Денсаулыққа пайдалы кеңестер


Кепкен жемістердің пайдалары

Салауатты, саулықты өмір сүру салтының символы ретінде белгілі кепкен жемістер де ауруларға тосқауыл болып табылады. Әсіресе дәрумендердің тапшы болатын қыс айларында бұл азық түрлерінің орны ерекше. Денсаулыққа пайдалы жұмсақ етінің құнарлығы кептірілген жемістерде көбірек екендігін мәлімдеген мамандар бұл азық түрлерінің міндетті түрде күнделікті ас мәзіріне қосылуы керектігін мәлімдеуде. Қатерлі ісіктен бастап, қан қысымы, қан аздығы, көз ауруларына дейін жақсы әсер ететін құрғақ жемістердің қысқаша пайдалары:

Кепкен өрік (курага): Ас қорыту жүйесіне пайдалы. Стрестің және қан аздығының алдын алады. Құрамындағы А дәрумені терідегі ақаулардың еміне оң әсерін береді. Күніне 5 дана кепкен өрік жеу құрамындағы калий арқылы жүрек бұлшық еттері мен нервтерінің жетілуінде маңызы зор.

Кепкен жүзім: Энергия көзі. Қақырық түсіргіш қасиетіне байланысты тыныс жолдары ауруларына қарсы пайдалы. Күніне 10 данасын жеу арқылы қан қысымының төмендеуіне әсері бар. Суықтауға қарсы да иммунитетті күшейтеді.

Кепкен алма: Тыныс тарылуы, астма, жүрек мазасыздығына қарсы жақсы әсер етеді. Құрамындағы талшықты ерекшелігімен ішектерді тазалайды. Көзді шаршататын іскерлерге күніне бір уыс кепкен алма жеу пайдалы.

Кепкен құрма: Антиоксидант қасиетімен иммунитет жүйесін күшейтеді, қатерлі ісікке қарсы қорған ретінде әсерлі. Тері әсемдігі мен саулығы тұрғысынан пайдалы. Асқорыту қиындығы барларға жақсы әсер етеді. В1, В2 дәрумендері арқылы жүйке жүйесіне қорған. Ми функцияларын реттейді.

Кепкен қара өрік: Мол мөлшерде В1, В2, В3, В6, А, С және Е дәрумендерін қамтиды. Қатерлі ісікке және қартаюға қарсы қорғаушы әсері бар. Құрамындағы калий және магний арқылы бауыр, жүрек, бүйрек және ревматизм ауруларына қарсы пайдалы.

Кепкен інжір: Талшық мөлшері өте жоғары болғандықтан салмақ тастауда пайдалы. Аминқышқылдар тұрғысынан қанық. Осы арқылы жасуша қалыптасуында, дененің жаңалануында белсенді рөлі бар. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Безеуге қарсы маскалар

Терінің ең көп тараған ауруы – безеу. Безеу көбінесе 14-16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды.

Көптеген адам безеуден құтылу үшін қымбат дәрілермен, кремдер сатып алады. Негізі, безеуді үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау арқылы емдеуге болады. Үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау сіздің қаржыңызды үнемдейді. Үй жағдайында безеуге қарсы мынадай маскалар жасауыңзыға болады. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

ҮНДІ қыздарының шашты ЖЫЛДАМ өсіретін оңай үш

Ғалымдардың зерттеуінше, неғұрлым шаш ұзын болса – соғұрлым әйелдің нәзіктігі артады екен. Олай болса, шашыңызды өсіріңіз. Қалай? Фото: zastavok.net Фильмдерден, клиптерден шашы қысқа үнді қызын көргенсіз бе? Жоқ! Олардың бәрінің шашы ұзын. Өйткені, олар осы үш әдісті қолданады. Шаш өсіру үшін сіз де пайдаланып көріңіз. Гүлді өсіру үшін оған күтім жасау керек. Дәл сол сияқты шашты өсіру үшін де оған арнайы көңіл бөлген дұрыс. Бұл тұрғыда гүлге қажетті суды шашқа арналған нәрлендіргіш маскаларға теңеуге болады. Осы орайда үнді қыздарының шаш өсіруде қолданатын әдістерімен таныс болыңыз. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектің бағасы аспандап тұрғаны белгілі. Тіпті кейбір дәрілерді алып ішуге қалтамыз көтермей жатады. Мұндай оқиға бәріміздің де басымызда болған шығар. Соны ескере отырып, біз бүгін сіздердің назарларыңызға қарапайым халық кеңестерін ұсынғымыз келіп отыр.

1. Тұмау кезінде денеңіз қатты қызса.

0,5 литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.

2. Басыңыз ауырса. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Бас ауруы,себептері мен емі

Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп көп: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.) және басқалар. Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге барып, ауру себебін дәл анықтап алғаныңыз дұрыс. Дәрігер рұқсат еткен жағдайда төмендегі кеңестерді пайдалануыңызға болады.
Шаршаудан туынлаған бас ауруы кезінде жылы бұлау, мелисса немесе түймедақтан дайындалған шай көмектеседі. Кей жағдайларда валериана ішу немесе теңіз тұзы, шөптер қосылған бұлау жасау пайдалы. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Денің сау болсын десең

1) Жеткілікті мөлшерде су ішуге тырысу керек.

2) Әр көкөніс пен жеміс-жидектерді өз мезгілінде жеу керек. Басқа мезгілде жеуден сақ болған жөн.

3) Күнде айран және біраз бал жеу керек.

4) Жалбыз (мята), жебіршөп (тимьян), зығыр дәндері, содана.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Үсік шалғанда алғашқы көмекті қалай көрсетеді?

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы үсік шалған кезде алғашқы көмек көрсетуді және қатты аязда өзін қалай сақтаудың жолдарын ұсынады.

Үсік шалу – төмен температураның әсерінен ағзаның кез келген жерінің бүлінуі.

Үсік шалу дәрежесі:

І дәрежелі үсік шалу (ең жеңіл түрі), әдетте, суықтың қысқа уақытта әсер етуінен туындайды. Зақымдалған тері учаскесі ақшыл болып, жылынғаннан кейін қызарады, кей кезде реңі бозғылт-қызыл болады, ісік туындайды. Тері жансызданбайды. Үсік шалғаннан кейін бір аптадан кейін тері қабаты түсе бастайды. Науқас үсік шалғаннан кейін 5-7 күннен кейін жазылып шығады. Мұндай үсік шалудың негізгі белгілері – күю сезімі, зақымдалған тері учаскесінің шаншып, соңынан ұйып....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Ас қорытуға пайдалы азық-түліктер

Бізге дұрыс тамақтануды ұстану мүмкін емес секілді көрінеді. Себебі маңызды істерден қолымыз босамайды. Дұрыс азық-түліктер сатып алып, тамақ дайындауға кейде уақыт, кейде ынта болмайды. Ал асқазанымыздың ауыруы адам төзгісіз бола түседі. Кейін дәрігердің көмегіне жүгінсек болғаны, мәселені бірден қалпына келтіріп береді деп ойлаймыз.
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Ауруханада тегін емделу үшін нені білу керек?

Егер сізге стационарда жатып емделу қажет болса, не істеу керек? Қандай құжаттар талап етіледі? Нені ескеру шарт? Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп әзірленген төмендегі инфографикалар стационарлық емге қатысты маңызды сұрақтарға жауап алуға көмектеседі.
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Доңыз (шошқа) етінің зияны туралы 9 факт

Алла Тағала адам баласына жамандық тілесін бе. Құран Кәрімде: «Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды», – деп шошқа етінің харам екенін ап-айқын көрсетеді. Дініміз рұқсат етпеген бұл жанурадың медициналық тұрғыдан да адам денсаулығына зияны шаш етектен. Өзіміздің төрт түлік малымыз тұрғанда, доңыз етін жей қоймаспыз. Бірақ доңыз еті қосылған шұжық, тағы басқа қоспасында харам мал еті кездесетін тағамдарды бас салып жемес бұрын мынаны есте сақтайық....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық