Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Мотивациялық пост

Мотивациялық пост

Мотивациялық пост казакша Мотивациялық пост на казахском языке
Ыдысқа су құйып, терезенің алдына қойыңыз. Құстар су ішсе, сізге рахметін айтады. Бөлмеңізге қорап қойыңыз. Кәдімгі қорап! Біреуді ренжіткен сайын, әлдебір жаманшылық жасаған сайын әлгі қорапқа белгілі бір мөлшерде ақша салып тұрыңыз. Кейіннен ақшаны садақа етіп таратсаң, саған да жақсы, алған адамға да жақсы. Жұмыс орныныңызға банка сатып алып, қойып қойыңыз. Бір ой келді ме, идея, бастама, маңызды емес, кез келген ой, бір кішкентай қағазға жазыңыз да, сол банканың ішіне лақтыра беріңіз. Кейін шығармашылық күйзелісте отырғанда я идея іздегенде әлгі банканы еске алыңыз. Кәдімгідей көмектеседі.
Қандай да бір қайғыға душар болсаңыз, онда «Он жыл тесті» деген тактиканы қолданыңыз. Өзіңізге. Айталық, бір мәселеге душар болдым деңіз. Енді сол мәселе он күннен кейін өзекті бола ма, ойлаңыз. Он айдан кейін ше? Он жылдан соң ше? Әй, қайдам, қандай мәселе болса да, он жылдан соң мәні қалмайды. Демек, өткінші. Демек, ол сіздің жаныңызды жаралайтындай мәселе емес.
Timur Bektur айтады - біреуге көмектесемін деп иә десеңіз, оның жұмысына уақыт бөліңіз. Егер ол сіздің 15 минуттан көп уақытыңызды алатын болса, онда оған жоқ деп жауап берген дұрыс шығар. Қысқасы, ақкөңіл жауапсыз деген атақ алғанша, қатал бірақ жауапты адам деген ат әлдеқайда жақсы.
Төсектен тұра сала, оны жинап тастаңыз. Ойбуй, осы да ақыл болып па дерсіз. Бірақ, бұның сіз жанама әсерін байқадыңыз ба? Таңертең тұра салысымен, кішкентай болсын, бір істі тындырған боласыз. Күнді қалай бастасаң, солай аяқтайсың. Бір кісімен кездесу керек болса, оны кофехана не мейрамхана емес, жай ғана серуендеуге шақырыңыз. Әрі дененің хақысын бересіз, сергисіз. Әрі жақсы ойлар көбіне таза ауада, табиғат аясында келеді.
Брайан Трейсидің «Жиіркенбеңіз, құрбақаны жеңіз» деген кітабын оқымасаңыз да, тақырыбын естіген шығарсыз. Қысқаша мазмұнын айтсам, ең қиын жұмысты алдымен істеңіз. Таңертең. Бұл сол асқа ең жиіркенішті деген құрбақаны жеген сияқты, қалғаны ештеңе болмай қалады. Тізімдер жүргізіңіз. Кемі 5-6ау. Сіз биыл оқитын кітаптар тізімі, көретін фильмдер тізімі, танысуыңыз керек адамдар тізімі... жаза беріңіз, жаза беріңіз, енді сол тізіммен жүруді үйреніңіз.
Күніңізді бастар бұрын майда шүйде істердің бәрін жазып керек емес. Ең басты деген 3 мақсатты анықтап алыңыз. Бүгін кешке дейін қандай 3 істі бітіргім келеді? Болды, соны бітіріңізші, жетеді!
Таңертең ұйқыдан тұра салысымен бір стақан су ішіңіз. Қарныңыз ашпаса, тамақ ішпеңіз. Күніге 5 бет кітап оқымай, ұйықтамаңыз. Өзіңізді зорлап болсын, саяхатқа шығыңыз. Жалғыз, отбасымен, көппен. Көп нәрсеге көзіңіз жетеді, жаңа перспективаларға жол ашылады. Мысалы, Говард Шульц деген азамат Еуропаны көп саяхаттап жүріп, сондағы жергілікті кофеханаларға ғашық болып қалады. Ары қарай не болды деп ойлайсыздар? Ол әлем білетін Старбаксты ашты.
Неден нені үнемдейміз, қайдан қалай тарыламыз? Ол үшін мынадай 100 доллар тауып алу керек. Сосын соның ортасында тұрған мынау адам – Бенджамин Франклиннің сөзін іздейсіз. Оны енді іздемей-ақ қойыңыз. Ол айтады «Ұсақ бекер шығындардан қашыңыз. Себебі, кішкентай тесік үлкен кемені суға батырады».
Біріншіден, бренд дегенді ұмытыңыз. Теледидардан көрсеткен тауарға қарағанда жарнамасы аз немесе жоқ тауарды алып көріңіз. Ол үшін мысалы дүкенде тұрып, қымбат йогурттың құрамы мен оның жарнамасы жоқ көршісінің құрамын тексеріңіз. Көп жағдайда құрам бірдей, бірақ бренд үшін сіз артық төлейсіз.
Қыста – кондиционер сатып алыңыз. Себебі, арзан тұрады. Жазда – үй жылытқыш сатып алыңыз. Себебі, тағы да арзан. Супермаркеркетке жартылай аш күйде бармаңыз. Түскі асты үйден алып барыңыз. Кинотеатрға түс қайта барыңыз. Теміржол билетін 1 ай бұрын алыңыз – 20 пайыздай үнемдейсіз.
Ең бастысы, сіз бүкіл айлығыңызды ақша-сағатқа айналдырыңызшы .. ойша. Мысалы, сіз 22 жұмыс күнінде 100 000 теңге алды делік, күніне 4545 теңгедей, ал бір сағатыңызда 568 теңге табасыз. Осылай жасап алсаңыз, енді қандай да бір зат аларда оның шығынымен сіздің ол ақшаны табуға қанша сағат жұмсағаныңызды салыстыру оңай болады. Айталық, 7 мың теңгенің бір футболкасы ұнап тұр делік. Сонда осы футболканы алу үшін 12 сағат еңбегімнің ақшасын жіберген қаншалықты дұрыс деп салыстырыңыз. Бұл көптеген орынсыз саудадан тияды.
Бір жылда 525 600 ғана минут бар. Уақыт үнемдеуді мақсатыңыз етіп алыңыз. Наполеон секілді 4 ақ сағат ұйықтай алмассыз, Леонардо да Винчи сияқты әр 2 сағат сайын 15 минуттан ұйықтауға да дағдылана алмассыз. Бірақ, барған тойдан ерте кету, 30 минуттан асатын жиналыстардан қашу, ғапілдікке апаратын компьютерлік ойынды өшіру, білмедім енді, бірдеңе істеңіз. Уақыт аз!
Ақша үшін қайғырмаңыз, мүмкіндіктер үшін қайғырыңыз.
Осылай. Жақсы кеңестер әдетте аз болады. Сондықтан, осыған да ырза болыңыздар.

Өркен Кенжебек блогер.

Автор: araylym94 | 35 | 18.01.2019



Загрузка...

KZ / Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы Мотивациялық пост кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Мотивациялық пост, пайдалы Мотивациялық пост кеңес кенестер советы на казахском пайдалы кенестер кыздарга полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер кенес кенестер жігіттерге ерлерге денсаулыкка арналған кенестер Мотивациялық пост, Мотивациялық пост пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге