Экономика | Қазақстан Республикасының 1991-2011 жылдар аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы

Кіріспе
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы бұрын соңды болып көрмеген деңгейге жетті. Экономика - тәуелсіздіктің діңгегі, экономиканы дамытпай, ешқандай саяси-әлеуметтік жетістікке жете алмаймыз, егеменді ел де бола алмаймыз. «Алдымен экономика, сосын саясат» айдарымен алысты көздеген Президенттің стратегиялық тұжырымдамасы дүниеге келді. Оны орындау мақсатында тиянақты іс-шаралар жүзеге асырыла бастады. Осы мақсатпен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президенттің заңдық күші бар 140-тан астам Жарлығы жарияланды. Олар экономика саласында реформалардың елімізде екпінді жүруіне негіз салды. Реформалардың заман талабына сәйкес нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырды. Нәтижесінде алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықтық. Қазақстан реформаларды табандылықпен жүргізіп жатқан ел екенін шетел басшылары мен мамандары айта бастады. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсартуға арналған "Қазақстан–2030" Стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев атап өткенiндей, республика дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады [1].
Осы Стратегияда айқындалғандай, біздің елімізде қалыптасқан нарықтық экономиканың әлеуметтік бетбұрыс алуы, оны Елбасы Стратегиялық басым бағыттардың бірі деп белгілеуі, аталмыш саланың әлі бірнеше онжылдықтар бойы өзектілігін жоймайтын ғылыми-зерттеу объектісі болатындығының айқын көрсеткіші. Ал, оның жүзеге асу барысы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болып қалануынан көрінеді де, басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық жетістіктерге жетуде, ғылым мен инновацияның дамуында жетекші рөл атқаратын адам факторы – әлем қауымдастығының инвестициялық тартымды ресурс көзі ретінде қалыптасып келе жатқандығы, аталмыш объектінің XXI ғасырдың өзекті зерттеу мәселесі екендігі сөзсіз деп ой-тұжырым жасауға болады.
Бүгінгі Қазақстан мемлекеттің әлемдік қауымдастықта дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Жаңа әлемдік шарттар мен жаңа ғасырдың алғашқы жылдарындағы жетістіктеріміз мол. Міне, осы ерекшеліктерді айқындай келе, еліміздің қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптауды міндет етіп қойып отырмыз.
Дүниежүзі елдері танып, экономикалық даму қарқыны жағынан алғашқы орындарда тұрғандығын мойындап отырған тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихын қайта ой елегінен өткізу әрбір халық үшін терең мәнге және маңызға ие. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық тарихын зерттеп, оған баға беру өзекті мәселелердің бірі екендігі даусыз.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының эволюциясы мен басым бағыттары болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның 1991-2011жж аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы тақырыбына қалам тартқан біршама авторлардың еңбектері жарық көріп үлгерген. Жалпы оларды мынадай екі топқа бөліп қарастырауға болады:
Бірінші топта, үкіметтің жоғарғы қызмет орындарында еңбек етіп, болған жайларды өз көзімен көріп қана қоймай, нақты іс – шараларды жүзеге асырудың басында болған саяси қайраткерлердің еңбектері. Мұндай еңбектердің ішінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысты «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан 2030», «Тәуелсіздік белестері», «В потоке истории», «Сындарлы он жыл» деп аталатын шығармаларын ерекше атап өткен жөн....
Дипломдық жұмыстар
Толық