Қиял-ғажайып ертегі: Асан батыр

Қиял-ғажайып ертегі: Асан батыр

Баяғыда бір Естеміс деген шалдың үш баласы болыпты. Ең кішісі Асан. Асан жас кезінен бастап-ақ көзге көріне берген.

Естеміс бір күні Асанға: «Ал, балам, менің өлер алдындағы өсиетімді тыңда. Сен, осы күндердің өзінен бастап-ақ өз күшіңе сиынып, кім болса сонымен керісіп жүресің. Одан аулақ бол»,—деген екен.

Күні жетіп өліп кеткен Естемістен қалған үш баласы өздері күн көру тәсілін ойлаған. Бір күні аңшылықпен айналысып жүрген Асанның алдынан үш атты кісі шыға келеді де, Асанға дүрсе қоя береді. Асан үшеуіне де тойтарыс беріп аттарын, құралдарын тартып алып, өздерін өлтіреді. Сол ауылдың ханының үш қызы болады. Хан қызын ұзатуға кісі шақырады да: «Осы қыздарымды дәу қара тасты қақ жарған кісіге беремін»,—деген. Кезек күткен жігіттер жара алмай, ақырғы кезек Асанға келеді. Асан ханның шартын мүлтіксіз орындайды. Бірақ хан оңай бергісі келмейді. Қанша Асанды бәлеге жұмсағанмен Асан одан қорықпай тірі келіп, әрі айтқанын түгел орындайды. Амалы құрыған хан қыздарын оған береді. Асан ағаларына екеуін беріп, өзі кіші қызды алады. Сөйтіп, жүргенде ағаларының көңіліне қара шауып: «Осы бәріміз бір тудық, Асан бізден қалай артық болып жүр?»,—деген пікірге келеді. Сонымен Асанды қалай өлтіру тәсілін қарастырады. Содан «Осы, Асан әйеліне барлық сырын айтатын шығар, содан сұрайық»,—деген келісімге келген ағалары келінінен сұраса, келіні Асанның жаны кеудесінде емес, басқа жақта екенін айтады. Сонда ағалары: «Бұлай өлтіре алмаймыз екен, ең болмаса қор болсын» деп, Асан ұйықтап жатқанда есіктің алдына ортаншы ағасы қылыш ұстапты да, үлкені «Елге жау шапты» деп айқай салыпты. Ұйқылы ояу Асан тұра жүгіргенде ортаншысы қылышпен салып қалғанда аяғын кесіп кетіпті. Ағалары Асан сондай халге келгесін ұра келе көшіп, інісін жұртқа тастап кетеді. Асан еңбектеп далаға шығып отырса, бір кісі киік қуып жүр екен, бірақ ұстай алмайды. Содан Асан шақырса жаңағы келіпті.

«Неғып жүрсің?»—дегенде, «Қолым жоқ, аң қуып жүрмін, бірақ ұстай алмаймын»,—дейді. Сөйтіп, жаңағы келген адамға Асан мініп, киік ұстап күн көріпті. Бір күні жақын ауылда той болыпты. Сол тойға Асан және қасындағы досы екеуі бір барады. Тойдан келе жатса, алдынан бір қыз шығады. Соны Асан ала қашады. Қызды өз мекеніне алып келгесін: «Ал, қарындас, саған біз ештеңе қылмаймыз, тек қана ұстап алған аңымызды пісіріп, көйлектерімізді жуып бер»,—депті.

Бір күні қыз отты сөндіріп алып, енді қалай жағарын білмей отырғанда алыстан от көрінеді, барса от басында мыстан кемпір отырады. Қыз барып сол мыстаннан от алып қайтады. Қыз от алып келе жатқанда, мыстан артынан бағып, қыздың қайда барғанын андып жүреді. Ертеңіне Асан кеткесін мыстан жетіп келіп, қызға: «Қызым, басымды қарашы?»—дейді де, қыздың балтырынан қанын сорып жата береді. Асан келерден бұрын кетіп қалады. Сөйтіп, қыз күннен-күнге ари береді. «Осының сырын білейін» деп, Асан сыртқы есікке кеткен болып тығылып қалады. Бір мезгілде мыстан кіріп келгенде, бағып отырған Асан аяғынан ала түседі. Кемпірдің алқымынан алып өлтіруге аз қалғанда мыстан жалынады: «Аяғы жоғыңа аяқ, қолы жоғыңа қол берейін»,—деп. Асан: «Қазір айтқан серттеріңді орында»,—деген. Сол бойда мыстан айтқанын түгелдей орындайды.

Асан қызды аулына апарып тастайды да, өзі үйін іздеп тайып Асан қызды аулына апарып тастайды да, өзі үйін іздеп тайып отырады. Келе жатса, алдынан бір қойшы бала көрінеді. Сұраса, бұл өзінің баласы болып шығады. Баласын ағалары қойшы, әйелін қатын қылып алған екен. Кешке қарай Асан ағасының аулына келеді. Өзінің әйелінің үйіне келіп жатып алады. Таң ата ағалары балаға «қойға бар» деп айтайын деп келсе, өзінің жұртында қалған інісін көреді. Асан атып тұрып: «Ағалар, маған жасаған қиыншылықтарың аз емес, бірақ бұл істеріңді кешірем, екінші бұндай істеріңді қайталамауларыңа тілектестік білдірем»—деп ағаларымен достасады. Сөйтіп, бай болып, барша мұратына жетеді.

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий