Денсаулыққа пайдалы кеңестер


Терлей бересіз бе?

Денеден тердің бөлінуі — адам терісінде жүзеге асатын маңызды функция. Тер адам ағзасындағы артық сұйықтық болғандықтан, оның сыртқа шығуы — заңдылық. Бірақ, денеміздің көзге көрінер жерлерінен тердің тым көп мөлшерде бөлінуі ыңғайыссыздық тудырады. Тершең адамның бойынан тәулігіне 3 литрден 14 литрге дейін тер бөлініп шығуы мүмкін. Артық тердің шығуы жайсыздық қана емес, денсаулықта бір ақаудың бар екенін білдіреді....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Ораза туралы 5 аңыз

Ораза кезінде адамға психоэмоционалды, рухани және сарапшы қолдауы қажет. Алғаш ниеттенген адамдарда оразаны қалай дұрыс ұстау керектігі, ораза кезінде және одан кейін қандай сезімде болатындығы туралы сұрақтар туындауы мүмкін. Қалыптасқан әртүрлі аңыздарды ысырып тастап, кәсіби мамандардан жауап алған дұрыс. Осы орайда Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагүл Ержекеновамен әңгімелескен едік.

Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмаудың дәрісіз әдістері қандай?

Көптеген әйелдер жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмау үшін түрлі амал-тәсілдер мен зиянды дәрі-дәрмектерді қолданып жатады. Алайда, олардың көпшілігі денсаулық үшін қауіпті. Мұндай зиянды салдарды болдыртпау үшін БҰҰ-ның арнайы мекемесі әйелдер қауымына оңтайлы тәсілдерді ұсынды деп хабарлайды cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Наурыз көжеге қосылатын МЫНА дәндер ЖЕТІ ауруды емдейді

Наурыз көжені тауысып ішіңіз. Ел ішінде кесеге құйылған наурыз көжемен бірге несібеңіз қоса құйылады. Түгел ішсеңіз жыл бойы тоқшылық пен молшылық сізге серік болады деген сенім бар.
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

ЖҮЗ АУРУҒА ЕМ САРЫМСАҚ ТҰНБАЛАРЫ

Шыны бөтелкеге 12 бау сарымсақ салыңыз, əркайсысы 4 ке бөлінген болуы керек.
Үш стакан қызыл вино құйыңыз үстінен. Аузын жауып терезенің күн түсетін жағына екі аптаға қойып қойыңыз.
Күніне 2-3 рет араластырып тұрыңыз. Сосын шыны ыдыстан қараңғы ыдысқа құйыңыз.

Бір ай көлемінде күніне үш реттен 1 шай қасыкпен ішіп жүріңіз.
Ағзадағы тұзды шығаратын, жұмыс қабілетіңізді арттыратын, қаныңызды тазалайтын, иммунитетіңізді жақсартатын, қантамырларыңызды нығайтатын бірден бір ем осы.

Жүректі өте мықты қылады, қанды тазартып, ағзаны жақсартады.
Артық майларды кетіреді, зат алмасуды жақсартады. Əйелдер ауруларына бірден бір ем. Ағзаңызды оңай əрі жұмсақ жолмен қалдықтардан тазалайды.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Ағза тазалауда көмекке келер 11 тағам

Ішіп-жеген асымыз ағзамызда «қалдық» қалдырады. Ал ағзамызды тазартпасақ, түрлі ауруға әкеліп соқтырады. Олай болса, ағза тазалауға таптырмас 11 дәмге көз жүгіртелік.

1. Миндаль
Оның құрамында қандағы қант мөлшерін қалыпты ұстауға көмектесетін кальций, магний, ақуыз көп. Ал миндаль құрамындағы май ағзадан холестеринді шығарып, ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмек болады.

2. Авокадо
Ол холестерин мөлшерін азайтып, қан тамырларын кеңейтеді. Құрамындағы глютатион 30 түрлі канцрогендердің (организмде қатерлі ісік ауруларын және қатерлі-қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар) жолын кеседі. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Балық майы сіздің денсаулығыңыздың қорғанышы

Таңданарлық нәрсе, бірақ медицина саласындағы ілгерілеу мен көптеген жаңалықтардың ашылып жатқанына қарамастан нәлім бауырынан жасалатын сол баяғы өзіміздің балық майы денсаулығымызды жақсартудың және өмір жасымызды ұзартудың таптырмайтын дауасы болып қалып отыр.

Дегенмен де, жаңадан шығып жатқан қазіргі технологиялар қажетімізге жарады деп айтсақ та болады. Өйткені балық майын қақалып-шашалып тура қасықтан ішудің қажеті жоқ, жай дәмсіз капсулаларды сатып алсаңыз болғаны. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

✅ 1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

✅ 2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Мінезімді түзеймін десеңіз

Қолыңызға қағаз бен қалам алып, тізім жазуға кірісіңіз. Бір жағына өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңізді, екінші жағына өзіңізге қажетті қасиеттерді тізіп жазыңыз.

Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.

Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.

Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.

Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.

Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Миға қуат беретін 19 тағам

Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын мүлік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар фигураңызға қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді.

Диета сүйер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер етеді. Егер сіз сұлулық, мықты денсаулық пен жоғары интеллектті өзіңіз үшін маңызды деп санасаңыз, миыңызды «тамақтандыруда» абай болыңыз. Өйткені, ешбір дене жаттығуы және интеллектуалды жаттығу зиянды тағамдардың әсеріне төтеп бере алмайды. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық