Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 15 жылдан астам, Салық кодексінің іске қосылғанынан 6 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді. Дегенмен де, біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік. ....
Сүт - малдың желінінде (сүт безінде) қаннан түзілетін күрделі, құрамында жүзден астам заты бар физиологиялық ерітінді. Оның құрамында су, белок, сүт майы, сүт қанты, минералды заттар (оның ішінде микроэлементтер) витаминдер, ферменттер, гормондар, газдар, пигменттер, иммундық заттар, микроорганизмдер, т.б. болады. Сүт осы айтылған заттардың кездейсоқ қосындысы емес, бір бірімен тығыз байланысты коллоидты құрылым. Сондықтан да сүтті- полидисперсиялық система деп те атайды. Себебі оның кейбір қосындылары ионды немесе молекулалық (тұздар, сүт қанты) түрде кездессе, басқалары (майлар) ірі дисперсия түзеді. Жұмыстың мақсаты: Қой сүтінің құрамы мен қасиеттерін зерттеу. Жұмыстың міндеті: -Қой сүтінің физико-химиялық құрамын зерттеу; - Қой сүтінің жыл мезгіліне байланысты физико-химиялық құрамын зерттеу; - Қой сүтінің физико- химиялық құрамын сиыр сүтінің физико-химиялық құрамымен салыстыру Ерте кезден бастап адамдар сүттің емдік қасиеті барын анықтаған болатын, сол себептен медициналық емдік зат ретінде қолданған. Авиценна өзінің «Канон врачебной науки» еңбегінде: сүт- балалар мен қарт адамдарға ең жақсы тағам деп жазған болатын. Мыңдаған жылдардан бері сүт пен оның емдік қасиеттері туралы белгілі. Алайда, қазіргі күннің өзінде сүт туралы барлығын білеміз деп нақты айта алмаймыз. ....
Бүгiнде бухгалтерлiк есебi басқару жүйесiнде ең басты бiр орын алады. Ол кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарүшллық үшiн негiз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндiрiс процесiн шынайы көрсетiп бередi. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есебi бухгалтерлiк есеп Стандарттарына және субъектiлердің қаржылық - шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекiтiлген жалпы қағидалары мен ережелерiнiң негiзiнде құрылады және ол бүкiл алынған ақпараттарды пайдаланүшылардың талабына, қызметтiң құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелiгiне есептiң сәйкәс келуiн қамтамасыз етедi. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында шаруашылық жүргiзүшi субъектiнiң күрделi экономикалық тетiгiн нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенiмдi ақпаратсыз басқару жүйесiн iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн емес.....
Кіріспе Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикасында болып жатқан көптеген өзгерістері банк саласында да жаңа банктік операциялар, құжаттар алып келді, мұның барлығы банктің бухгалтерлік есебінде бейнеленуі тиіс. Қазақстанның бухгалтерлік есеп жүйесі мен есеп беруі халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жетілдіруде. Өзгерістер тек бухгалтерлік есеп шот жоспарында ғана емес, сонымен қатар 2 – ші деңгейлі банктер ұсынатын қаржылық есеп беруде де жүргізілген. 2-ші деңгейдегі банк қызметінде жаңа шот жоспарын енгізу аналтиткалық және синтетикалық есептін бірыңғай формасын қалыптасрыуға, сондай-ақ ҚР–сы Ұлттық банкі тарапынан банктер қызметің қадағалау мен реттеуге мүмкіншілік жасайды. Екінші жағынан дүниежүзілік бухгалтерлік есеп принцптеріне мөлшерлері мен стандарттарына өту барсында жаңа қадам жасауға, бухгалтерлік есеп сапаын көтеруге, өз кезегінд банктік басқару процесіне жағдай жасауға мүмкін береді.....
Өзектілігі. Өзен мен өзен аңғарлары бір жүзжылдықтан да көп уақыт зерттеліп келеді.Осы уақыт ішінде тек арна ағысының гидродинамикасы, өзендердің эрозиялық-аккумулятивті жұмысы, өзен аңғарларының құрылысы және олардың мофологиялық құрылысы және т.б. құрылымдық тұрғысынан сұрақтарға жауап іздедік. Бірақ бұл мәселенің көптеген жақтары ашыпған жоқ, мәліметтер жеткіліксіз. Мысалы, ағын сулар қайдан және қалай пайда болады,олар қалай үлкен өзен торына айналады, олардың дамуыныңсоңғы кезеңі қалай болады т.с.с. Тіпті өзендердің жаралуы мен дамуы туралы нақты сілтемелер де жоқтың қасы. Әрине, кемеліне жеткен, үлкен өзендер мен өзен аңғарларының қалыптасуы өте күрделі процесс. Мұнда бірнеше кезеңге бөліп қрастыруға болады: арна ағынының алғашқы жаралу кезеңі; өзен жіне аңғар жүйесінің қалыптасу және дамуының соңғы кезеңі. Бұл кезеңдердің әрқайсысы кешенді табиғи факторлардың әсерінен дамиды. Егер бұл мәселені тек өзен ағыны ретінде ғана қарар болсақ ештеңе өзгермейді. Ал өзен әрқашанда артынан арна, аңғар, қатты материял түріндегі шөгінділер сияқты із қалдырады. Сондықтан мен бұл сұраққа кешенді түрде зерттелерді салыстыра отырып, яғни өзен арнасының гидродинамикалық ағынына, оның эрозиялық-аккумулятивті жұмысына, өзен аңғарларының құрылымы мен дамуына, берілген аумақтың ландшафттық ерекшеліктеріне аса көңіл бөле отырып сипаттама жасадым.....
Зерттеліп жатқан тақырыптың өзектілігі. 20-ншы ғасырдың соңғы ширегі Қытайда болып жатқан процестерге ерекше назардың көбеюімен сипатталады. Бұл 1960-70-інші жылдардағы әлеуметтік, экономикалық тәжірибелер әлсіреткен Қытай Халық Республикасын күшті аймақтық көшбасшыға айналдырған, елді әлемдік алдыңғы қатарғы мемлекетке айналдырған қытайлық реформалардың сәттілігімен байланысты. Реформалардың бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды ролды әлемде он мыңдағын адамды құрайтын шетелдік қытай диаспорасы атқарды. Нақ солар салған инвестициялар Қытай Халық Республикасының экономикалық әл-ауқатының өсуіне себеп болды. Сондықтан саяси және әлеуметтік ғылымдар шеңберінде жүргізіліп жатқан хуачяо мәселесіне арналған зерттеулердің көптігі таң қалдырмайтын жайт. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, шетелдік этникалық қытайлар диаспорасы өзінің көптігімен ғана емес, ерекше экономикалық артықшылық, бірлік, мәдени және психологиялық ортақшылық пен оларға тұрғылықты жеріне қатыссыз бір организм ретінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, қиылысатын байланыстар жүйесінің болуымен де таң қалдырады.....
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет. ....
Кіріспе Жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендік алып ұмыт болған дүниемізбен қайта табысып жатқан, шынайы тарихи беттер ашылып өткенді қайта саралауға зерттеуге мүмкіндік туып отыр.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі-оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз,білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды»-дей келе, «тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи,мәдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-сзіміне сіңіп отырған.Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған,себебі, бұл даладағы әрбр жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын қисапсыз мол дерекке әбден жаттығып,көз қанық болып өскен. Халық тарихын түсініп,білу әрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған» /1/ Ресейдегі ХХ ғасырда пайда болған революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтың соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді.Кеңес өкметінің орнауымен қазақ елінде өткен тарихын ұмыту, жоғалту басталды. Тіршілікке жаңа ұрпақ жетіліп тарих пен тағдырдың таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған ел тарихын қайта зерделеу өткенімізбен қайта табысу қазақ тарихының көмексі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Қазақ даласында XX ғ.дейін ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен үстем болып келгені баршаға аян.Сондықтан қазақ тарихына қатысты жазба деректерді ілуде біреу кездестірсек, ауыз әдебиетінің дерегіне жататын ақын-жыраулар шығармалары жетерлік. Өкінішке орай ауыз әдебиетінің деректерінің құнын жазба деректерден төмен санайтын тарихи қате ойдан әлі арыла алмай келеміз,сол себепті нақты тарихи шындықты баяндайтын көптеген ақындардың өлең-жырлары зерттелінбей жатыр.Ал ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері ақындар халықпен бірге біте қайнасып жатқандықтан сол заманның ащы шындығын өлеңдеріне негіз етіп алады,яғни тарихи шындықты айтады.Ақын шығармаларынан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыр таразыға түскен небір тарихи тайталастардың мәліметтерін табасыз.Ал әдебиетте бейнеленген бұл мәліметтер белгілі бір дәуірдің мән-мағынасын айқындайтын елеулі тарихи фактілер, шынайы өмір шындығы екендігі мәлім. /2/ Қазақ халқының тарихи жырларын жазып алып жариялау ол туралы азды-көпті ғылыми пікір айту өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бері қарай көзге түсе бастағаны мәлім.Алайда бұл жанрға арналған байсалды еңбектер Советтік дәуірде, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейін пайда болды /3/. XVІІІ ғ. қазақ халқының әлеуметтік саяси және философиялық ой жүйесіне ерекше бір шабыт беріп, қозғау салып, хандарымызға елін,жерін түгендетіп, батырларымызға қолына найза ұстатып жауға қоса, жырауларымыздың ойына түрткі салып,замана жайлы сол кездің көкей кесті мәселелерінің шешімін өз шығармашылықтарына арқау еткізген заман болды. Евразиялық кеңістіктегі Қазақ ордасының осы бір кезеңінің тарихи хал-ақуалын жазушы М.Мағауин былай деп сипаттайды: «Түркістан бастаған 25 қаладан айырылу Қазақ Ордасының қанатын қырқып,өрісін тарылтып қана қойған жоқ,оның алдағы замандардағы тіршілік кебін бір жақты мал шаруашлығымен ғана айналысатын көшпенді кепке түсірді. Түркістандағы Әзірет сұлтан дүрбесінен бастап, Сауран, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Созақ және басқа қалалардағы мешіттер қоймасында сақталған бай кітапхана ондағы діни-фәлсафалық еңбектер,ескі тарихтар мен шежірелер біз бар деп білменген тағы қаншама мұра өртке кетті, талан-таражға түсті,жойылды.» /4/ Осындай алмағайып заманда қазақ халқының өмір сүруімен жойылып кетудің алдында тұрған неғайбіл шақтарында ұлттық жоғары рухы, көзсіз жанқиярлық ерлігі жайында қаншама аңыздар, өлең-жырлар, талғаулар өмірге келді. Ол туындылар сол кездегі өмір шындығы, жүректердің тебіренсі, халықтың арман тілегі. Біздің жадымызда екі ғасыр бөліп тұрса да, бабалар үні құлағымызда тұрғандай. Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ елінің дербестіктен айырылып қалу қауіпі туған кезең еді. Өздеріне соншалық қымбат құндылықтардың күйрей бастауының нышандары айқын көріне бастаған кез. Сондықтан да осындай қауіпті ең алғашқы көрген, сезіне бастаған халықтың ең сезімтал ұлдары-жыраулар, билер, ақындар, осындай күйреудің үрейлі ұшқындарын өздерінің шығармаларында көрсетіп, халықты, билік басындағы хандарды бірлікке шақырды. Олардың негізгі үні- отаншылдық, ерлік, жерін, ата-мекен қорғау т.б. бір кездегі Түрік империясының дәуірлеген кезіндегі рухтың өрлігі бәсеңсіп, ұсақ мүдделердің , билікке таласудың, тайпалық, рулық, және т.б. пиғылдардың белең алғандығы қатаң сыналып, тұтас халықтың бірлігінің мүдделерін алға тарту басым.....
Елдің ашық нарық экономикасына өту кезінде ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес нағыз бәсекеге қабілетті тауарларды жасау мен өндіруді талап етеді. Себебі фирмалардың табысқа жетуі фирма өндіретін тауардың бәсекеге қабілеттігіне тәуелді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтқандай, біз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз керек деген./1,1б/. Қазіргі жағдайда коммерциялық фирма өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шешуші факторларының бірі – сапаны көтеруге бағдарлау болып табылады. Тек қана тауардың (қызметтің) жоғарғы деңгейлі сапалы түрі ғана нарыққа шығарылады және өнімнің сапасын басқаруға, қамтамасыздандыру сауалдарына көп зейін аударатын фирмалар мен мекемелер ғана тіршілік етуге және табыс алуға мүмкіндігі бар. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, осыған жету тек парасатты басқару процесінің негізінде мүмкін. Сондықтан, бәсекелестік күрестің әліппесін танып жатқан отандық кәсіпорындар үшін сапаны тиімді басқару мәселесі көкейтесті мәселеге айналуда. Нарықтың дамуы мен оның тауарларға деген талаптардың өсуі, ондағы сатып алушылар рөлінің күшеюі, ғылыми-техникалық себептер шарттарының рөлінің өсуі – осының бәрі кәсіпорындардың сапа мен бәсекеге қабілеттілігін, сапаны басқару механизімінің мәселесін шешу әдістері мен түрлерін жетілдіруді талап етеді. ....
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз. ....