Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ казакша Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………..........................……………3

I - тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ.....................................................................................................5
1.1. Аппеляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құкықтық талдаулары........................................................................................................5
1.2. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы.......................................................20
1.3. Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі..............................................................................................................23

II - тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ...........................................................................29
2.1. Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері............................................................................................................29
2.2. Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі...............................................................................................................37

Ш-тарау. ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................42

ҚОРЫТЫНДЫ…………........................……………………………………...50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…........................……………………53

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау қүкық бүзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ кателесуден қорғау міндетгерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотгыкқ тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады.
Қазакстан Республикасының Конституциясы әрбір адамға өзінің құқыктары мен бостандықтарының соттық корғалуына кепілдік береді. Қылмыстық сот өндірісі және бас сот талқылауы барысында азаматтардың қуқықтары шектелуі мүмкін болғандықтан, Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық істерді объективті және әділ шешілуінің маңызды тәсілдерінің бірі ретінде сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану. наразылық білдіру және сот шешімін қайта қарауды тиянақты түрде көрсеткен.
Апелляциялық сатыдағы (инстанциядағы) өндіріс - күшіндегі заңның новелласы болып табылады. Алайда, кылмыстық іс жүргізудің бірде-бір сатысы жана ҚІЖК-сі қабылданған уакыттан бері мұндай өзгертулерге ұшыраған жоқ.
Апелляциялық өндірістің алғашқы варианты заңшығарушымен істердің сотта қаралу нәтижелерін тексеру нысанында болды. Істердің апелляциялық тәртіппен кайта каралу тәртібі, ол кұрылған сәттен бастап көптеген сенімсіздіктер туғызғандығын айта кету керек. ҚІЖК-нін тиісті ережелерінің күшіне енгізілуінің кейінге қалдырылуының себептерінің бірі осы болса керек.
Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.
Апелляция институты Қазақстанның қүқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандыктан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл жерде қылмыстық іс жүргізу қызметі субъектілерінің алдында тұрған міндеттердің үлкен маңыздылығын, күрделілігін және айрықшалығын ескере отырып, апелляциялық өндіріске арналған отандық құкықтық әдебиеттердің жоқтың қасы екендігін, ал қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің жоқ екендігін айта кету керек.
Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі мен ғылыми жаңалылығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында алғаш рет қылмыстық іс жүргізудің жаңа сатысы, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру, яғни апелляциялық сатысын кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады. Жүргізілген зерттеу қылмыстық сот өндірісіндегі жаңа саты, апелляциялық сатының мәнін, мазмұнын ашуға, тәжірибеде қолданылуын зерттеуге, тарихи және салыстыру-қүқықтық талдаулар жасауға және қылмыстық іс жүргізу сатыларының ішінде алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.
Осы жоғарыда айтылғандарды ашу, зерттеу және талдау жасау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады және ол мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық
келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы, апелляциялық өндірістің
мазмұнын анықтау;
- апелляциялық шағымдануға қүқықты тұлғаларды, олардың тәжіри-
беде қалыптасқан шағымдану, наразылық білдіру әрекеттерін зерттеу;
- апелляциялық сатыда істі қарау тәртібін және оның бұрынғы кассациялық, апелляциялық сатылардан айырмашылығын ашу;
- апелляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құқықтық талдау-
ларын шығару.


І-ТАРАУ. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ.

1.1. Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары.

Апелляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-қүқықтық талдауларын мен үш бөліммен қарастырдым: 1) қазақтардың дәстүрлі қүқығы бойынша шешімдерін қайта қарау институты; 2) кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта карау институттары және 3) кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту.
1. Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты
Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі кұкығы да дамып, жетілдіріліп отырды. Қазақстан Ресейге косылғаннан кейін оның аумағында қылмыстык іс жүргізудің екі түрі колданылды: біріншісі, қазақтардың дауларды, қүқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-дәстүрге негізделген дәстүрлі құқық бойынша сот өндірісін жүргізу, екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу. Сот өндірісінің екінші түрі бойынша іс орыс тілінде және Ресей заңдары негізінде жүргізілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісі елдегі биліктің еңбекші тап кеңестерінің қолына көшкендігін әйгілеп берді. Революция жасақтаған кеңестік өкімет органдары Қазақстандағы бұрынғы сотгарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазакстандағы сот жүйесінің кұрылуы және оның дамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуіне және мемлекеттік мәртебесінің өзгеруіне байланысты бірнеше кезеңдерді қамтыды.
Қазақтардың ежелгі дәстүрлі қүқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апелляциялық өндіріс жайлы толықкқанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляииялық кайта карау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандыктан, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.
Дәстүрлі кұқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болмағанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әр гүрлі нормалар мен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде бір-бірінен тым алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, біте кайнасып жатқандай еді. Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалар мен институттардың күні кешегі- XIX ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім, сондықтан да болар, казақтың дәстүрлі құқығындағы қайсы бір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айту оңай емес.
Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың дәстүрлі қүқығында қылмыстық және азаматтык құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер білінер-білінбес кана болды. Қазақтардың құқықтық пікірінің дамуы жөнінде XIX ғасырдағы әйгілі казақ ғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш.Уәлиханов былай дейді; «Қылмыс пен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек, тұрмыс-салты басқаша дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес».
Қазактың белгілі ғалымы, заңгер Т.Культелеев те өз кезегінде: «Қазақ құқығында арнайы «қылмыс» деген термин болмаған, оның орнына «жаман іс» немесе «жаман қылық» деген сөздер қолданылған» деп ой түйеді. Шын мәнінде. «қылмыс» ұғымы жаман іс-әрекет пен астасып, ол қоғамға келтірілген шығын ретінде емес, жәбірленушінің немесе онын туыстарының наразылығы ретінде бағаланды, Ал, мұндай жағдай, әрине, жәбірленушінің немесе оның туыстарының қарсы жақтан сыйақы төлеуді талап етуімен аяқталатын. Сондықтан, тіпті адам өліміне байланысты іс те екі жақтың келісімімен, құн төлеу арқылы шешімін табатын. Бұл кісі қазасының орнына жатыстырылатын материалдық өтем деп қабылданды. Осы жөнінде А.Крохалев былай дейді: «Қырғыздарда «кұн» деп өлген адамның қаны үшін немесе руластың мезгілсіз киылған өмірі үшін төленетін өтемді айтады. Сондай-ак, дәстүр бойынша құн мүліктік сыйақы ретінде дене жарақаты жәбірленушінің туған-туыстарына да төленеді». Мұны сөз жоқ, қоғамның даму ерекшелігімен, әсіресе, алғашқы қауымдастық пен феодалдық құрылым элементтерінің қатар өрілуімен түсіндіруге болар еді. Феодализм тұсында қоғамдық қатынас жеке меншікке негізделгендіктен, құқық та көбіне осыған ыңғайланды. Сол үшін де, жауаптылық жасалынған іс-әрекеттің ауыр, жеңілдігімен емес, ашығын айтқанда, жәбірленуші мен кінәлінің қай қоғамдық топқа жататындықтарымен өлшенді. Ол (уақыттарда қазақ қоғамында қылмыс пен азаматтық тәртіп бұзушылық ұғымдарының арасында нақтылы шектеулер болған жоқ. «Жәбірленуші – талапкер, ал қылмыскер - жауапкер деп аталды. Қылмыстық іс-әрекеттің де, азаматтық құқық бұзушылықтың да нәтижесі келтірілген зиян деп бағаланды».
Академик С.Зиманов атап өткендей, қазақтың дәстүрлі қүқығы бірнеше жүздеген жылдар бойына кешеуілдеп қалған, тұйық шаруашылық негізінде дамып келді. Бұл әрине, дәстүрлі қүқықтың қайсыбір жекелеген қүқықтық нормаларына өзіндік салқынын тигізді. Мәселен, XIX ғасырдың ортасына дейін дәстүрлі құқық жөніндегі жазбалардан тауар-ақша қатынастарын реттейтін нормаларды кездестіре алмайсыз; сот өндірісін жүргізу ешқандай жазбаша дәлелдемелерді талап етпеді. Кінәлі адамнан кек алу, тергеусіз сот жүргізу сияқты көне әдет-ғұрыптар көп уақытқа дейін бұзылған қүқықты қалпына келтіру тәсілі ретінде колданылып келді. Қазақ құқығының тарихында Тәуке хан мен «Жеті жарғы» заңының орны бөлек. Бұл жөнінде ХІХ ғасырдың басында аса кұнды еңбектері үшін көзінің тірісінде мойындалған орыстың шығыстанушы ғалымы А.Левшин былай деп жазды: “Кіші Орданың зерделі қырғыздары, біздің халық тыныштықта өмір сүрген кезде болған, бізде тәртіп те орнықты болған, бізде заң мен әділ сот та болған дегенді айтады».
Тәуке ханның заңдар жинағында көптеген қылмыстық және азаматтық-құқықтық нормалар және дәстүрлі құқық нормалары болды. Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесін зерделей отырып, онда мынадай элементтердің бар екендігін байқаймыз: а) әдет-ғұрып; ә)билер сотының іс-тәжірибесі; б) билер құрылтайының ережесі. Бұл үш белгі өзара тығыз байланысты. Билер сотының іс-тәжірибесі немесе сот өнегесі, сондай-ақ, билер құрылтайының ережесі қолданыстағы қүқықтық дәстүрлерді тұрақты түрде толықтырып, өзгертіп отырды.
Заңдық күші бар әдет-ғұрыптар негізінен арнайы еш жерде жазылмаған, олар қысқа қайырылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауыз екі жолмен жеткізіліп келген. Міне, хан Тәуке осылардың бәрін жинап, бір зандар жинағының — «Жеті жарғының» аясына жүйелеп топтастырған.
Билер сотының іс-тәжірибесі қазақтың дәстүрлі кұқығын дамытуда маңызды рөл атқарды. Атақты билердің жекелеген нақыл сөздері немесе үкімдері сондай ұқсас істерді қараған кезде үлгі ретінде қолданылды. Сөйтіп, келе-келе олар заңдық күшке ие болды.
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін билердің шешімдері еш жерде қағазға түсірілмеген. Олар калайда ауыздан-ауызға таратылып отырған. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін ғана билер кітабы енгізілді. Онда билер шығарған үкімдердің немесе шешімдердің қысқаша мазмұны жазылды. Кейбір жағдайларда билер сотының үкімдері жазба кұжат ретінде жеке рәсімделді.
Қазақтардың қылмыстық дәстүрлі құқығы тарихын зерттеу барысында Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі саяси жағдайына назар аударудың мәні зор. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін мұндағы ең жоғары мемлекеттік билік ханның қолында болды. Ханның билігін қорғау тек сұлтанға тапсырылды. Сот және заң шығару міндеттерін хан билер кеңесімен бірлесе отырып, қазақтардың дәстүрлі құқығы негізінде жүзеге асырды. Егер дәстүрлі құқықта қайсыбір құқықтық жағдайды реттейтін норма жоқ болса, хан сол кемшіліктің орнын өзінің заң шығарушылық қызметімен ыңғайластырды. Мұндай кезде ханның соттық шешімі дәстүрлі құқыққа енгізілген маңызды толықтырылу деп есептеліп, соның негізінде жаңа құқықтық норма жасалынды. Хан жүргізген соттық талқылау ең соңғы сот инстанциясы деп саналды. Хандар мен сұлтандар ықпалды билерді қатыстыра отырып, аса маңызды істерді қарады.
Қылмыстық және азаматтық істерді талқылайтын арнайы орган-билер соты болды. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін билер сот билігінен басқа жергілікті әкімшілік органдардың міндетін атқарды. Академик С.Зиманов билердің әлеуметтік рөлі мен қызметін үш бағытта сипаттайды: біріншіден, олар ірі феодалдық ақ сүйек өкілдері; екіншіден, билер көшпелі халыққа басшылық жасап, олардың іс-әрекеттерінен хабардар болып отырды; үшіншіден, олар судья еді (Зиманов С. Общественный строй казахов первой половины XIX века. Алма-Ата, 1958. 194-195-беттер).
Ежелгі дәстүрлі құқық нормалары бойынша билерді ақсақалдар сайлаған. Олар би болуға дәулетті және халықтың заңдық әдет-ғұрпын жақсы білетін тәжірибелі, білімдар адамдарды таңдады. Бұл жөнінде 1864 жылы жазылған “Сібір ведомствасына қарасты қырғыздардағы сот реформасы туралы жазбалар” деген еңбегінде (Уәлиханов Ш. Көрсетілген шығарма. 151-бет) Ш.Уәлиханов былай дейді: “Тек сот әдет-ғұрпы жөніндегі терең білімін шешендік өнермен ұштастыра білген қазақтарға ғана би деген құрметті атақ берілді.
Билер сотында қаралатын істердің бір ерекшелігі сол, мұнда, әдетте, қылмыстық істер тараптардың бастамашылығымен козғалады. Ал, дауды қарау процесі қарапайым және жұрттың бәріне түсінікті жүргізілді. Істі қарау барысында билер негізінен екі жақты татуластыруға тырысты. Шығарған шешімдерінің түпкілікті, әрі талапкерді де, жауапкерді де қанағаттандыруын көздеді.
Билер соты процестің бәсекелестігіне негізделді. Екі жақ дауды шешу үшін өздерінің қалаулары бойынша сөздерін бір биге немесе бірнеше биге арнады. Талапкерге шағымға қатысты дәлелдемелерді тапсыру міндетғелді. Жауапкерге өзін ақтайтын барлық дәлелдемелерін ұсынуға мүмкіндік берілді. Бұдан басқа, егер тараптар арасында келісім орнаса, қылмыстық процесті кез келген сатыда токтатуға рүқсат етілді. Соттық тергеу ісі басынан аяғына дейін ешқандай жазбасыз, ауызша жүргізілді.
Қазактардың дәстүрлі қүқығы билер соты шығарған шешімдерге тарптардың шағымдану мүмкіндігін қарастырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл институттың өзіне тән ерекшеліктері де болды.
Шағымдану қүқығына ешқандай шек койылмады. Билер сотының шешімі жөнінде басқа бір биге немесе хан сотына шағымдануға ерік берілді. Шешім жарияланғаннан кейінгі шағымдану мерзіміне де шек белгіленбеді. Шағымданушы өзінің қалауы бойынша, өзі сенім білдІрген кез келген биге өтініш білдіруге құқылы болды. Би талапкердің, сондай-ақ, екі жақтың тілегіне сүйеніп, істІ өндірісіне қабылдады. Істі қараған хан (би) шығарылған шешімнің әділдігіне көзін жеткізсе, бұл жөнінде арызданушыны хабардар етті. Егер хан (би) алдыңғы шешімді костап бекітсе, шағымданушы судьяға жабушы ретінде айыпталып, тиісінше жазаланды. Ал, егер шағым орынды деп табылса, хан (би) шешіміне шағым түскен биге келіп, екеуі кінәлаушымен жәбірленушінің көз алдында істі қайтадан қарады. Шешімнің ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Құқықтану дипломдық жұмыстар, АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ, дипломдык АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын диплом, Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін