Экономика | Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі

 Экономика | Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздері.................................................................................................................. 4
1. 1 Кәсіпорында жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы............. 4
1. 2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі............................................................. 9
1. 3 Құрал – сайман шаруашылығын ұйымдастыру......................................... 11
2 Оңтүстік Қазақстан Облысының тоқыма өндірісіндегі жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау...................15
2. 1 Тоқыма станогының құрылысы мен жұмысы........................................... 15
2. 2 Маталарды өңдеу процесіндегі пайда болатын ақауларды жөндеу жұмыстарын талдау.............................................................................................. 18
3 Кәсіпорынның өндіріс процесінде жабдықтарды жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстарды жетілдіру жолдары...............................23
3.1 Тоқыма машиналарын жөндеуді жоспарлау мен техникалық қызмет көрсетуді жақсарту бағыттары........................................................................... 23
3. 2 Тоқыма машиналарының жөндеу түрлері мен
ұйымдастырылуы..................................................................................................31

Қорытынды.........................................................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................48.....


1 Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорында жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы.

Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады. Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
• негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу:
• кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынғаи құрал-жабдықтарын орнату;
• қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
• қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;
• жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына бас механик бөлімі, жөндеу-механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.
Цехтарда цех механиктері басқаратын цехтың жөндеу қызмет орындары ұйымдастырылады.
Бас механик бөліміне құрал – жабдықтарды күтумен және модернизациялаумен жөндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын дайындаумен айналысатын конструкторлық – технологиялық бөлім жұмыстарын материалдармен қамтамасыз ететін және жөндеу жұмыстарын диспетчерлеу және жоспарлаумен айналысатын жоспарлау – өндірістік бөлімі, кәсіпорында жоспарлы ескерту жөндеу жұмыстарының жүйесін сақтауды бақылаумен және жалпы басшылыққа алумен айналысатын жоспарлы-ескерту жөндеу бөлімдері кіреді. Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады.
Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен тығыз байланыста ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.
Техниканы жөндеу және негізгі қорларға қызмет көрсету жүйесінің негізгі түріне құрал-жабдықтарды жоспар бойынша алдын - ала жөндеу жүйесі жатады.
Құрал – жабдықтарды жоспарлы түрде алдын – ала жөндеу жүйесі құрал - жабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын қамтиды. Осы жүйенің құрамына құрал - жабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету, мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құрал-жабдықтарды күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту, майлау, жұмыстарын жургізу кіреді. Бұл жұмыстардың барлығы дерлік өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
Жөндеуаралық қызмет көрсету жұмыстары құрал-жабдықтардың күйін бақылау үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы мехаиизмдерді өз уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Мұндай жұмыстарды жөндеу қызметінің кезектегі жұмысшылары орындайды. Олар құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін түскі үзілісте немесе жұмыстан тыс уақытта тазалап, күтіп, сүртіп және жөндеудің ұсақ түрлерін орындап отырады.
Агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін орындалатын ағымдық жөндеудің көлемі жағынан ең қарапайым түрі болып саналады. Оған машинаньң жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған жөндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын жатқызуға болады.
Орташа жөндеудің ағымдық жөндеуден айырмашылығы ауыстыруға арналған бөлшектердің саны мен көлемінің көбірек болуы мен ерекшеленеді.
Күрделі жөндеуге «агрегаттың кез - келген бөліктерін ауыстыра отырып толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады.
Күрделі жөндеудің негізгі міндетіне құрал - жабдықты бастапқы қалпына келтіру мақсатында оның техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және еңбек өнімділігін арттыру, құралдардың жұмыс істеу дәлдігінің стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету саналады.
Алдын – ала жургізілетін жөндеу жұмыстары жөндеу циклыньщ ішінде жөндеудің тек екі түрін, яғни ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуден тұрады. Мұндай кезде күрделі жөндеу құрал - жабдықтарды модернизациялаумен қатар жүреді. Күрделі жөндеуді ұйымдастыруды орталықтан жүргізу дәрежесіне қарай үш түрге бөлуге болады: орталықта жүргізу, жан-жақта жүргізу және аралас жөндеу жұмыстары. Орталықта жүргізілетін жөндеу жұмыстары бойынша жөндеудің барлық түрлерін жөн-деу-механикалық цехтар өз күшімен жүргізеді, жан - жақта жүргізілетін жөндеу жұмыстары цех механигінің басшылығымен цехтың жөндеу қызметтерініц көмегімен атқарылады. Ал жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудың аралас түрі орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жөндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына негізделеді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу - механикалық цехы жүргізеді.
Алдын – ала жөндеу жұмыстарымен қатар кәсіпорындарда қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарын техникамен қамтамасыз ету. Алдын – ал жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесін енгізу алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Оларға құралдардың топтамасын және олардың құжатын дайындау, ауыстырылатын немесе қажетті запас бөліктердің қажетті шамасын анықтау, құрал – жабдықтың түрі мен шамасына қарай альбомдар дайындау, запас бөліктер мен түйіндерді сақтауды ұйымдастыру, құралдарды жөндеу жәпе оларға қызмет көрсетуші өндірістік және жөндеу мамандарын қайта дайындау жұмыстары жатады.
Құрал - жабдықтардың топтамасына техникалық қызмет көрсету инструкциясын әзірлеу, жөндеу жұмыстарының типтік технологиясын дайындау, бірыңғай ауыстыратын бөліктердің санын анықтау үшін оларды біркелкі белгісіне қарай топтау кіреді.
Төлқұжаттаудың мазмұньна кәсіпорында қолданылатын еңбек құралдарының толық техникалық сипаттамасын қалыптастыру жатады. Зауыттан шыққан әрбір құрал - жабдықтың төлқұқжаты болады. Онда құрал-жабдықтардың техникалық мәліметтері, ондағы өзгерістер, жұмыс тәртібі, жүктеу шегі, байқау нәтижесі мен жөндеу тәртібі жөніндегі мәліметтер болады. Құрал – жабдықтың төлқұжаты - оларды жөндеу және оған қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жоспарлауда негізгі құжат болып саналады.
Өндірістік персоналдың және жөндеу жұмыстарын жүргізуші персоналдардың инструкциясын дайындау және жөндеу жұмыстарының технологиясы құрал - жабдықтарды жөндеу және олардың ұйымдастыру- техникалық деңгейін көтеруге және кәсіпорындағы құрал - жабдықтарды тиімді пайдалануға көмектеседі.
Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесі бойынша құрал-жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау белгілі бір нормативтерге негізделеді. Соның нәтижесінде кәсіпорын және оның жеке бөлімшелерінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарының көлемі, оның кезектілігі бірыңғай станоктардың тобы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімі анықталады. Бұл нормативтер жүйесіне жөндеудің күрделілік категориясы, жөндеу бірліктері, жөндеу циклының құрылымы мен ұзақтығы, жөндеу аралық және байқау аралық мерзімдер ұзақтығы, жөндеу мерзімінің ұзақтығы кіреді. Сонымен қатар оған құрал – жабдыққа қызмет көрсетудің жөндеу аралық нормативі, тез тозатын бөліктер запасы мн запас бөліктер, материалдарды жұмсау нормативтері, де жатады. Агрегат күрделі болған сайын оның күрделілік категориясы да жоғары болады.
Мысалы, токарлық станоктың жөндеу күрделілік категориясы мына формуламен анықталады:
Rт.с. = а (Кh + К1 + Кn) + С1 + С2,
мұнда,
а – станоктың конструктивті ерекшелігін сипаттайтын коэффициент;
Кh – центр биіктігін ескеретін коэффициент;
К1 – екі центрдің ара қашықтығын көрсететін коэффициент;
Кn – штиндельдің жылдамдығының сатылар сайын ескеретін коэффициент;
С1 – жеке механизмдердің жөндеу күрделілігі мен ерекшелігін құраушы;
С2 – гидро жүйенің жөндеу күрделілігін ескертетін құраушы.
Күрделілік категориясы құрал-жабдықтарды жөндеу ерекшелігінің сапалы критерийі болып саналады.
Агрегаттардың жөндеу жұмыстарының сыйымдылығы жөндеу бірліктерімен анықталады. Жөндеу бірлігін "ч" әрпімен белгілеу калыптасқан.
Күрделілік категориясы мен жөндеу бірлігі кез келген агрегат бойьшша сәйкес келеді.
Жөндеу циклы дегеніміз барлық алдын ала бекітілген жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын анықталған тәртіп бойынша құрал-жабдықтардың ең төмен қайталанатын пайдалану мерзімін айтады.
Жөндеу аралық мерзім дегеніміз екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы құрал-жабдықтардың жұмыс істеу мерзімін көрсетеді.
Байқау аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін кезекті жөндеу және байқау арасындағы құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін айтады.
Жөндеу мерзімі дегеніміз құрал-жабдықтың жөндеуде тұрған мерзімін айтады.
Кәсіпорынның жөндеу қызметінің нәтижесін сипаттайтын негізгі техника – экономикалық көрсеткіштерге құрал – жабдықтың әрбір түрін жөндеу және техникалық – қызмет көрсетудің толық өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығы, жалпы жұмыскер санындағы жөндеуші персоналдың үлес салмағы, режимдік уакыт қорындағы жөндеуде тұрған құрал-жабдықтың бос тұру уақытының пайызы, құрал-жабдықтың біреуіне келетін қосымша материалдардың шығыны және тағы басқа көрсеткіштер жатады.
Құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.
Өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрал-жабдықтарды жөндеу, оларға қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруды жетілдіру қажет болады.
Оларды жетілдірудің негізгі жолдарына:
• құрал-жабдықтарды жөндеуді орталықтандыру және мамандандыру жатады. Мысалы, станоктар, машиналар және механизмдерді күрделі жөндеуден өткізу үшін мамандырылған зауыттардың өндірістік қуатын арттыру, машина және механизмдерді дайындаушы кәсіпорындардың құрал-жабдықтарды фирмалық жөндеуін әрі қарай дамыту;
• кәсіпорындарды орталықтандырылған түрде бөліктермен, болшектермен жабдықтай отырып, олардың жөндеу және қайта жөндеу-жинау жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау:
• кәсіпорындарда құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді орталықтандыру;
• жөндеу жұмыстарын жүргізуде озық үлгідегі әдістерді пайдалану және механикаландыру жұмыстарын жургізу;
• машиналардын беріктілігін жоне үзак мерзім жұмыс істеуін арттыру үшін жөндеу жұмыстарына қажеттілік және техникалық қызмет көрсету көлемін қысқарту арқылы құрал-жаблықтың, машиналардың барлық өмірлік циклын-да бір күрделі жөндеумен шектелуге мүмкіндік беру;
* жөндеуші мамандар жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру және
олардың біліктілігін көтеру және тағы басқа іс – шаралар кешені
жатады
1.2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі

Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы мүмкін. Іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі қу-ралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін, өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни күрделі жөндеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып, активтің болашақта табыс әкелуі көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұйымдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі НҚ-2-ші «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау - тапсыру актісі» толтырылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланысты тиісті деректер жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымның бухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жендеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгілі түрі НҚ-2 «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, онда ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:
«Аяқталмаған құрылыс»;
«Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар»;
«Жалпы және әкімшілік шығындар»;
«Негізгі құралдарды жөндеу» үстеме шығындары деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, ал мына төмендегі:
«Материалдар»;
«Бюджетпен есеп айырысу»;
«Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің несиелік борышы»;
«Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу»;
«Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу»;
«Басқадай несиелік борышпен есептеулер» деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын (резервтер) құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын (резервті) құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады.
Жабдықтарды пайдалану процесі кезінде жабдықтарға аброзивті – сілтілі ортаның әсері тиеді. Бұл орта машиналардың техникалық шарттарын түйіндері мен бөлшектерін тез жарамсыздануға әкеп соғады.
Кейбір жағдайларда жабдықтар комплект болып жұмыс істейді. Бұл кезде бір машинаға жөндеу жұмысы жасалыну керек болса, онда қалған жұмыс істеп тұрған машиналарды да тоқтату керек болады. Осындай жағдайларда жоспарлы - сақтық жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жүргізетін ұйымдар машиналардың бұзылған түйіндерін тез арада жөнделетін шараларын қарастырады.
Жабдықтарды экономикалық және тиімді пайдалану үшін техникалық сауатты, рационалды жөндеу керек. Сонымен қатар қысқа мерзімде жоғары сапалы жөндеу жұмыстарын жасап, экономикалық жағынан жұмыс шығындарын, материалдық шығындар мен ақшалай қаражаттардың неғұрлым аз кететін жағдайларын қарастыру керек.
Жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өз міндетінде техникалық – қауіпсіздік ережелері, санитарлық – гигиеналық ережелерін және табиғатты қорғау ережелерін білетін арнайы бірнеше тексеруден өткен адамдар ғана жіберіледі.
Бұл жұмысшылар қондырғының пайдалану жолын, жұмыс істеу режимін, қауіпті жағдайда не істеу керек екенін және де кезекті қалай қабылдап өткізуді білуге тиіс.
Техникалық қызмет көрсету жоспарлы сақтық жөндеу аралық жұмыстарымен шығарылады және де ондағы жұмыс саны мен мерзімінің нормативі қарастырылады.
Жалпы техникалық қызмет көрсету: жабдықты таза ұстау, майлау жүйесіндегі бөлшектерді майлау немесе майын ауыстыру, жанасу түйіндеріндегі саңылауларды тексеру.
Толық қызмет көрсету – технологиялық көмек көрсету немесе көмек көрсету бригадасымен іске асырылады.
Алдын – ала жөндеу жұмыстарын күрделі жөндеу алдында жүргізіледі. Бұл жерде негізінен күш түсетін жүйелердің тозуын немесе ақаулығын ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!