Қаржы | Мемлекеттiк бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалауды жетілдіру жолдары

 Қаржы | Мемлекеттiк бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалауды жетілдіру жолдары

Мазмұны

КIРIСПЕ--------------------------------------------------------------------------------------------4

1. БЮДЖЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРІ

1.1. Мемекеттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы--------------------------------------8
1.2.Салықтар бюджеттiк саясатың негiзгi көзi--------------------------------------------14
1.3. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiк саясаттың қалыптасуы мен бюджет жүйесін реформалаудың рөлі-------------------------------------------------------27
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ БЮДЖЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮРГIЗУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Дағдарыс кезіндегі бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау---------------------------32
2.2 Оңтүстiк Қазақстан облыс бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау-----------------37
2.3 Бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалаудағы салықтардың ролi-52
3. МЕМЛЕКЕТТIК БЮДЖЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Мемлекеттiк бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалаудағы кейбір мәселелер------------------------------------------------------------------------------------------56
3.2 Мемлекеттiк бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалау мәселелерiн шешу және жетiлдiру жолдары----------------------------------------------------------------59
ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------------------------------------65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------------68-70

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi² -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыландыру қызметi және оның аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Толағай иабыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды» деп айта кетті [1].
Сонымен қатар Президентіміз осы Жолдауда: «2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-нің көлемін екі еселедік. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. 2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Ұлттық Қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті» деп айта кетті.
Осы Жолдауда Президентіміз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісетінімізді және оның негізгі 5 бағытын айқындап берді:
- Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу;
- Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу;
- Адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау;
- Қазақстандағы сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
- Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы Жолдауында: «Бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібін сақтауымыз қажет. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режімінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылауды тапсырамын. Осыған сондай-ақ біздің депутаттарды да шақырамын. Қауырт өсу кезеңінде үйреншікті болып кеткен ысырапқорлық ойлы тұтынумен және үнемдеумен ауыстырылуы тиіс. Ашығын айтайық, бізге ақша пайда болған осы жылдары сұраныс көбейіп, штаттар қампиып кетті және іссапарлар саны, әрқилы ауқымды мәдениет күндерін өткізу ұлғая түсті. Осы мәселеде баршаның ойланғаны керек. Қаржы тәртібін бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиіс. Барлық басым емес шығындар – әкімшілік, инвестициялық және басқа шығындар – нөлге теңестірілуі тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерге де қатысты. Босаған қаражат бізге, ең алдымен, қазақстандықтардың еңбекпен қамтылу стратегиясын іске асыру мүмкіндігін береді. Ол бізге дағдарыс ауыртпалығын еңсеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге дағдарыстан кейінгі уақытта экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етеді. Ол әрбір қазақстандық отбасына жаңа мүмкіндіктер беруі тиіс. Жұмыс орындарының жеткіліктілігі Үкімет мүшелері мен әрбір әкімнің Қазақстан экономикасының тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігі айқындалатын негізгі көрсеткіш болуы тиіс.Әрбір әкім, әр министр апта ішінде қанша жұмыс орнының қысқарғанын және жергілікті орындарда қаншасын ашқанымызды білуі тиіс. Нақ осы тұрлаулы дамудың негізі болып табылады. Өңірлік жұмыспен қамтылуды және кадрлардың қайта даярлануын қамтамасыз ету үшін мен Үкіметке кем дегенде 140 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Жергілікті бюджеттерден де жұмыспен қамту стратегиясын бірлесе қаржыландыруға ресурстар бөлінуі тиіс. Жұмысынан айырылғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құратын боламыз. Біз кем дегенде 350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз, бұл қазіргі қоғамдық жұмыстарды есептемегенде.Бізде еңбек рыногын дамыту үшін мүмкіндіктер бар, оларды ойлап табу керек емес. Нақ осыған біз қосымша бөлінген қаражатты жұмсаймыз. Біріншіден, бұл коммуналдық желілерді қайта жарақтандыру және жаңғырту. Бұл – сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, энергетика мен кәріз сулардың нысандары мен желілері. Үкіметке әкімдермен бірлесіп осы мақсатқа кететін қажетті шығындарды анықтауды, жұмыстарды қаржыландыруды ғана емес, сонымен бірге бюджеттен бөлінген әрбір теңгенің пайдаланылуын қатаң бақылауды тапсырамын» деп айта кетті [1].
Сонымен қатар Президентіміз осы Жолдауда: «Парламенттің, мәслихаттардың, “Нұр Отан” партиясының депутаттарына сөз арнаймын. Біздің партия үшін дауыс берген сайлаушылар бізге зор сенім көрсетті. Енді қазір, қиын дағдарыс кезеңінде, біз оны ақтап, қоғамдағы дағдарысқа қарсы ауқымды қозғалыстың басында болуға тиіспіз.Үкіметпен және жергілікті органдармен бірлесіп адамдардың нақты проблемаларын шешу, дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуын, осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттың жұмсалуын айрықша бақылауға алу керек» деп айта кетті.
Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активтi түрде қатыса алады. Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, соның iшiнде өзiнiң өмiр сүру деңгейiн минималды деңгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкiндiгi бар.
Кез - келген мемлекет өзiнiң қаржылық базасы болғанда ғана өмiр сүре алады, басқаша айтқанда, өзiнiң аппаратын ұстауға және өзiнiң функцияларын орындау процесiнде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана өмiр сүредi [2].
Салық - мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси Үкімет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.
Мемлекет ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады, бiр жағдайда мемлекеттiк зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк иесiнiң қаражатты өз еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады.
Салықтар мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi мөлшерде мiндеттi төлемдер болып табылады [3].
Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен бiрге қалыптасады және мемлекеттiң тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып табылады.
Қазақстан Республикасы бюджетiнiң қалыптасуында маңызды орынды салық түсiмдерi алады.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категроия ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.
Дипломдық жұмысым үш бөлiмнен қарастырылған. Бiрiншi бөлiмде бюджеттік саясаттың теориялық негiздері: мемеклекеттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы, салықтар бюджеттiк саясатың негiзгi көзi, әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiк саясаттың қалыптасуы мен бюджет жүйесін реформалаудың рөлі, екiншi бөлiмде Қазақстан Республикасының дағдарыс кезіндегі бюджеттік саясатын жүргiзу барысына талдау жүргізіп, мемллекеттiк бюджеттегi салық түсiмдерiн реттеуге, бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалаудағы салықтардың ролiн қарастырылған, сонымен қатар, үшіншi бөлiмде бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалауды жетілдіру жолдарын қарастырып өтемiн. Жұмыс 9-кестеден, 7-диаграммадан, 1-сызбадан тұрады.
1. БЮДЖЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРІ

1.1 Мемлекетттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы

Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы ²Мемлекеттiк бюджет² деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды [4].
Көптеген қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып тұратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық санымен жасаған қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар үлестiру процессi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар қоғамдық сұранысты қанағаттандыру үшін жұмсалатын ақша қаражатының орталық қорының құрылуы мен қолдануы мен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының тұтастығы ''Мемлекеттiк бюджет'' деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын құрайды.[5]
Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша қаражатын орталықтандыру ұлттық шаруашылықта ѕнемi айналым болу үшін қажет, және экономиканы түзеу үшін де қажет. Бағамдық үлестiрудiң бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек салаларды қаржыландыру үшін орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар бұл қор мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес, бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бүгiнгi таңда дамуы кезеңiнде орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.
Мысалы, үшін қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.
Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.
Осыған орай мемлекеттiк бюджет бағамдық үлестiрудiң ерекше бөлiмi ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сұранысты қанағаттандырады. Обьективтi үлестiру қатынастарының экономикалық формасы бола тұра, ерекше қоғамдық iс- әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет экономикалық санат ретiнде шығады. [6]
Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:
1) мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сұранысты қанағаттандыру үшін қолданылатын үлестiру қатынастарының экономикалық формасы.
2) халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс - әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшін қолданылады
3) ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.
Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс – әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл бағамдық үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сұранысын қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң экономикалық формасы.
Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет – мемлекетпен басқада жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру және қайта үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сұранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi ұлғайтуға үлкен әсерiн тигiзедi.
Осыған орай Мемлекеттiк бюджет атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi құрамаларымен түсiндiрiледi:
- мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;
- экономикаға әсер ететiн құрал;
- мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары
- қоғамның барлық мүшелерi оны заң ретiнде орындау керек.
Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10 пайыз үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi.
Ол ақша қорын ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында үлестiрiледi. [7]
Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып тұр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып тұр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету үшін де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.
Қазақстан Республикасының ²бюджет жүйесi туралы² заңы республиканың түрлi денгейiндегi бюджеттерiн қалыптастыру процессiнде орын алатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу, бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.
Бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жiктелуi - функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттама бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстарының топталуы.
Бюджет құрылысы - бюджет жүйесiнiң, оның құрылу принциптерiнiң ұйымдастырылуы.
Бюджет процесi- мемлекетттiң өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық денгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың атқарылу туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы регламенттелген қызметi.
Мемлекеттiк бюджет – республикалық және жергiлдiктi бюджеттердiң бiрiн-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбайтын жиынтығы.
Мемлекеттiк кепiлдiктер – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алушы өзiнiң алынатын соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда несие берушi алдындағы берешектi iшiнара немесе толық өтеу жөнiндегi мiндеттемесi.
Мемлекеттiк шотты - мемлекеттiң барлық денгейдегi бюджеттерiдiң және бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу тәртiбi.
Бюджет тапшылығы - Үкіметтiң қарызға алған сомаларын қоспағанда , шығыстар көлемiнiң және бюджеттен қайтарымды негiзгi бөлiнген несиелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан асып түсуi.
Республикаық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн тапшылық мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен көрсетiедi.
Бюджет кiрiстерi- салық және салықтық емес түсiмдермен алымдардың сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде келiп түсетiн капиталмен жасалатын операциялардан жасалатын кiрiстердiң көлемi.
Мемлекеттiк бiрiктiрiлген қаржы балансы- дербес жұмыс iс- тейтiн республикалық және жергiлiктi бджеттердiң (соның iшiнде арнаулы экономикалық аймақтар бюджеттерiн қоса алғанда), бюджеттен тыс қорлардың бiрiнiң-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке аынбайтын ақша қаражатының жиынтығы.
Жергiлiктi бюджеттер - облыстық, қалалық ( республкалық және облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандардың бюджеттерi және арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерi.
Ресми трансферттер - бюджетке тегiн және қайтарылмайтын болып түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар.
Бюджет профицитi- бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен ресми трансферттер түсiмдерi жалпы сомасының жалпы шығыстар көлемiнен және қайтарымды негiзде бөлiнетiн несиелерден асып түсуi. Республкалқ бюджет профицитiнiң мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен есептелiнедi.
Бюджет шығыстары- бекiтiлген бюджет шегiнде бюджеттен қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн қаражат.
Резервтiк қор- бiржолғы сипаттағы тосым шығындарды қаржыландыру үшін бюджет қаражаты есебiнен құралатын қор, соның iшiнде республикалық бюджеттегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арнап орталықтандырылған қаражат.
Ерекшелiк- бюджет қаражатын жұмсаудың экономикалық сипаттамасын айқындайтын көрсеткiш.
Субвенциялар- нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін төменгi бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерден бекiтiлген сомалар шегiнде алатын ресми трансферттерi.
Субсидиялар - бюджеттен нысаналы шығыстарды (бағдарламаларды) қаржыландыру үшін ұйымдарға бекiтiлген сомалар шегiнде бөлiнетiн трансферттiк төлемдер.
Есептi кезең- жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең, бұл кезең iшiнде өткен қаржы жылында бекiтiлген қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген бюджеттiк шығыстар бойынша қорытынды операциялар жүргiзiледi. Есептi кезеңнiң ұзақтығын Қазақстан Республикасы Қаржы мнистрлiгi бегiлейдi.
Қаржы жылы -кѕнтiзбелiк жылдың бiрiншi 1 қаңтарында басталып, 31 жетоқсанда аяқталатын тұрақты бюджеттiк есепке алу кезеңi. Қаржы жылына есептi кезең енбейдi.
Функционалдық топ- жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатымен бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!