Түлкі

 Түлкі

Түлкі, Қоян және Әтеш

Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді.
— Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
— Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
— Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…
— Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
— Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
— Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып.
Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды.
«Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай бастайды. Алдынан аю шығады.
— Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың?
— Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қуып шығамын.
— Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.
— Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп:
— Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен:
— Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
— Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады.
— Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
— Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың!
— Жүр, көрерсің! Қуамын!
Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
— Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді.
— Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.
Беттер:
1 2 3 4 5 6 7 8

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: Түлкі мен қасқыр, Түлкі мен аю, Түлкі мен Бөдене, Түлкі, Қоян және Әтеш, Түлкі Қоян және Әтеш, Түлкі мен Қоян, Түлкі мен қырғауыл, Түлкі мен Ешкі, Түлкі мен құмыра, Түлкі мен қасқыр туралы ертегі ертеги сказки на казахском казакша, Түлкі мен аю туралы ертегі ертеги сказки на казахском казакша, Түлкі мен Бөдене туралы ертегі ертеги сказки на казахском казакша, Түлкі туралы ертегі ертеги сказки на казахском казакша, Қоян және Әтеш туралы ертегі ертеги сказки на казахском казакша, Түлкі Қоян және Әтеш туралы ертегі ертеги сказки на казахском казакша, Түлкі мен Қоян туралы ертегі ертеги сказки на казахском казакша, Түлкі мен қырғауыл туралы ертегі ертеги сказки на казахском казакша, Түлкі мен Ешкі туралы ертегі ертеги сказки на казахском казакша, казакша ертегі, Түлкі туралы ертегілер, түлкі ертегі, тулки туралы ертегилер, жануарлар туралы ертегілер, сказка на казахском языке про лису, казакша ертегилер текст тулки туралы