Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік казакша Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік на казахском языке

Мазмұны

КlРlСПЕ……………………………………………………………………………...4
1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛl ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ ӨНДlРlП АЛУДЫҢ ҚАЖЕТТlЛlГl
1.1.Салықтық заңбұзушылықтар түсінігі мен түрлері ……………………………7
1.2 Салық мiндеттемесi және оны орындау мерзiмдерi………………………….16
1.3. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындамағандығы үшiн қолданыдатын салықтық санкциялар……………………………………………..28
2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗlРГl ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛЫҚТЫҚ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІ ҚАРЫЗДАРДЫ МӘЖБҮРЛl ТҮРДЕ ӨНДlРlП АЛУ ТӘЖlРИБЕСlН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттiң салық саясаты және оның жүзеге асырылу нәтижелерi бойынша берешек ………………………………………………………………….34
2.2 Салықтық заң бұзушылықтарына қарсы шараларының жүзеге асырылуы……………………………………………………………………………47
2.3. Салық берешегiн өндiрiп алу жөнiндегi атқарылған жұмыстар.
(Оңтүстiк Қазақстан облысының мысалында) ……………………………….58
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілікті арттырудың әдістерін жетілдіру……………………………………………………………………………63.
3.2 Салық төлеушiнi банкрот деп тану арқылы салық берешегiн өндiрiп алу…65
3.3. Салықтық бақылауды жетілдіру бағыттары ………………………………...69
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl……………………………………..75
ҚОСЫМШАЛАР………………………………………………………………….77

КIРIСПЕ
Салықтар нарықты экономиканы реттеудiң ең тиiмдi нысаны болып табылады. Салық негiзiнде құрылатын мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қарай, мемлекеттiк кәсiпкерлiкпен айналысуының және әлеуметтiк-кепiлдiк қызметiнiң мүмкiндiгi белгiлi болады. Салық мөлшерiмен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсiпкерлiк белсендiлiгi, төлем қабiлетi бар сұраным көлемi реттеледi. Салық саясаты, аса нәзiк және күрделi аспап, ол жеңiлдiктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтiң барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етедi. Нарықты экономикасы дамыған елдерде салықтардың тiзiмi бiрнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңiлдiктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсiнiктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк жүйе жағдайындағы экономикада салық адам мүддесi үшiн қызмет көрсетедi. Ал нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседi.Соданда болар Америкада iскер адамның екi туған күні бар деп есептеседi: бiрiншiсi - өзiнiң туған күні және екiншiсi – оның салық инспекторымен есеп айырысқан күні.
Салықтар мемлекетік бюджетінің негізгі табыс көзі болып табылады және мемлекеттің өмір сүру қажеттілігі. Мемлекет өзінің қызметтерін атқыру үшін белгілі салық жүйесін қалыптастырады, сонымен бірге әр бәр салық түрә бойынша салық объектісі, субъектісі, ставкалары, төлеу және есептеу тәртіптері, жауапкершілік көлемі анықталады, салықтық органдарының құрылымы – қуатты білікпен қамтамасыз етілген мемелекеттік органдарының жиынтығы- белгіленеді. Салықтық органдарының басты мақсаты- салықтық түсімдерінің мемлекеттік бюджетке уақытылы және толық көлемде т.суін қамтамасыз ету.
Салықтық міндеттемелерінің орындалуын бақылау шараларының ішінде салықтық бұзушылықтарға жауапкершілікке тарту мәселелріне үлкен рөл беріледі. Бұл жауапкершілік өте көп қырлы сипатта болады: қаржылық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық. Әр бір сипат түріне қарай салықтық бұзушылықтардың түрі анықталады.
Кейбір кезде (салықтық заңңамалар тұрақсыз болғандықтан) салықтық бұзышыдықтардың мазмұны, себептері, әдістері, нысандары өте құрделі және анықтауға қиындыққа соғады. Бұл жағдайда заңдық жазалау шараларын қолдану қиындыққа ұшрайды, яғни нақты қінәлі тұлғаларды жазау орнына мүлдем кінәлі емес тұлғалар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда бұл іс- әрекеттердің себептері салық төлеушілерінің өз құқытарынан толық хабарсыздығымен байланысты болады немесе салыө органдарының қызметкерлернің біліктілік деңшейі төмен болуына байланысты болады.
Кез келген заң бұзушылық нәтижесінде заңмен бекітілген міндеттемелерді толық орындамауы немесе толық орындамауы жатады.
Салықытық заң бұзушылықтар тек салықтан жалтарумен байланысты емес, сонымен бірге басқа да салықтық міндеттемелерді бұщумен байланысты болады.
Салық – мемлекет бекіткен, бір жақты алынатын, құқықытық орамадағы, салық төлеушілерінің белгілі уақытта және мөлшерде төленетін эквивалентсіз, тұрақты міндетті төлем. Оның міндеттеу сипаты мемлекеттік органдарының мәжбүрлеп алу құқығымен түсіндіріледі.
Салық- бұл құрделі, бірнеше элементтерінен құрастырылған жиынтық.
Қазақстан Республикасында салықтарды еңгізу Парламент құзырында, ол заң немесе Конституциямен қарастырылған жағдайларда заң күші бар жарлық түрінде қабылдауы мүмкін.
ҚР Конституцияның талаптарына сәйкес салық төлеу міндеті тек заңды салықтарға тиісті болады. заңсыз алынатын салықтар үшін төлеугі жауап беруге міндетті емес.
Салық салу мәселелері мемлекет үшін ең маңызды болып табылады, себебі олар мемлекетті ақшалай қорлармен қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет салықтық құрылымды тиімді жұмыс істеуіне әр қашанда ұмтылады, яғни салықтық қатынастарының барлық субъектілерінің үлесімді жұмыс істеуін қамтамсыз етуге тырысады. Бұған жету ішін ең алдымен салық төлеушілерге тиісті шаралар атқарылады. Кез келген төлеуші салықты төлеуду өзі қаламайды, оны мәжбүрлеу қажет болады.
Мемлекет салықтық түсімдерді толық жинауды қамтамасыз ету үшін мәжбүолеу шараларын атқаратын өте қуатты механизмді құрады, яғни:
1) салық салудың сондай үлгісін құрады, нәтижесінде салық төлеуші салықтан жалтару қиындыққа соғады немес мүлдем мүмкін емес болады. Бұл іс - әрекеттер өз нәтижесінде бар жақты қарастырылған ғыдыми негізделген құқықытық орманы талап етеді, яғни заңда салықтан жалтаруға мүлдем мүмкін болмайтын заңдар қабылдануы тиіс;
2) мемлекеттің кең өкілеттілігімен қамтамасыз етілген және мәжбүрлеу шараларын атқаруға құқылы құатты бақылау аппараты;
3) салықтық әкімшілендіру шараларын заң түрінде бекіту.

Бұл іс әрекеттер ең алдымен салық төлеушіге қарай қолданады, оның салықтық түсімдерінің уақытылығынан, толықтығынан жалпы мемлекеттің өмір сүруі қамтамсыз етіледі.
Сонымен бірге мемлекет заң бұзылыщыдыққа тек салық төлеушіні емес, сонымен бірге салық органдарының қызметкерлерін де тартады.
Осы тақырыпқа дипломдыө жұмысты орында отырып келесі мақсаттарыд белгіледік:
• салықтардың теориялық мазмұнын толық зерттеу;
• салық салудың заңдық базасын қарастыру;
• салықтық заң бұзушылықтардың басты себептерін анықтау;
• салықтық заңбұзушылықтардың түрлерін анықтау;
• қазіргі кездегі салықтық заңңамаларының орындалуын талдау,
• салықтық міндеттемелерін дұрыс орындалуын қамтамасыз ету үшін ұсыныстарды беру;
Дипломдық жұмыс бекітілген талаптарға сәйкес кіріспе, үш бөлім , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрастырылған.

1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛl ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ ӨНДlРlП АЛУДЫҢ ҚАЖЕТТlЛlГl
1.1. Салықтық заң бұзушылықтар түсінігі мен түрлері
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар – бұл заңды белгiленген реттеп түрғындардан, кәсiпорындар мен мекемелерден алынатын мiндеттi төлемдер жүйесi. Табыстардың әртүрлi нысандарының салық көздерi мыналар болып табылады: пайда, пайыз жалақы, девиденд, рента, т.б. Салықтардың мәжбүр ету сипаты басқа ерекше қасиетi – олардың алым-салықты өндiрiп алу ретiмен төленген сомасының мөлшерi мен салық төлеушiлердiң мемлекеттен алатын қызметтерiнiң құнының арасындағы сәйкессiздiк болып табылады. Салық салудың мынадай негiзгi принциптерi бар:
1. азаматтар салықты мемлекеттен алатын игiлiктерге пропорциональды төлеу керек;
2. салықтар табыстың мөлшерiнен, салық төлеушiлердiң түрмыс халының дәрежесiне тәуелдi болуы керек.
Қазақстан Республикасының салық заңдары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудiң мiндеттiлiгi, салық салудың айқындығы, әдiлдiгi, салық жүйесiнiң бiртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптерiне негiзделедi. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерi Салық кодексiнде белгiленген салық салу принциптерiне қайшы келмеуге тиiс.
1. салық салудың мiндеттiлiгi принципi - салық төлеушi салық заңдарына сәйкес салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде және белгiленген мерзiмдерде орындауға мiндеттi;
2. салық салудың айқындығы принципi – Қазақстан республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басақа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиiс. Салық салу айқындығы салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерi туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негiзлерi мен тәртiбiн салық заңдарында белгiлеу мүмкiндiгiн бiлдiредi;
3. салық салудың әдiлдiгi принципi – Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады;
4. салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi – Қазақстан республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады;
5. салық заңдарының жариялылығы принципi – салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiс.
Нарық жағдайында салықтар үш қызмет атқарады:
1. фискальдi қызмет (мемлекеттiк табыстарды жинау);
2. қайта бөлу қызметi;
3. реттеушi қызмет.
Салықтардың фискальдық қызметi – мемлекеттiң салық саясаты тұтқаларының көмегiмен нарық конъюктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық өсудi тұрақтандыру және ынталандыруға тырысуында түр. Бiр сөзбен айтқанда, салық түсiнiгi арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттiң саяси шаруашылық қызметiн атқарудың қаржы негiзi болып табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми-техникалық прогрестi ынталандыру, прогрессивтi технология мен өнiм түрлерiн игеру, экономикада құрылымдық өзгерiстер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеуметтiк саланың объектiлерiн ұстау үшiн белсендi түрде пайдаланылады. Мысалы, Рейгандық әкiмшiлiк жаңа өндiрiс салаларына инвестициядан түскен табыстарға салынатын салықтарды азайтты. Ол кәсiпкерлердiң өндiрiске қаржы бөлудi ұлғайтуына, еңбек өнiмдiлiгiн арттыруына және потенциалды жалпы Ұлттық өнiмдi көбейтуге түрткi болды.
Салықтың қайта бөлу қызметi – салық механизмi арқылы мемлекеттiк бюджетке жалпы ұлттық өнiмнiң едәуiр бөлiгiн жұмылдыруда түр. Батыста және бiздiң елiмiзде мемлекеттiк бюджет арқылы жалпы Ұлттық Өнiмнiң 30 пайыздан 50 пайызға дейiнгiсi қайта бөлiнедi. Салық түсiмi есебiнен мемлекет әскери бағдарламаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, айтарлықтай қаржы ағарту саласына, денсаулық сақтауға, ғылымға, басқару аппаратын ұстауға, экологияға, зейнетақымен қамтуға жұмсалады. Қаржының бұндай мақсаттарға жұмсалуы, әлеуметтiк саладағы мезгiл-мезгiл тиеленiсiп түратын қайшылықтарды басуға, азаматтардың кедей топтарының мүддесiн ескере отырып жеке табыстарды барынша бiркелiктi бөлуге мумкiндiк бередi.
Сонымен бiрге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтiн маңызды құралдардың бiрi болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбiнесе дағдарыстық құбылыстарды тезiрек жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланылады.
Нарықтық экономика жағдайында салықтар түбегейлі қоғамдық өзгерістердің негізгі құралы болып саналады: олар барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджетінің кірістерінің басты көзі ғана емес, сонымен бірге олар әлеуметтік гарантиялардың кепілі, жергілкті бақарудың негізі болып табылады және салықтар мемлекеттің қаржылық қызығушылығымен мүмкіндіктерін, сонымен қатар шаруашылық субъектілердің және халықтың экономикалық қызығушылығын теңестіреді.
Кез келген мемлекетте салықтық төлемдерді мәжбүрлеп алу ең алдымен салық төлеушілерге қолданады. Салық төлеуші салық жүйесінің орталық элементі. Олардың уақытылы салық міндеттемелерін орындалуын барысынан мемлекеттің өз қызметтерін сапалы атқарылуы байланысты.
Сонымен мемлекет салық органдарының дұрыс және айқыг жұмыс істеун үнемі бақылап отырады.
Мемлекет салықтық міндеттемелерді орындалуын қағадағалайтын субъект құзырында келесі топ тұлғалар болады:
1) салық төлеушілер, олар салықтардың толық және уақытылы төленуіне жауапты;
2) салық органдары, олар өздерінің қызметтерінін дұрыс орындауына жауапты;
3) мемлекеттің қаржылық аганттері, олар табыс көзінен ұсталынатын салықтарды дұрыс есептеуге жауапты;
4) банктер, олар төленген салықтық сомаларда уақытылы аударуға жауапты.
Мемлекет салық салу процесінде екі жақты орында болады:
1) мемлекет салық заңңамаларын қабалдаған орган ретінде барлық салық субъектілеріне ұзақ дистанцияда болуы тиіс, яғни өзінің салықтық органдарына ешқандай қол бұрмышылық жасамауы тиіс, тек әділетті іс - әрекет жасау тиіс;
2) мемлекет салық жинауда өзінің экономикалық мүдделерін сақтауға үнемі тырысады, оны арнайы салықтық органдары арқылы қамтамасыз етеді.
Демек, мемлекет бір жағанан салықтарды еңгізеді, тәртібін бекітеді, ал екніші жағынан оның орындалуын қадағалайды.
Салықытық заң бұзушылық- салықтық міндеттемелерді орындалуын бұзу нәтижесінде пайда болған және құқытық жауапкершілікке тартылатын құқықтық нормаларының бұзылуы.
Салықтық заң бұзушылықтардың бірнеше белгілері бар:
1) заңға қарсы келуі;
2) кінәлі болу, яғни заң бұзушы оны әтейтеп немесе білмей жасауы мүмкін, бірақ ол жауапты болып табылады.;
3) осы әреккеттерден табылған зияндық, яғни осы іс - әрекеттер ең алдымен мемлекеттің мүддесін бұзады;
4) әлбетте заң бұзу мен оның нәтижесінде болған зияндық арасында байланыс болу керек. Мысалы, егер бір жеке тұлға өзінің есеп бөліміне белгілі салықтық жеңілдікке ие екені туралы құжаттар өткізеді, бірақ бұл құжаттар заңсыз болып табылады, сондықтан мемекенің есеп бөлімінің қызметкерлері алдын төленбеген сомаларды төлеуге оны міндеттейді. Ол дұрыс емес. Ол заң бузушылыққа мемекеме басшылығы жауап беру тиіс, себебі оның дұрыс істемеуіне байланысты росы факт болды;
5) әлбетте заң түрінде жазалау шараларының болуы, тек құқытық жазалау нормалар болса ғана жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Салықтар тек заңды қарастырылған әдістерімен алыгуы тиіс.
Салықтық заң бұзушылықтарға келесі қаржылық- құқытық әдістер қолданады:
1) өсімақы;
2) айыппұл.
Салықтық заң бұзушылықтардың түрлері:
І. Мемлекеттің материалдық мүддесіне қарсы іс- әрекеттер, яғни олар:
1) салықтарды толықты мөлшерде немесе уақытылы төлемеу;
2) төлеу көзінен салықты ұстап қалмауы немесе ұсталған салықтарды аудармауы;
3) салық төлеушінің өтініші бойынша салықтарды банктер мемлекеттік бюджетке уақытылы аудармауы;
4) салықты төлеуден заңсыз босату.

ІІ. Салық төлеушінің құқықтарына және экономикалық мүдесіне қарсы іс - әрекеттер, олар:
1) заңсыз салықтарды орнату;
2) салық төлеу көзінен заңсыз ұстап қалу;
3) артық төленген салықтық сомаларды заңсыз қайтармау;
4) салық төлеушінің шаруашылық іс - әрекеттеріне әтейлеп қарсы іс - әрекеттерді жасау;
5) салықтық құпияны жариялау.

ІІІ. Салықтық жүйесінің тұрақты қызмет етуіне кедергі жасау, олар:
1) салық органдарына есепке алмау немесе уақытылы алмау;
2) банктерде салықтық тіркемесін шотты ашу;
3) салықтық есепті дұрыс жүргізбеу;
4) салықтық есепті бермеу немесе уақытылы бермеу.

ІҮ.Салық жүйесін қызмет етуіне кедергі жасау, олар:
1) салық органдарының заңды талаптарын орындамау;
2) банктердің салық органдарына салық төлеушінің ашқан банктік шоттары жөнінде хабарлама бермеу;
3) банктердің салық органдарының салықтық берешегінғ айыппұлдарды, өсімақыларын ұстап қалуды орындамау;
4) банктердің шот бойынша барлық операцияларды тоқтату жөніндегі талабы;
5) салық органдарының қызметкерлерін салықтық тексеруге жағдай жасап бермеу;
6) салық органдары берген салық бұзушылықтарды жабу үшін атқарылатын шараларды орындамау;
7) салық органдарының қызметкерлерін жеке мүдесін тиісу, т.б.

Салықты төлеуден жалтару,оның проблемалары мен шешiмдерi: "салықтан қашу", "салықтан жалтару ", " салықтан жасырыну", "салықты айналып қту"," салықтық оңтайлау", " салықтық жоспарлау"-дәл осы түсiнiктер бұрыңғы экономика жүйесiнiң бұзылып, жаңа салық жүйесiнiң қалыптасуын бiлдiретiн құбылыс. Алғашқы кооперативтердiң; шағын жеке кқсiпкерлердiң пайда болуында ғана кәсiпкерлер жене кеңес берушiлер алғаш рет салықтан жалтару туралы және ол уақытгың жаңа талабы деп айтты.
Салық төлеуден жалтарыну – салық төлемдерiн толық немесе iшiнара төлемеу мақсатымен салық төлеушiнiң салық салу объектiсiн (табысты, пайданы, тауар айналымын, мүліктi) әдейi жасыру және азайтуы. Салық төлеушiлердiң мұндай заңсыз iс-әрекетi мемлекет мүддесiне айтарлықтай зиян келтiредi: мемлекеттiк бюджет едәуiр қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кiрiстерiнiң қосымша криминалдық көздерi жасалынады, кәсiпкерлiк қызмет сферасында, салада, аймақта және т.с.с. құн қозғалысының негiзгi үйлесiмдерi бұрмаланады.
Салық төлеуден жалтарынудың себептерi әртүрлi болуы мүмкiн:
1) шаруашылық, кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметтi қалыпты жүргiзуге мүмкiндiк бермейтiн елеулi салық ауыртпалығы; салықтардың көптiгi және жоғары мөлшерлемелерi салық салынатын субъектiнiң ''көлеңкелi'' (''қалтарыстағы'') экономикаға кетуiне жәрдемдеседi.
2) салық заңнамасының құрделiлiгi, сонымен қатар оның анық еместiгi, нұсқаулықтар мен ережелердiң қағидалары мен нормаларын түрлiше түсiндiретiн ондағы толықтырулардың, өзгертулердiң, түзетулердiң көптiгi.
3) салық службасын ұйымдастырудағы кемшiлiктер: қызметкерлердiң төмен бiлiктiлiгi мен бiлiксiздiгi, экономикалық бiлiмдер мен құқықтық мәселелердiң шектес салаларын жеткiлiксiз бiлуi; тексерулер кезiндегi қызметкерлердiң адалдыққа жатпайтын iс-қылықтары.
4) салық сомаларын баю немесе көлеңкелi бизнестегi инвестидиялау мақсатымен субъектiлердiң оларды төлемеуге қасақана, әдейi ұмтылуы және т.с.с.
''Көлеңкелi экономиканың'' орасан зор ауқымы, басқа елдердiң банк мекемелерiне ақша аудару, кәсiпкерлiк қызметтiң шын ауқымын, мүлік құнының мөлшерiн төмендету жөнiндегi табысты күш салулары – мемлекет бақылауынан салық түсiмдерiнiң аса iрi сомаларын шығарады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар каржы жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дай, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін