Экономика | Қазақстан Республикасының 1991-2011 жылдар аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы

 Экономика | Қазақстан Республикасының 1991-2011 жылдар аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму эволюциясы 7
1.1 Нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері 7
1.2 Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері 15
2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы дамудың басым бағыттары 26
2.1 Әлеуметтік қорғаудың механизмдерінің жетілуі 26
2.2 Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық аспектілері 36
3. Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясаты мен ауыл-шаруашылығының дамуы 48
3.1 Қазақстанның қаржы-экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы 48
3.2 Республика ауыл шаруашылығының даму жағдайы 56
Қортынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64

Кіріспе
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы бұрын соңды болып көрмеген деңгейге жетті. Экономика - тәуелсіздіктің діңгегі, экономиканы дамытпай, ешқандай саяси-әлеуметтік жетістікке жете алмаймыз, егеменді ел де бола алмаймыз. «Алдымен экономика, сосын саясат» айдарымен алысты көздеген Президенттің стратегиялық тұжырымдамасы дүниеге келді. Оны орындау мақсатында тиянақты іс-шаралар жүзеге асырыла бастады. Осы мақсатпен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президенттің заңдық күші бар 140-тан астам Жарлығы жарияланды. Олар экономика саласында реформалардың елімізде екпінді жүруіне негіз салды. Реформалардың заман талабына сәйкес нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырды. Нәтижесінде алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықтық. Қазақстан реформаларды табандылықпен жүргізіп жатқан ел екенін шетел басшылары мен мамандары айта бастады. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсартуға арналған "Қазақстан–2030" Стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев атап өткенiндей, республика дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады [1].
Осы Стратегияда айқындалғандай, біздің елімізде қалыптасқан нарықтық экономиканың әлеуметтік бетбұрыс алуы, оны Елбасы Стратегиялық басым бағыттардың бірі деп белгілеуі, аталмыш саланың әлі бірнеше онжылдықтар бойы өзектілігін жоймайтын ғылыми-зерттеу объектісі болатындығының айқын көрсеткіші. Ал, оның жүзеге асу барысы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болып қалануынан көрінеді де, басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық жетістіктерге жетуде, ғылым мен инновацияның дамуында жетекші рөл атқаратын адам факторы – әлем қауымдастығының инвестициялық тартымды ресурс көзі ретінде қалыптасып келе жатқандығы, аталмыш объектінің XXI ғасырдың өзекті зерттеу мәселесі екендігі сөзсіз деп ой-тұжырым жасауға болады.
Бүгінгі Қазақстан мемлекеттің әлемдік қауымдастықта дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Жаңа әлемдік шарттар мен жаңа ғасырдың алғашқы жылдарындағы жетістіктеріміз мол. Міне, осы ерекшеліктерді айқындай келе, еліміздің қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптауды міндет етіп қойып отырмыз.
Дүниежүзі елдері танып, экономикалық даму қарқыны жағынан алғашқы орындарда тұрғандығын мойындап отырған тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихын қайта ой елегінен өткізу әрбір халық үшін терең мәнге және маңызға ие. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық тарихын зерттеп, оған баға беру өзекті мәселелердің бірі екендігі даусыз.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының эволюциясы мен басым бағыттары болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның 1991-2011жж аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы тақырыбына қалам тартқан біршама авторлардың еңбектері жарық көріп үлгерген. Жалпы оларды мынадай екі топқа бөліп қарастырауға болады:
Бірінші топта, үкіметтің жоғарғы қызмет орындарында еңбек етіп, болған жайларды өз көзімен көріп қана қоймай, нақты іс – шараларды жүзеге асырудың басында болған саяси қайраткерлердің еңбектері. Мұндай еңбектердің ішінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысты «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан 2030», «Тәуелсіздік белестері», «В потоке истории», «Сындарлы он жыл» деп аталатын шығармаларын ерекше атап өткен жөн.
Сондай – ақ әр түрлі кезеңдерде үкіметті басқарған Ә.М.Қажыгелдиннің, Қ.Тоқаевтың, Н.Балғынбаевтың, И.Тасмағанбетов, К.Мәсімовтің еңбектері мен баспасөз беттерінде жарияланған баяндамаларында құнды материалдар береді.
Екінші топқа, тақырыпта қарастырылуы тиіс мәселелерді жеке – жеке бөліп зерттеген арнайы мамандар – эконмистердің, әлеуметттанушылардың және тарихшылардың еңбектерін жатқызуға болады. Олардың қатарында Б.Исабеков, К.Тұрысов, Э.Түркебаев, Т.Бондорь, Ч.Мусиннің, Б.Р.Амангельдиевтің, Ә.Әбдікәрімұлының, К.Рысбайұлының, Г.К.Габдулинаның, Ю.К. Шокмановтың, А.Касеновтың, А.Алібаевтың, А.Морозовтың, В.А.Ермековтың, М.Х.Абусейтованың, Д.А.Муркиннің және т.б авторлардың зерттеулері тақырыптың мәнін ашуда сындарлы мағлұматтар береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының 1991-2011 жылдар аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының эволюциясы мен басым бағыттарын зерттеу диплом жұмысының мақсаты болып табылады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясатын зерттеп, қол жеткізген табыстары мен жіберген кемшіліктерін зерделеп, обьективті түрде баға беру көзделген. Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді орындауды жүктейді:
- Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық жаңа жүйесін таңдау жолын зерттеу және оның типтік сипатын анықтау; құрылымдық экономикалық реформаның негізіне анықтама беру;
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы дамудың басым бағыттарын анықтау;
- Әлеуметтік қорғаудың механизмдерінің жетілуін сараптау;
- Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясаты мен ауыл-шаруашылығының дамуына зерттеу жүргізу;
- Қазақстанның қаржы-экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы нәтижелерін көрсету;
- Республика ауыл шаруашылығының даму жағдайын саралау.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Тақырыптың деректемелік қорын мынадай баспасөз құралдары мен Қазақстан Республикасының зерттеу және статистикалық Агенттігі басылымдарынан алынған материалдар құрады: «Егеменді Қазақстан», «Жас Алаш», «Казакстанская Правда», «Общество и экономика» т.б . Сонымен бірге, елдің әлументтік- экономикалық дамуы туралы «Қазақстан халқының тұрмыс деңгейі», «Қазақстан – цифраларда», «Қазақстан өңірлеріндегі халықтың экономикалық белсенділігі», «Қазақстан Республикасындағы еңбек ақы» сияқты әр жылға шығатын статистикалық жинақтар құнды материалдар береді.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық жұмысты жазу барысында жинақтау жүйелеу, салыстыру, талдау және т.б. зерттеу әдістері пайдаланылды. Дипломдық жұмыста қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, салыстырмалылық, объективтілік сияқты негізгі метолологиялық принциптер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі. Зерттеу жұмысы КСРО ыдырап Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдан басталып, егеменді дамуының жиырма жылдағы уақыт аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысында 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының территориясы қарастырылған.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тәуелсіздік тарихындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды сараптау негізінде зерттеу жүргізу жаңалық болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысы семинар сабақтар мен студенттің өзіндік жұмыстарына қолданылуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде келесі тұжырымдар шығарылды:
• Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл ішінде жүргізген экономикалық реформасынан қортындылайтын болсақ, жалпы нәтижелері республика алдында тұрған күрделі міндеттердің табысты атқара алғандығын дәлелдейді. Жүргізілген көлемді қайта құрулардың нәтижесінде негізінен шаруашылық жүйе реформаланды, либералды ашық рыноктық экономика принциптеріне негізделген экономикалық қатынастар жүйесі қалыптасты, рынок стандарттарына және ұлттық экономикалық орта ерекшеліктеріне сәйкес комплексті басқару жүйесі құрылды және әрі қарай даму үстінде;
• жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықгың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі - Казақстан), тек 11 ел ғана - нарықтық қатынасқа әлі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам құрылып жатыр.
• Нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері анықталуының нәтижесінде еліміздің бұрынғы посткеңестік елдер арасында алдыңғы қатарлы дамуға жеткендігі және оның жарқын келешегі болжанды;
• Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері салыстыру негізінде дамудың қазақстандық жолы көрсетілді. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықгық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар;
• Қазақстан Республикасының әлеуметтік сала бойынша дамудың басым бағыттарын анықталу нәтижесінде бүгінгі таңдағы халықтың тұрмыс деңгейіне сараптама жасалынып, баға берілді;
• Әлеуметтік қорғаудың механизмдерінің жетілуі сарапталынып, оң нәтижелері шығарылды;
• Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық аспектілерін анықталды;
• Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясаты мен ауыл-шаруашылығының дамуына зерттеу жүргізілді. Осы бағытта жеткен жетістіктер көрсетілді;
• Қазақстанның қаржы-экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы және еліміздің әлемдік қауымдастықта алатын орны көрсетілді;
• Республика ауыл шаруашылығының даму жағдайы және бұл бағытта үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан бағдарламалар талқыланды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға бөлінген үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. Нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы нарық субъектілеріне қызмет көрсету саласында материалдық және материалдық емес өндірісті, әсіресі банк, несие, инвестициялық, ақпараттық, технологиялық, инновациялық, коммерциялық қызмет салаларын әртүрлі қызмет және сервис түрлерімен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен объектілер кешенін қалыптастыруды талап етеді.
Нарықтың барлық түрлеріне қызмет көрсететін және олардың қызмет етуіне қолайлы жағдай жасайтын кәсіпорындардың, ұйымдардың жүйесін, тауарлар мен қызметтерді тарату каналдарын ұйымдастыруды, тауар өндірушілердің тұтынушылармен байланыстарын, биржаларды ұйымдастыру тәжірибелерін зерттеу, қалыптасқан шаруашылық жағдайларды ескеріп кәсіпорындарға кәсіби қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Нарық қалыптасуының негізгі бағыттары берілген, нарықтың жекелеген объектілерінің: еңбек, тауарлар және қаржылық нарықтарының қызмет етуінің теориялық негіздері баяндалады.
Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының ішінен аса тиімдісі- нарықтық экономика екендігін адамзат тәжірибесі көрсетті. Көптеген экономистер нарықтық экономиканың негізгі артықшылығы- қоғам ресурстарын өндірістің шекті өнімділік факторларына сәйкес тиімді бөлуге мүмкіндік беретіндігінде,- деп қарастырады. Нарықтық экономиканың альтернативті экономикалық жүйелердің алдында артықшылығы ол инновациялық қызметке ықпал етеді. Жақсы жұмыс істейтін нарық, нарық институттары әлсіз дамыған қоғамға қарағанда инновациялық қызметке рентабельділікті қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономика маркетинг механизмі арқылы төлем қабілеті бар сұранысқа сәйкес өндіріс көлемі мен құрылымын қалыптастырады. Нарыққа бағытталған экономиканың тармақталған инфрақұрылымдық сеті бар. Экономикалық ақпарат тауарлардың бар немесе жоқ болуы, саны мен сапасы, оларды өндіру шығындары, тұтынушыға пайдалылығы жөнінде хабарлайды. Қазақстан Республикасы өзінің дамуында нарықтық бағытты анықтап, реформаларды «ҚР тәуелсіздігі туралы» Конституция Заңын 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданғаннан кейін интенсивті түрде жүргізе бастады [2].
Қазақстанның нарық қатынастарына көшуінің бастапқы шарттарын келесі түрде жалпылама сипаттауға болады. 1991 жылы және кейінгі жылдары да өндірістің қысқаруымен, әрекет етіп отырған басқару құрылымдарын нарықтық шаруашылықта тиімді әрекет етуге қабілеті бар жаңа органдармен ауыстырылусыз құлдырауыш жалғасатын әлеуметтік-экономикалық жүйе дағдарысы байқалған. Реформалардың басында әрекет етіп отырған «нарықтық» институттар, сауда және қамсыздандыру өткізу ұйымдары түбегейлі өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделмеген еді.
Дағдарыс қаржылық жүйесін де жаулап алды: ақша эмиссиясы өсті, ақшалай табыстардың өсуі тауарлы массамен қамтамасыз етілмеді. Тауар айналымының көлемі баға факторы есебінен артып отырды. Гиперинфляция кезеңі басталды.
Үкіметпен қабылданып жатқан ең алғашқы іс-шаралар мен бағдарламалар, біріншіден, саясат, экономика, құқық, қаржы және әлеуметтік салаларда нарық қатынастарын қалыптастыру және дамыту бойынша іс-шаралардың кешенділігін қарастырған. Екіншіден, олар экономиканың макро және микро деңгейлерін, үшіншіден, өткізіліп жатқан реформалардың кезеңдер бойынша жүруін қамтамасыз етті.
Қазақстан нарыққа көшу бағдарламалары:
- институционладық реформа, мемлекет ролін қайта қарастыру, заңдылықтар реформалары, орындаушы биліктің қайта құрылуы, әлеуметтік қорғау жүйесін құру, мемлекеттік институттардың (салық жүйесінің, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін бақылау, ақша саясатын бақылау) реформасы;
- макроэкономикалық тұрақтылықты, қатаң бюджеттік және несие саясаты, мемлекеттік бюджет тапшылығымен күресу;
- баға және нарық реформасы: бағалардан бақылауды алып тастауды, өндірістік факторлардың бәсекелестік нарығын құруды және сауда либерализациясын;
- кәсіпкерлікті дамытуды: жеке меншік секторының қалыптасуын, меншік құқығын нығайтуды, салаларға фирманың қол жеткізе және шыға алуын, кәсіпорындардың қайта құрылуын қарастырады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа бағдарламалардан көшудің басқа бағыты болып нарық инфрақұрылымын құру. Ол Қазақстанда нарық қатынастарын дамыту бойынша мемлекет өзегі болып табылады.
Тауарлы шаруашылықтың даму барысында нысандарының көп түрлілігімен ерекшеленетін және ежелгі базарлардан компьютерлермен қамсыздандырылған, қазіргі заманға ұйымдастырылған нарықтарға дейін жол кешкен нарық қалыптасты.
Кейбір нарықтардың ресми ережелері бар және нақты белгіленген орындарда әрекет етеді, мысалы тауарлар, қор немесе валюта биржалары. Ал басқа, мысалы жылжымайтын мүліктерді сату, қызмет көрсету іс жүзінде асырылатын ауызша ақпараттық жүйелер сияқты нарықтар бейресми және орталықсыздандырылған. Қазіргі заман нарықтарының ұйымдастырушылық спектрлері өте кең: тауарлардың көтерме және бөлшек нарықтары, ішкі нарық, ұлттық нарық, әлемдік нарық және т.б.
Нысандарының көптүрлілігіне, мөлшерлеріне қарамастан барлық нарықтарда тағы бір жалпы қасиеті бар: олар ақпартты адамдарға шешім қабылдау үшін қажетті бағалар және стимулдар түрінде ұсынады.
Экономикалық оқулықтарда нарықтың мәнін ашатын көптеген анықтамалар бар. ХІХ ғасырдағы ағылшын экономисті У.Джевонс нарықты іскерлік қатынасқа түсетін және қандайда болмасын тауар бойынша ірі келісім шарттар орнататын адамдардың тобы ретінде қарастырады. Қазіргі заманның американдық экономист Ф.Котлер нарықты тауарлардың әрекет етіп отырған және потенциалды сатып алушыларының жиынтығы ретінде сипаттайды.
Нарықтың зерттеушілері болып, сонымен қатар американдық ғалым-экономисттер: С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи есептеледі. Олар келесі анықтаманы ұсынған: нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың белгілі бір тауарды сату – сатып алу бойынша қандай да болмасын келісімдерінің жиынтығы.
Нарыққа ұсынылатын өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс, яғни басқа бәсекелестердің ұқсас өнімдерінен ұтымды ерекшелене алатын тұтынушылық қасиеттері болуы қажет. Қазіргі заман нарығы жаңалық нарығына айналуда, себебі жаңалық – тауарлар мен қызметтерді бәсекеге қабілетті қылатын негізгі қасиет болып саналады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдiстемелiк қағидалары бар. Бiрiншiден, Қазақстан экономикасы меншiктiң әртүрлi нысандарына негiзделедi. Мемлекет заң алдында меншiктiң барлық субьектiлерiнiң теңдiгiн қамтамасыз етедi. Екiншiден, жеке меншiкке қол сұғуға болмайды. Үшiншiден, мемлекет жеке кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Төртiншiден, монополистiк қызмет пен бәсекелестiң кез елген шектеуiне жол бермейдi. Бесiншiден, әкiмшiлiк аймақтың бiрлiктерi дербес болып табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазiргi жүйесiнiң негiзiн құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтiк бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл қағидалар тек саяси әлеуметтiк мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджменттiң ұйымдастырушылық бастамасына да тiкелей қатысты.
Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика үкiметi нарыққа өтудiң тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдамада мемлекеттiк және экономикалық егемендiктiң қағидаларына негiзделген. Онда нарыққа өтудiң стратегиялық бағыттары анықталған. Реттеулi нарықтық экономикаға өту келесi негiзгi бағыттардан құралады:
• Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу- ол мемлекеттiк меншiктiң монополиясын жою және өндiрушiлердiң бәсекесiн дамытуға жағдай туғызу.
• Монополиясыздандыру және монополияға қарсы саясат- аталмыш заңды
• Қабылдау, еркiн кәсiпкерлiкке жағдай туғызу және қатарлы өндiрiстiк құрылымдарды дамыту.
• Қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру.
• Баға құрылымы саясаты.
Аталған реттеулi нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негiзгi қағидалар белгiленген. Олар төменде көрсетiлгендей:
• Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдiгi;
• Меншiк түрлерiнiң сан алуандығы және олардың еркiн дамуы мен бәсекесi;
• Дербес баға белгiлеу саясаты;
• Сыртқы экономикалық саясатты жүргiзудегi толық дербестiк;
Басқару обьектiлерiнде жүргiзiлiп жатқан терең де сапалы өзгерiстер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетiлу үстiнде болатын басқару обьектiсiн бұрынғы қалыптағы әдiске салуға болмайды. Керiсiнше, әдiстер өзгертiлiп отырған экономикалық мiндеттерге сәйкестендiрiлуi тиiс. Ол бiр жағынан нарыққа өтпелi кезеңде аймақ басқару субьектiсi ретiнде, екiншi жағынан нақтылы елдегi әлеуметтiк экономикалық процестер әсерiнен бiрiккен жергiлiктi қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерiнен дамиды.
Бұрынғы орын алған мемлекеттiк билiк пен басқару құрылымдарының бiрқатар кемшiлiктерi болған. Олардың қатары төмендегiдей:
• Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндiрiстiк, экономикалық және интелектуалдық әлеуеттiң тиiмдi пайдалануын қамтамасыз етпедi;
• Нарықтық қатынастарды ендiру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнiмдi ынталандырудың жаңа тетiктерiн енгiзудi, кәсiпкерлiк пен бәсекенi жетiлдiрудi мүмкiн етпедi;
• Басқару органдарының әдiстерi мен нысандары ескiше болды;
• Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметi басым болып, кәсiпорындар әрекетiне себепсiз араласу мен олардың экономикалық дербестiгiн шектеу орын алды;
• Елеулi кемшiлiк болып қабылданған басқарушылық шешiмдерге жауапкершiлiктiк орын алмауы табылды;
• Келiсiмсiз әрекет жасау, қызметтi пайдалану, атқарушы органдарда кең етек алды;
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелерi мемлекеттiк билiк пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың обьективтiлiгi қажеттiлiгiн тудырады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 699



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді