Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы

Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы казакша Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................3

І. Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының
тарихи аспектiлерi
1.1.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының
ұғымы, міндеттері мен маңызы........................................................................6
1.2.Азаматтық iс жүргiзудегi сот шешімінің сот
бұйрығынан айырмашылығы.........................................................................11

ІІ. Сот бұйрығының заңды күші.
2.1. Бiрiншi сатыдағы сот бұйрығының заңды күшi...................................19
2.2. Сот бұйрығының мәні, жіктелуі..........................................................

ІІІ. Азаматтық іс жүргізудегі сот ұйғарымдарының сот бұйрығынан айырмашылығы……………………………………….....................................22

Қорытынды. ........................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................52

Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған». Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» - деген тұжырыммен айқындалар еді.
Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне үңіліп, оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі ой тамызықтау ниетіндеміз.
Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті әлемде баға жетпейді.
Осындай ролге ие және мемлекеттік қоғамдық құрылымда сот органдарының орнын толық және объективті бекіту үшін біздің елімізде азаматтық істерді жүргізу сатыларының ерекше маңызы бар.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алып, құқықтық мемлекет болуға бет алып жатқан заманда азаматтық іс жүргізу заңдарындағы азаматтық іс жүргізу сатыларының маңыздылығы өте көп болып табылады. Бұның маңыздылығы Қазақстан Республикасының Конституциясында басты қазынасы болып табылатын азамат және оның құқығы мен заңды мүдделері және бостандықтарының соттар алдында қорғалуының негізділігі болып табылады.
Әрбір азамат өз құқығы мен заңды мүддесін, бостандықтарын қорғауға құқылы. Соған азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру біріншіден, конституциямен екіншіден, азаматтық іс жүргізу заңдарымен қорғалуға жатады. Соның ішінде азматтық іс жүргізуде талап өндiрiсiнiң маңызы өте зор.
Азаматтық іс бойынша талап өндiрiсi азаматтың даулы құқықтарын өз шешіміне жетуді негіздей отырып, ол даудың сот сатыларында уақытында дұрыс шешілуін, даудың мәні бойынша қаралып, заңды шешімін табуға негіз болады.
Азаматтық іс жүргізу сатыларының дұрыс және заңды түрде қарай білу құқықтық мемлекет болғалы отырған қазақ Елінің жас заңгерлерінің негізгі міндеті мен халық алдындағы борышы екені сөзсіз.
Азаматтық іс жүргізудегi талап өндiрiсiнiң,азаматтық іс жүргізу сатыларының негізгі міндеттері болып азаматтардың даулы құқықтарын шешу, уақытында және дұрыс айқындау, азаматтық істерді мәні бойынша қарау, сот актілеріне шағым, наразылық білдіру арқылы апелляциялық сатыда және қадағалау сатысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша қорғалуына негіз береді.
Азаматтық іс жүргізудегi талап өндiрiсiнiң және сатыларының басты маңызы сот актілерінің әділдігі мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу барысындағы мақсаты болып табылады.
Азаматтық iс жүргiзу құқықтық қатынастары – бұл Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларымен реттелетiн және осы iс жүргiзудi жүзеге асыратын судья мен тараптар арасындағы қоғамдық қатынастар.
Бұндай қатынастардың өзiне тән ерекшелiктерi де бар, бұл:
Бiрiншiден – құқықтық қатынастың субъектiлерi.
Екiншiден – құқықтық қатынастың объектiсi.
Үшiншiден- құқықтық қатынастың мазмұны.
Төртiншiден- құқықтық азаматтық iс жүргiзудегi толтырылатын немесе шығарылатын iс құжаттары.
Құжат- бұл дегенiмiз ресми мазмұны бар, белгiлi бiр қатынас үшiн толтырылатын қағаз.
Iс құжаттары – бұл белгiлi бiр iс бойынша немесе ерекше маңызы бар қоғамдық қатынас кезiнде толтырылатын құжат түрi, яғни құжаттың ерекше арнайы түрi. Азаматтық iс жүргiзу кезiнде толтырылатын құжаттар болып төмендегiлер танылады:
- Талап арыз, арыз ;
- Ұйғарым;
- Сот бұйрығы;
- Шешiм, қосымша шешiм, сырттай шешiм;
- Сот отырысының хаттамасы;.
Осылар болып табылады. Бұл әрбiр құжаттың мән-мағынасы әр түрлi болып табылады. Әрбiр құжаттың белгiлi бiр бойынша алатын орны және олардың түрлерiнiң әр түрлi болуы әбден мүмкiн.
Сондықтан мен бұл дипломдық жұмысымның басты тақырыбы етiп осы мәселенi ала отырып, азаматтық iс жүргiзу құжатының ішіндегі сот бұйрығына қысқаша болса да тоқтала отырып, олардың бiр-бiрiнен айырмашылықтарын, өздерiне тән ерекшелiктерiн және де қай сатыларында қандай құжат керек екенiн бiлдiм.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазақ тiлiнде iс жүргiзiлгенде азаматтық iс жүргiзу құжаттарының толтырылуында және жүргiзiлуiнде сот бұйрығында қандай проблемалар бар екенiн зерттеу және қазақ тiлiнде бұл құжаттардың заң терминологиясы бойынша дұрыс аталуын және реттiк кезекпен дұрыс жүргiзiлуiн бiлу болды.
Негiзiнде бұл проблемаларды қазақ заңгерлерiнен зерттеген мамандар бар болғанымен қазақ тiлiнде шыққан әдебиеттер жоқтың қасы.Сондықтан бұл дипломдық жұмысым бұл мәселенi қазақ тiлiнде шығатын заң әдебиеттерiне қосқан кiшкентай болса да өз үлесiм деп санаймын.
І.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының тарихи аспектiлерi.

1.1.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының
ұғымы, міндеттері мен маңызы

Ата заңымыз Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында сот тәулігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды[1].
Әділсоттылықтың табиғаты және сот әділдігін жүзеге асырудағы мемлкет қызметін ерекшелігін сипаттайтын белгілер сот қаулыларының әсіресе оның ішінде сот шешімінің маңыздылығын анықтайды[2]. Сот шешімінің маңыздылығы туралы айтқанда сот шешімі мәні кең, үстемдігі жоғары акті екендігін ескерген жөн. Белгілі бір тұлға мүддесіне қатысты шығарылған сот шешімі тұтастай қоғам мен мемлекет үшін маңызы зор.
Жалпы түсінік бойынша, азаматтық әділсоттылық түсінігі мазмұнын құқық туралы дауды қараудағы соттың іс-әрекеті деп түсінуге болады. Бірақ та тек құқық туралы даулар ғана әділсоттылықты атқару саласындағы сот іс-әрекетінің пәні болып табылмайды[3]. Бұл жерде құқық туралы дау мазмұнының ерекшеліктеріне тоқталып өткен жөн. Құқық туралы дау – бұл азаматтық, неке және отбасы, еңбек және өзге де құқықтық қатынастардан туындайды. Осындай дауларды шешуші сот алдымен нақты құқықтық қатынастық бар жоғын және бұл құқықтық қатынас элементтерінің мазмұны қандай екендігін анықтау керек.
Құқықтық бұзылуы немесе құқыққа нұқсан келтіру нәтежесі азаматтық құқық туралы дауды тудырады. Сондықтан да соттың азаматтық дауды қарауды, бұзылған немесе нұқсан келтірілген талапкер құқығын қарауға бағытталады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және қоғам мүдделерін қорғау үшін қызмет етеді. Сондықтан да еліміздегі сот орындары сот төрелігін жүзеге асыран кезде азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларын басшылыққа алады.
Сот тек ұсынылған дәлелдемелер мен түсініктемелер мен шектелген қоймай, істің мән-жайын тараптардың құқықтары мен міндеттерін толық, жан-жақты және объективті анықтау үшін заңмен рұқсат етілген барлық шараларды қолдануға тиіс.
Жоғарыда айтып өткендей азаматтық, отбасылық, еңбек қатынастарынан туындайтын дауларды шешу мен қатар азаматтық іс-жүргізуде соттар әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істер мен ерекше өндіріс істерін де қарайды. Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою тәртібі мен жүргізілетін істерге мыналар жатады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулларына дау айту туралы істер; Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша: Мемлекеттік өкілет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айтуы туралы істер; Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер; Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуіне байланысты істер.
Азаматтық іс жүргізу құқығында Талап өндірісі, Ерекше талап өндірісі және Ерекше өндірістермен қатар Бұйрық арқылы іс жүргізу, яғни бұйрық өндірісі де ерекше орын алады.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 13-тарау 139-бабы бойынша сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ ,даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.
Сот бұйрығының атқарушылық күші болады,сондықтан ол атқару үшін белгіленген тәртіптермен жүзеге асырылады.
Сот бұйрығын сүдья шығару үшін мынандай талаптар міндетті түрде болу керек.
1.егер талап нотариатта куәландырылған мәмілелерге негізделсе,
2.егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса,
3.егер талап төленбеген векселге, акцептің болмауына, және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе,
4.егер әкеліктің белгілеуіне немесе үшінші тұлғалардың тартылуына қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талапқа мәлімделген болса,
5.егер азаматтардан және заңды тұл,алардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,
6.егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге төлемдердіөндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,
7.егер жауапкерді немесе борышкерді іздестірген шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары мен қаржы полициясы мәлімдеген болса шығарылады.
Сот бұйрығының тарихы өте әрiден басталады, ол революцияға дейiн ресей үдерiсiнде, бұрынғы КСРО-да, сол сияқты ежелгi Рим, Англия, Батыс Германия, Австрия, Швеция, Венгрия мен Чехославакиядағы шетелдiк сот iсiн жүргiзу жүйелерiнде ертеден белгiлi.
Рим құқығында сот бұйрығы преторлық қорғау үлгiсiнде болған, претор (судья) арызданушының өз мүддесiне нұқсан келгенi жөнiндегi өтiнiшi бойынша қандай да болсын iс-әрекеттi дереу тоқтату туралы өкiм еткен. Мұндай өкiм ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Құқық дипломдық жұмыстар, Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы, дипломдык Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жобалар, Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін