-x21)(x321-x31) + (x231-x21)
(x331-x31)] = 1/3[(125,7-111,53)(28,71-22,66)+(127,84-111,53)(20,75-22,66)+
(81,05-111,53)( 15,53-22,66)]= 90,63

m331= 1/3[(х311-х31)2+(х321-х31)2+(х331-х31)2] = 1/4[(28,71-22,66)2+
(20,75-22,66)2+(15,53-22,66)2] = 29,37......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Қолданбалы математика курстық жұмыстар, Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы, курстык Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жоба, Курстық жұмыс: Қолданбалы математика | Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін