Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Экономика | Қазақстан Республикасында банк банкингінің даму тенденцияларын талдау

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Оңтүстік – Қазақстан облысы телеарналарының жұмысымен тығыз байланыста. «Қазақстан – Шымкент» телеарнасы: «өткені мен бүгіні» менің ғылыми жұмысымның тақырыбы осылай аталатындықтан, өз ғылыми жұмысымда аты аталған телеарнаның басты мәселелерін ашамын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық телеарналарына: мәселелерін шешуге жол көрсете отырып, телеарнаның құрылу тарихына терең үңілемін. Өз жобамның бірінші бөлімінде мен Оңтүстік – Қазақстан телеарналарының жұмыс жоспарын және де сол жоспардың құрылымын ашып көрсетемін. Басты мәселе ақпараттық таралымдардың бүкіл Республика аумағына және де шет аумақтарға таралуы.
2000 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық самиті бүкіл дүние жүзілік Давос форумының қолдауымен өтті. Сол самитте сөз алған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: - «Бүкіл Орта Азия мемлекеттері саяси, экономикалық, техникалық дамудың қажетті сатысына аяқ басып келуде, бұл біз үшін өмірлік маңызы бар кезең».
Давос форумын құрушы және президенті Клаус Шваб өз сөзінде заманауи талаптардың ең бастысы бұл жаһандану кезеңі. Жаһандану кезеңіндегі басты мақсат – экономикалық және әлеуметтік жетістікке жету бұл жетістік адам баласының гүлденіп көркейуіне жол ашады. Қазіргі таңдағы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу

КІРІСПЕ
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Басқарудағы ақпараттық жүйе - ол басқарушылық қызметтегі жұмысшыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сонымен ол ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және өңдеуге байланысты технологиялық функцияларды атқарады. Ол белгілі экономикалық объектте қабылданған басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардын алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорыннің қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.
Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету - ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процесспен байланысы. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функцианалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда тілдік сәйкестілік ұғымы лингвистика саласында маңызды зерттеу нысанына айналып отыр. Тіл адамның қол жеткен ең зор табысы болып есептелетін болса, тілдік сәйкестіліктің өзі белгілі бір қоғамда өмір сүріп отырған жеке тұлғаның ұлтпен қарым – қатынасында маңызды айқындауыш белгі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тілдік сәйкестіктердің шарпысуы, тілдер, мәдениеттер арасындағы қақтығыстар анық байқалады. Жалғыз Қазақстан ғана емес, көршілес елдерде де сәйкестілік үрдісі жан – жақты жүргізіліп жатыр. Мұның өзі қазіргі кезде сәйкестіліктің маңыздылығы, оның қажеттілігі туындап отырғанын көрсетеді. Тілдік сәйкестілік болмаған жағдайда ұлттың, мемлекеттің құрып кетуі, жойылып кетуі мүмкін. Себебі ұлттың өзіне тән сәйкестілігі болмаса, оның орнын басқа ұлттың сәйкестілігі басады. Оның анық көрінісін біз қазақ – орыс тілдік байланысынан көріп тұрмыз. Қазақ халқының тілдік сәйкестілігі орыс тілі тарапынан ығыстырылып, ақырында мұның өзі мәдени құлдырауымызға ұласа жаздады. Тілдік сәйкестіліктің келбеті әсіресе, белгілі бір қоғамда анық байқалады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы тілдік сәйкестілігіміздің қалпына келуіне себеп болды.
Сәйкестілік деген ұғымның өзінің мемлекетке, этносқа, тілге, мәдениетке, дінге, гендерге, жасқа, кәсіпке қатысты болып келетінін ескерсек, тұлғаның бұдан сырттап қала алмайтынын көруге болады. Сәйкестілік қозғалмалы, өзгермелі сипатта жүзеге асады.
Тілдік сәйкестілік солардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені ұлттың, адамның анықталған бір тілде сөйлеуі оның басқалармен қарым – қатынас жасауына себеп болады. Қазақстандағы тілдік сәйкестіліктердің ішінен студент жастардың тілдік сәйкестілігін қарастыру бүгінгі таңдағы маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі ел болашағы, ұлттың болашағы жастардың қолында. Олардың ЖОО – да толықтай білім игеріп шығуы түрлі қолайлы факторлар бойынша Қазақстанның дамуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Студенттердің тілдік сәйкестілігі екі басым бағытта өрбіп отыр: қазақ және орыс тілдерінде. Көптеген мәліметтер қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі бірте – бірте көтеріле бастағанын көрсетеді. Ал алынған сауалнамалар нәтижесінде көптеген ұлты қазақ студенттер ана тілінде жақсы сөйлей алмаса да, қазақ тілін ана тілі ретінде танитындықтарын айтқан. Яғни олардағы тілдік сана – сезімнің ояна бастағаны көрінеді.
Көптеген орыс тілді қазақ студенттердің мұндай жағдайға түсуіне кеңестік қоғамның әсері мол болғандығын байқаймыз. Себебі көп жылдар бойы орыс тілі жетекші, басым тіл ретінде танылып келді де, өзге ұлттардың тілі ығысу процесін бастарынан кешірді. Оның ішінде қазақ тілі де болды. Көптеген орыс тілінде сөйлейтін респонденттердің айтуынша, олар өздерінің ана тілдерін білмейді, себебі оларды ес білгеннен орыс тілінде тәрбиелеген, орыстілді балабақшаға апарған, орыстілді ортаға қосқан, орыс тілінде сабақ жүргізілетін мектепке берген. Ата – аналарының кезінде жасаған қадамдары қазіргі кезде студенттер арқылы қоғамдағы тілдік процестерге әсер етіп, одан әрі тілдік сәйкестіліктің де орныға алмай отырғандығының басты белгісіне айналған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын окып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | ТАН сериясы сусындарының микрофлорасына морфо биохимиялық сипаттама беру

Қазіргі таңда экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты туындайтын індеттер саны артып барады. Ондай індеттердің алдын алу үшін пробиотикалық қасиеті жоғары препараттар мен емдік әртүрлі сүт қышқыл сусындарын ойлап табуда. Солардың ішінде жоғары сұранысқа ие, аралас ашу процесінің өнімі – «ТАН» сүт қышқыл сусындары болып табылады. Олардың құрамына сүт қышқылын активті түзетін және антагонистік қасиеті жоғары сүт қышқыл таяқшалары кіреді. Сондықтан бұндай өнімдер адам микроэкологиясын жақсартып, иммунитетін көтеріп, денін сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе және асқазан ауруларының алдын алу үшін өте тиімді. Практикалық маңызды (активті қышқыл түзушілер, антагонистік қасиеті жоғарылар, антибиотик түзушілер т.б.) штамдарды бөліп алып, солардың негізінде жаңа емдік – диетикалық сусындарды алу арқылы жоғарыда аталған аурулардың алдын алуға және орташа өмір сүру уақытының көрсеткішін арттыруға болады.

Жұмыстың мақсаты: «ТАН» сериясы сусындарының микрофлорасына морфо-биохимиялық сипаттама беру.

Жұмыстың міндеттері:
- «ТАН» сериясы сусындарының микрофлорасын зерттеу.
- Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының морфолого-культуралдық және физиолого-биохимиялық қасиеттерін анықтау.
- Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының практикалық маңызды қасиеттерін анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасу және жетілдіру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Біздің алдымызда дағдарыс салдарын еңсеру және келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде үлкен міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі – бұл бүгінгі дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Мен тоқтап қалмауды, одан әрі жүруді және дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономи¬каны одан әрі жаңғырту және жұмыспен қамту стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынамын. Ең қиын жылдары біз салуды бастап, елдің жаңа байтағын – Астананы, біз осыны жүзеге асыра алатынымызға еш¬кім сенбеген кезде тұрғыздық. Біз осыны жасадық, мұны бүкіл әлем көріп отыр. Келіңіз¬дер, осы жақсы тәжірибені жалғас¬тыратын болайық. Иә, жаңа қаражат қажет. Осы мақсат¬та дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс болады деп санаймын. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгені құрайды. Бұл – уақытша, бірақ та қажетті шара. Бұл ретте біз қазіргі сәтте бар елдің жалпы резервінің сол көлемін, яғни 47 миллиард американ долларын сақтаймыз. Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімділік береді» деп айта кетті [1]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Агробизнес экономикасының негіздері

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады. [3.-52 бет].
Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг және агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан тұрады.
Бизнес – жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте жобаға орай есеппен іс - әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады. Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | ИСПАТ - КарМК кең жолақты үздіксіз ыстық прокаттау станының тазалық топ клеттерінің прокаттау

КІРІСПЕ
Егеменді еліміз Қазақстандағы қайта өрлеу қоғамның барлық салаларын, оның ішінде экономикасын, саяси жүйесін, әлеуметтік қатынастарын және т.б. салаларын қамтуда. Ол қалыптасқан құрылымды жаңартуды экономикасын және әлеуметтік дамуға жаңа динамизм беруге еліміздің толық мүмкіндігін және тарихи үстемдігін іске асыруға шақырылған.
Соңғы уақытта технологиялық процестердің автоматты басқару жүйелерін енгізу арқылы жүргізуге көп көңіл бөлінуде.
Автоматты және автоматтандырылған басқару жүйелерінде кейінгі шыққан шапшаң әсер ететін әмбебап және басқарушы есептеуіш машиналарын (ДЭЕМ) қолдануға үлкен көңіл бөлуде. Басқару жүйелерін құрғанда құрылымды таңдау үшін объектінің математикалық моделін және жүйенің параметрлерін, тиімді режимді және басқа факторларды білу талап етіледі.
Объектінің математикалық моделінің құру есебі өз кезегінде жеткілікті күрделі.
Үлкен өндірістік кедергілер шартында объектінің кіріс және шығыс айнымалыларын байланыстыратын басқаруды табу сұралынады. Өрісте технологиялық процестер тәуелді жақсы өңделген және объектінің сипаттамаларының өзгеруіне немесе сезімталдылығының өзгеруіне яғни азаюын басқару жүйесінің сезбеуін қамтамасыз ететін кері байланыс өзінің төмен шапшаң әсер етуінен икем бермейді. Сондықтан жүйе жұмысын жақсарту үшін оның шапшаң әсер етуін ұлғайтатын басқа әдістер қолдану керек.
Осы дипломдық жұмыста ыстық прокаттау станының прокаттау соңы температурасының тұрақтылығын топтық жалпы параметрлер әдісімен ИСПАТ-КарМК ыстық прокаттау станын мысалға ала отырып, бар мүмкіндіктерін қарастыру.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ИСПАТ-КарМК станындағы прокаттау процесінің технологиясы
1.1 Құрал-жабдық құрамы
ИСПАТ-КарМК үздіксіз кең жолақты станы автоматиканың күрделі объектілерінің қатарына жатады.
Күрделі технологиялық есептер жинағын шешудің қажеттілігімен шартталған, ал слябтың алғашқы дайындығын берілген физика-математикалық қасиеттермен қайта өңдеу процесі.
Слябтың жолаққа прокаттау процесі дискретті-циклдік және прокаттаудың температуралық режимдерімен сипатталады, ал қажетті қасиеттерді және дайын бұйымның қалыңдығына байланысты станның технологиялық аймақтарына регламенттеледі.
ИСПАТ-КарМК станының технологиялық аймақтары:
- келтірілген слябтарды қыздыруға арналған қыздыру пештері;
- клеттердің үздіксіз алғашқы тобы;
- үздіксіз тазалық топ;
- дайындарды жинауға арналған механизмдер жинағы және үш орағыш кіретін жинауыш тобы;
- слябты дайындауға орналастыруға арналған көліктік рольгангтер, олар алғашқы топтық орамаларында және алдында орналастырылады;
- клеттердің алғашқы және тазалық топтарының арасында орналасқан аралық рольгангтер ;
- дайын жолақтарды (беттерді) орналастыратын тосығыш рольганг.
Станның алғашқы тобы клеттерінің арақашықтығы прокатталатын жолақ бір уақытта тек қана бір клетте болатындай етіліп орналастырылған. Ал тазалық топта прокатталатын жолақ бір уақытта барлық клеттерді алып тұрады. Әдетте станның алғашқы тобы (горизонталь) көлденең білікті төрт және (вертикаль) тік білікті үш клеттен тұрады. Соңғы орналасулар жеке тұрған клеттерде немесе көлденең білікті стандарда орнатылған. Бірақ окалиналар сындырғышты санамағанда алғашқы тобы көлденең білікті қалыңырақ слябтарды прокаттауға мүмкіндік беретін бес клеттен (кварто) тұратын стандар бар (250∙10-3м дейін және жоғары).
Алғашқы топтың соңғы клетінен 30–60 м қашықтықта клеттердің тазалық тобы орналастырылады. Бұл клеттерде тазалық топта окалина сындырғыштың сырғытқышының алдыңғы кейде соңғы жағын кесуге арналған оспалы қайшылар бар немесе ілгек ұстатқыштармен және олардың арасымен бағыттайтын сызғышты жұмыс клеттері болады.
Үздіксіз ыстық прокаттау стандары кезекті ғана емес сонымен қатар әртүрлі химиялық құрамды (легирленген) болаттарды да прокаттайды, сондықтан стан құралдары дайын бұйымның қажетті сапасын анықтайтын өндірістің барлық операцияларының қарастырылған мүмкіндіктеріне сәйкес келуі керек.
Технологиялық процесс бірнеше операцияларда іске асырылады, олардың әрқайсысының өз технологиялық ерекшеліктері бар.
Сондықтан жұқа жолақ өндірісінің сұлбасы жалпы жағдайда келесі операциялардан тұрады:
- прокаттау слябын дайындау;
- слябтарды қыздыру;
- жолаққа соңғы прокаттауға арналған подкат алу;
- жолақтың берілген температураға дейін салқындатылуы;
- жолақтың рулонға оралуы.
ИСПАТ-КарМК прокаттау станының қарапайым сұлбасы 1.1-суретте көрсетілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Қызметкерлердің еңбекақысының аудиті мен талдауы

Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi артуда.
Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізуші ұйымдарда бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептерінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ қағидалар және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Бүгінгі күні елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік жүйесі Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандартына (ХБЕС) барынша жақындатылған.
Жұмыспен қамту әрбір елдің алдында тұрған міндеттемелерінің бірі болып табылады және әрбір қызметкердің еңбекақысын Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес есепті жүргізу де маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасында қызметкерлердің ең төменгі еңбекақысы былтыр 2009 жылы 13470 теңге, биыл 2010 жылы 14952 теңге деп бекітілді. Яғни, әрбір кәсіпорын осы мөлшерден төмен қызметкерге еңбекақы төлеуге құқы жоқ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық