Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Журналистика | Түркістан газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Әсіресе, технологиялық үрдістердің қарыштап дамуы ақпарат алуды мейлінше жылдамдатып жіберді. Бұл тұрғыдан интернет парақшаларының маңызы өте зор. Ал, бұған дейін қасаң, ресми ақпараттарға мейлінше орын беріп, цензураның қармағына іліккен қазақ журналистикасы үшін ХХІ ғасырдың басында үлкен таңдау тұрды. Бұл – ақпараттық кеңістікті иелену, Қазақстан журналистикасында жетекші рөлге ие болу мәселесі еді. Қазақ ақпараты ХХ ғасырдың басынан бастап дамыды десек, кеңестік кезеңді артқа тастап, тәуелсіздік баспалдағына шыққан қазақ ақпаратының мәні мен маңызы, атқаратын рөлі, қамтитын тақырыбы мүлдем басқаша сипатқа ие болды.
Қазақ журналистерінің алдында ауыр жүк тұрды. Ақпараттық экспансиядан қорғану, өзге ұлттың өзге идеологияны көздейтін ақпараттық тасқынынан құтылу мәселесі алға қойылды. Дәл осы мақсаттың үдесінен қазақ баспасөзі қалай шыға білді? ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Филология | Олжас Сүлейменов және түркітану мәселелері

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Олжас Сүлейменов - ХХ ғасырдың ірі қоғам қайраткерлерінің бірі.
Заманымыздың аса ірі қаламгері, мемлекет және қоғам қайраткері әр шығармасында түркі дүниесінің әлемдік мәдениетке жасаған ықпалын тарихи лингвистика арқылы бұлтартпастай етіп дәлелдеп келеді. Ақынның соңғы жылдар бедерінде адамзат өркениетінің қандай жолдармен дамығаны, ұлттардың бағзы замандардан бергі бір-біріне ықпалы, мәдениеттер сабақтастығы, салт-дәстүрге жұғыстығы туралы түбегейлі әрі ауқымды зерттеулері ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Оның түркітану ғылымына қатысты зерттеулері мен зерттеу барысында қолданған әдістері, жасаған тұжырымдарының дәстүрлі емес түркітануда маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың түркітанудағы көзқарастарын жүйелеу. Осы мақсатты айқындауда мынадай міндеттер анықталды:
- Ғалымның түркітануға қатысты еңбектерін қарастыру;
- О.Сүлейменовтің түркітанудағы пікірлерін, жұмысын анықтау;
- Түркітану ғалымдар мен О.Сүлейменовтің зерттеулеріндегі әдістер сабақтастығы мен көзқарас, тұжырым айырмашылықтарын қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста ғалымның түркітанудағы алатын орны туралы кең ашылып айтылған. Бүкіл түркі ғылымы мен славистика ғылымын дүр сілкіндірген “Аз и Я” кітабының құндылығы бүгінгі күнде де өзекті. Еңбектің негізгі зерттеу нысаны – орыстың әйгілі “Игорь полкі туралы жыр” болып табылады. Бұдан кейін ғалымның түркітануға байланысты көптеген мақалалары газет-журнал, басқа мерзімді баспаларда жарық көріп отырған.
Ғалымның тағы бір еңбегі “Таңбалар тілі. “1001 сөз” деп аталады. Бұл еңбек “1001 сөз” деп аталатын этимологиялық сөздікке дайындық ретінде жазған. Мұнда автор дәстүрлі қалыптан өзгеше әдіспен, яғни сөздің тууын алғашқы сызылған таңба белгісімен тамырлас байланыстыра қарастырып, түсіндіреді.
Жазушының келесі еңбегі “Тарихқа дейінгі түркілер” деп аталады. Атаулы еңбекте түркітану мен славистикатану ғылымдарының арақатынасы мен бір-бірімен тығыз байланысы айқын берілген.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде түркітану бойынша зерттеулер, О.Сүлейменовтің “Аз и Я”, “Таңбалар тілі. “1001 сөз”, “Тарихқа дейінгі түркілер” еңбектері, түрлі мақалалары және баспасөэ беттерінде жарияланып отырған сыни-мақалалар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипатттамасы. Бүгінде әлемдік желіні қолданбайтын ел кемде - кем. Әр адамның күнделікті қажеттілігіне айналған интернет саласы біздің елде де кеңінен қанат жайып үлгерді. Дегенмен, бұл жаңа саланың кей жүйелерінде әлі де кемшін тұстар бар. Ол, әсіресе, кітапқа арналған қазақша сайттардың интернет кеңістігінде тым аздығымен айқын байқалады. Алайда, уақыт өткен сайын еліміздегі интернет жүйесіндегі бағдарламаларды дамыту мақсатымен өз ұсыныстарын жасап, ойларын ортаға салып, белсене араласып жүрген жастардың қатары күн санап өсуде. Бірақ, үлкен қолдау мен назарды талап ететін сала әлі де дұрыс қолға алынбай жүргені рас. Біз бүгін бітіру жұмысымызда осы мәселенің қаншалықты дұрыс жолға қойылып, дамып келе жатқанын қарастырмақпыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде кенже дамып келе жатқан салалардың бірі интернет жүйесіндегі қазақ сайттары екені бесенеден белгілі. Кітап туралы ақпарат тарататын сайттардың республикамызда өте аз екені анық. Осыны негізге ала отырып зерттеу жұмысын жазу арқылы, осы аталмыш саланың өзіндік артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсетуге тырыстық. Бүгінде үлкен идеологияның бір құралына айналып отырған интернет кеңістігіндегі бұл сала талқылау мен сараптауды, сонымен қатар тыңғылықты жүйені қажетсініп отырған тақырып. Сондықтан да, бұл мәселеге қатысты қандай да болмасын айтылған ой-пікірдің маңызы зор және қымбат деген ойдамыз. Сондай-ақ, зерттеу жұмыста кітап сайттарына қатысты электронды басылымдар жайлы да сөз етпекпіз. Себебі, қазіргі күнде бар құжаттамадан басқа дәстүрлі кітаптар да электронды кейіпке енуде. Дегенмен, осыны насихаттайтын, жалпы кітап жайлы мол ақпарат пен материал қоймасына сай боларлықтай елімізде бірде бір дұрыс кітап сайты жоқ. Сол себептен де, бұл тақырыпты кешеңді түрде сөз ету бүгінгі таңда өзекті және маңызды деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Интернет саласы өткен ғасырдың аяғында ғана пайда болып аз уақыттың ішінде өз қанатын кеңге жайып үлгерді. Ал, біздің елде бұл сала тек жаңа дәуірдің басында ғана қарқынды дами бастады. Оның ішінде кітап сайтына қатысты ана тіліміздегі өнімдерді шығару тіпті бертін ғана қолға алына басталған дүние. Сондықтан да, болашақта осы тақырыпқа байланысты том – том еңбектер жазылып, айтылатын пікірлер әлі де көп болатыны сөзсіз. Дегенмен, дәл бүгінгі күнде бастамасын жаңа алып, енді - енді дами бастаған сала әлі көпшіліктің тарапынан үлкен назарға ие емес десек шындықтың шегінен шарықтамағанымыз. Осыны негізге ала отырып, біз зерттеу обьектісі ретінде қазақ кітап сайттарына тоқталуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымның мақсаты – бүгінгі таңда қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқаның анықтау арқылы сараптама жасау. Сонымен қатар, қазақ кітап сайтарындағы қордаланбай келе жатқан мәселелерді анықтау. Дүниежүзілік ғаламтор әлеміндегі нақ Қазақстан елінде кітап ісіне арналған сайттарды қарастыру арқылы оның бүгінгі таңдағы шын келбетін көрсету. Сонымен бірге, тың бастаманың бүгінде шешілмей келе жатқан мәселелерін айтып қана қоймай оның шешілу жолдарын да қарастырып іздеу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Лингводидактикалық тестілеудің теориялық мәселелері

Кіріспе
Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибесіне тестік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер жүріп жатыр.
Қазіргі кездегі бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі – оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен сыналушының шет тілін игерудегі нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия, Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен қолданысқа енді (В.С.Аванесов мәліметі бойынша, 1994)
Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды:
- ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан қабылдайды;
- АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы;
- Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference, ICC);
- Кембридж университетінің емтихандық синдикаты;
Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың, бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан (Лаврова, 1999).
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тестілер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті.
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.
Қазіргі кездегі тестілер оқушының үйренген тіліндегі коммуникативтік біліктілігін бағалауды көздейді. Коммуникативтік біліктілік – лингвистикалық біліктілік, дискурстық біліктілік, стратегиялық және мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілігі сияқты компоненттерден тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Тоталитаризмнің табиғаты мен философиясы

КІРІСПЕ
Адамзат пайда болып, оның өзіндік сана- сезімі оянғалы бері өмір бойы қойылып келе жатқан жалғыз проблема бар. Ол – адамның өзі. Қалған мәселелердің барлығы осы проблемадан туынды. Адамдар өздерінің қоғамдық табиғатына сай бірлесіп өмір сүрді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді. Алайда, оның екінші табиғаты бар. Ол – оның индивидуалдылық табиғаты. Белгілі бір дәрежеде, тарихи тұтас көзқараспен алғанда адамдар өмірі осы екі табиғаттың бір- бірімен күресі деп айтсақ жаңылмаймыз. Бір де біреуі басым түссе, бірде екіншісі басым түседі.
Қоғам болып өмір сүрген соң олардың әрқайсысының жеке табиғаттарына сай қоғамда іркіліс, жанжал болмай тұрмайды. Кейде осындай қоғамдық дағдарыстардың бірі адамдардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуы арқасында, қоғамда қатаң тәртіп орнатуға алып келеді. Ал өз кезегінде тарихта мұндай қатаң тәртіптер қоғам мүшелерінің түгелдей бақылауға алынуына, олардың жеке еркіндіктерінің тарылуына жиі алып келді. Мұндай кезде қоғамда адамның жеке тұстарына қарамайтын, жалпы билік орнайды, яғни, қазіргі тілмен сөйлегенде , тоталитарлық тәртіп орнайды. Мұндай қоғамдар бұрын да өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатыр. Бұлай деп айтуымның себебі, олар әр дәуірде әртүрлі формада, тіпті бір дәуірдің ішінде әртүрлі формада қатар өмір сүруі.
Кеңестік қоғам ыдырағалы бері, біз өзімізді тоталитарлық тәртіптен азат болдық деп еркін сезінгендей болғанбыз. Дегенмен, мұның бәрі осылай деп айтуға болмайды. Тоталитаризмнің адамға табыну түрінен біршама азат болғанымызбен, енді товарлы тоталитаризмге көшкен сыңайымыз бар. Біз кімбіз? Қайдан келеміз? Қайда барамыз?
Ендеше, бұл еңбек тоталитаризмді, оның түрлерін зерттеуге арналады.
Зерттеу жұмысын объектісі: тоталитаризм құбылысы.
Зерттеу пәні: тоталитаризмнің философиялық алғы шартта қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты: тоталитаристік қоғамның рухани күйін ашып көрсету.
1. Берілген мақсатқа жетуде келесі міндеттер қаралды: филисофиялық әдебиеттер бойынша теориялық анализ жасау.
2. Тоталитаристік қоғамның басқа қоғамдардан ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: қоғамның өз өткенін түгендеп, қазіргі тұрған орнын анықтап, келешекке жол татуы, бағдар алуы, өз өзіне ой толғауынсыз мүмкін емес. Мұндайда қоғамда дұрыс ой - пікір қалыптастыра алу керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу

Банктік қызметтің қазіргі таңдағы экономикамыздағы алатын орны ерекше. Банктік қызметті мемелекеттік реттеуді жетілдіру жолында 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы негізінде банктік қызметті мемлекеттік реттеу жаңа жүйеге негізделіп, іс жүзінде асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы А. Г. Сайденовтың пайымдауынша «Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор табылады...»1.
Халықтың және заңды тұлғалардың қаражатын тарту, онымен түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыратын институтттар ретіндегі банктердің ерекшеліктерін ескере отырып, банктің банкроттығы –– бұл оның салымшылары мен клиенттерінің тойтарылмайтын банкроттығы екендігін аңғару қиын емес. Банкроттық қатері төніп тұрған немесе банкроттыққа ұшыраған банк өз салымшыларының қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақыны айтпағанда, ол бойынша негізгі қарызды өтеуге мүмкіндігі болмайды. Осыдан банк салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау механизмін құру мәселесі туындайды. Мұнда қоғамның мүддесі жөніндегі мәселені шешуде мемлекет ерекше рөлге ие болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Бөлім Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу

Нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның барлық компонеттерін – борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда жоғарыда аталған үш сегменттің алғашқысы ғана қалыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы – акциялар рыногының “көгілдір фишкалар” бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасалғанымен, әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыногын дамыту жөніндегі негізгі міндет – бағалы қағаздардың ауқымды ұсынымын жасауға және оларға деген төлем қабілетті сұранысты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер болуы керек. Бұл орайда негізгі мміндет отандық эмитенттердің акциялар ұсынымын қамтамасыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді.
Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады:
1 жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік меншікте қалып отырған акциялар пакетін сату;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Ақша құралдары азаматтық құқық объектілері ретінде

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кеден ісі | Кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алмай тұрып, мемлекеттің алдында қазіргі уақыттағыдай проблемалар мен перспективалар анағұрлым маңызды болмаған. Себебі барлық мәселелер орталықты шешімін табатын болған. Ал еліміз өз алдына егемендік алған соң оның негізгі мүддесі болып, мемелекеттің жан-жақты дамуы табылды. 1990 жылдардың басында және орта шенінде ел халқының әлеуметтік хал-ахуалы, экономикалық дамуының тенденциясының төмендеуі, яғни экономикалық дағдарыс ерекше байқалды. Осы дағдарыстан шығу үшін, елдегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, мемлекет әрі қарай даму үшін белгілі стратегиялық маңызды шаралар жасау керек болды. Осындай кедендік саясаттың бір тармағы - халықаралық кедендік ұйымдармен, жекелеген елдермен мемлекеттің кедендік байланысты орнатуы. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстандағы коммерциялық банктерді басқару мәселелерін жетілдіру жолдары

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық