Қазақша ертегі: Жеті өнерпаз » ZHARAR © 2017 | сказки на казахском языке для детей, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском языке для детей скачать, Жеті өнерпаз, Жеті өнерпаз ертегісі ертегі, жети онерпаз ертеги сказка на казахском




  • »

Қазақша ертегі: Жеті өнерпаз

Қазақша ертегі: Жеті өнерпаз казакша Қазақша ертегі: Жеті өнерпаз на казахском языке

Баяғыда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның жалғыз ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым деген қызы бар екен. Қыздың сұлулығына қараған адам есінен танып қалады екен.
Күндердің күнінде Қаншайым қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде, Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз төменде шулап қала береді. Жылап-сықтап, кешке үйлеріне оралады.

Бірнеше күнге дейін олар ханға болған жайды айта алмай қатты қиналады. Ел-жұрты жиналып, ақылдасып, сол арадағы бір дана қарияны хан алдына жібереді. Болған оқиғаны естіген хан есінен танып құлап түседі. Оны қоршап тұрған нөкерлері қорқып қалады. Тек данышпан қария ғана бетіне су бүркіп, ханның есін жиғызады. Басу айтып, ханды тәубасына келтіреді. Біраз уақыт өткен соң, өз-өзіне келген хан бақсы-балгер, қожа-молдаларды жинайды. Бірақ олардың бірі де қызды кімнің алып кеткенін, қазір оның қайда екенін біле алмайды. Ешкімнен жәрдем болмайды.

Тек ханның Назар атты уәзірі келіп, ханмен ақылдасады да былай дейді:
— Мұхиттың ар жағында Сәлім деген балықшы тұрады. Оның жеті өнерпаз баласы бар. Тапса, қызыңызды солар табар. Жаныма бес жүз әскер қосып, темірден кеме соққызыңыз да мені сонда жіберіңіз.
Хан табанда темір кеме соқтырып, бас уәзірін сол балықшы Сәлімге аттандырады. Ол бір айда аман-сау мұхит теңізінің ар жағындағы Сәлім шалға жетеді. Барса, шалдың өзі ғана отыр екен. Алғашында шал әскермен келген Назардан қорқып қалады.
Назар Сәлім шалмен амандасып болған соң, мән-жайды баян етеді. Ханның алтын мөрі басылған хатын береді. Әдейі іздеп келгенін айтады. Сәлім шал балаларын шақырып алып:
— Бұл қонақтар алыс, шет жерден сендердің өнерлеріңді естіп жетіпті. Сол елдің ханы қарақұс алып кеткен қызын тауып берулеріңді өтініп, хат жолдапты. Егер тапсаңдар, қызын дүние-мүлкімен береді. Өнерді ішке сақтамай, сыртқа шығарыңдар! – дейді. Сонымен жеті өнерпаз ханның бас уәзірі Назарға ереді. Олар кемеге отырып, кері қарай қайтады. Хан еліне жетуге бір-екі күн қалғанда Назар бір жауынгерін ханға сүйінші сұрауға жібереді. Ол барып, сүйінші сұрайды. Хан аямай сүйінші беріп, алдынан бес жүз ошақ қаздырып, той жасайды. Жеті өнерпазды ертіп, аман-сау Назар да жетеді. Хан өнерпаздарды көріп, қатты қуанады.

Бірер күн тыныққан соң, хан жеті өнерпазды сапарға аттандырады. Олар ұзақ жүріп, ақырында хан қызын көтеріп әкеткен қарақұсты табады. Қасына жақындай бергенде, қарақұс қызды алып, көкке көтеріледі. Жеті өнерпаздың ішіндегі үлкені ұша біледі екен. Ол інілерін көтере, қарақұстың ізімен аспанға ұшады. Бірақ қарақұс пен қыздан айырылып қалады. Оларды іздеп көкте жеті күн, жеті түн ұшып жүреді. Сегізінші күн дегенде бір дарияның жағасында отырған құсты, шашын тарап тұрған қызды көреді. Қуғыншылардың дабыл қағып ұшқан екпінінен қорыққан қарақұс қызды алып, тағы да аспанға көтеріледі. Сонда қуғыншылардың кішісі:
— Қыздан айырылдық, – деп жылайды. Жігіттердің үлкені екіншісіне:
— Өнеріңді көрсет! – дейді. Екіншісі асқан мерген екен. Оның көздеп атқан оғы құстың екі санын жұлып түседі де ол төмен қарай құлдырайды. Қыз аспаннан шыр айналып келіп, суға түседі. Үшіншісі сүңгуір екен.
Ол суға батып бара жатқан қызды жағаға алып шығады. Қыз жұтқан суын қайта құсып, аман қалады.
Кенет бір үлкен айдаһар пайда болып, лебімен бәрін жұтып алмақшы болады. Бұлардың төртіншісі асқан ұста екен. Ол қолындағы екі тасын бір-біріне соғыстырған еді, бес шақырым жерден қорған соғылады. Әлгі айдаһар тас қорғанды сыртынан орап алып, қыса бастайды.
Келесі кезек ағайындылардың бесіншісіне тиеді. Ол жер астынан жол салғыш екен. Қолындағы асыл тасын шаққанда, бес шақырымдай жер астынан жол салынып шығады. Ал, айдаһар сол күйінде таста оралып жатып қалады. Бұлар жер бетіне шыққан соң, еліне апаратын жолдың қай жақта екенін білмей, дал болады. Олардың алтыншысы жол болжағыш екен. Ол бір күндік жердегі жолды табады. Бірақ, арып-ашып шаршаған, жаяу жүре-жүре табандары тесілген олардың жол жүруге шамалары жоқ еді. Осы кезде көмекке жетіншісі келеді. Ол тағам жасағыш екен. Қойнындағы бір асыл табағын алып, ағаларын тамаққа тойдырады. Кішкене әлденіп алған жеті өнерпаз бен қыз бір күндік жол жүріп, ханның еліне апаратын жолға шығады.
Осылай бірнеше күн жүріп, ханның аулына да жетеді. Қаншайым қызды аман алып келеді. Қуанған хан ат шаптырып, үш күн той жасайды. Жеті өнерпазға қатты риза болады. Төртінші күні өнерпаздарды хан шақырып:
— Сендер қызымды тауып әкеліп, бұйрығымды орындадыңдар. Енді мен өз уәдемде тұруым керек. Бірақ сендер жеті ағайындысыңдар, қайсыларың маған күйеу бала боларыңды өздерің шешіңдер. Мен үшін бәрің бірдейсіңдер, – дейді. Сонда жеті өнерпаздың ең үлкені тұрып: — Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік, қайсымыздікі артық болса, сол алсын, – дейді. Хан мақұл көреді. Алдымен ағайындылардың үлкені бастайды.
— Бұл қызға менің істеген өнерім бәрінен басым. Мен болмасам, қызыңыз жоқ еді, – деп, жеті күн қарақұстың ізімен ұшқанын айтады. — Сондықтан қыз маған тиесілі, – деп сөзін жалғастырады.
— Сенің өнерің таусылып, қызды қарақұс аспанға алып бара жатқанда мен атпасам, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған тиесілі, – дейді екіншісі.
Үшіншісі тұрып: — Ал, мен суға құлаған қызды сүңгіп жағаға шығармағанда, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған тиесілі, – дейді. Төртіншісі тұрып:
— Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қоятын еді. Сондықтан қыз менікі, – дейді.
— Мен болмасам, бәрің де тастың астында қырылып өлер едіңдер. Сондықтан қыз маған лайық, – дейді бесіншісі. Алтыншысы тұрып:
— Мен болмағанда, бәрің де жол таба алмай адасатын едіңдер. Бұларды адастырмай жол тауып берген мен емеспін бе? Қыз маған лайық, – дейді. Ақырында жетіншісі тұрып:
— Менің табағымнан ас жемесеңдер, бәрің де аштан өлер едіңдер. Сондықтан қыз менікі, маған тиесілі, – дейді.
Бәрі де өздерінің өнерін айтып, ханға жүгінеді. Хан білгіштерін жинайды. Сонда бір қария тұрып:
— Бұл жетеуінің бәрінің де өнері бірдей, бірақ қызды сүңгуірге қосыңыз. Өйткені ол қызды басқаларынан бұрын барып құшты ғой. Ал қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты жерге уәзір сайлаңыз, – дейді.
Хан қызын сүңгуірге қосады. Қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты елді билетеді. Сөйтіп, жеті өнерпаз мұратына жетіпті.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Ертегілер жинағы | | 1 371
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .