Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары

Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары казакша Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары на казахском языке

Мазмұны

І. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ...............................................................................................
1.1. Табиғи-географиялық алғышарттары.............................................................
1.2. Тарихи алғышарттары.....................................................................................
1.3. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.....................................................

ІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ
НЫСАНДАРЫ......................................................................................................
2.1. Алматы экскурсиялық нысандарын тақырыптық бөлу......................................
2.2. Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендерін-экскурсиялық нысан
ретінде қарастыру...................................................................................................
2.3. Алматы каласы бойынша экскурсиялык маршруттар...................................

ІІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ.........
3.1. Алматы қаласындағы туризм жағдайы...........................................................
3.2. Алматы қаласында туристiк нысандарын қорғау және сақтау мәселелері...

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТIЗIМI
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Ә

Қазақстанның жоғалтып алған секторы – туризм. Экономиканың осы саласын дамыта алмай жатқанымыз аян. Туризм кластерін құрамыз дегенімізбен, әлі күнге дейін нақты мардымды ештеңе жоқ. Жібек жолы бағдарламасы, экотуризм, мәдени-танымдық және іскерлік туризм түрлерін дамыту ойда бар. Нақты жасалып жатқан іс жоқтың қасы. Авиа компания тасымал саласына жатады, ал адамдар оны туризмге апарып, қосып қояды. Келетін туристер болса, тасуға дайын екендігін білдірген ол, өткен жылы компанияның 1,2 млн шет елден жолаушы тасымалдағанын, оның 1 пайызы ғана туристер болғанын айтты. Бұл тым аз. Және аталған компания республика ішінде 27 пунктке рейс жасайды екен. Олардың арасында да жергілікті туристік орындарға бара жатқан жолаушылар жоқ. Студенттер, туыстарына бара жатқан жолаушылар ғана.
Біздің елдегі туристік компаниялардың көпшілігі шығу туризмімен жұмыс. Әрине, бұл туризм түрі қысқа мерзімде көп табыс әкеледі, ал жалпы алғанда бұл мемлекет үшін тиімсіз. Өйткені мемлекет ақшасы басқа мемлекетке кетуде деген сөз. Басқа елге барған турист, сол елдегі қызметтерді пайдаланады және оған ақша төлейді. Ал кіру туризмімен аз ғана мекеме айналысады. Және айналысқанның өзінде жергілікті әкімшіліктердің түсінбеушіліктерімен кезігуде. Бұл осы саланың дамуына кері әсер етуші.
Осы кіру туризмінің дамытушы локомативі ретінде іскерлік туризмнен бастауға болады. Конференцияларға, форумдарға келген адамдар біздің елдің көрікті, қызықты жерлерімен танысады, қалаларымыздың көркемдігін көріп, келесі бір кезде өз жанұясымен, достарымен қыдырып келуі мүмкін, және басқа да адамдарға осы ел жайлы хабар таратады. Бұл дегеніміз үлкен жарнама.
Болашақта Алматы қаласы орта Азиядағы ірі қаржы орталықтарына айналу мүмкіндігі жоғары. Осындай үлкен экономикалық потенциал шетелдік компаниялар мен инвесторларды тартуда. Және сонымен қатар Алматы қаласының географиялық орналасуы мен рекреациялық ресурстары туризм дамуына өте қолайлы. Медеу, Шымбұлақ, Шарын, әсем тау бөктерлері, осының барлығы туристерді тартуда. Сонымен қатар Алматыда ірі көрме оралықтары да бар, жыл сайын қалада 50 шақты көрме өткізіледі
Сонымен қатар статистикалық мәліметтерге сүиенсек, осы іскер турист елде мың долларға дейін тастап кетеді екен.
Әлемде іскерлік туризм жыл сайын қарқын алып келе жатыр. Мысалы : АҚШ та 5%, еуропа елдерінде 5-6 % ке, Ресейде 10% ке өсуде. Ал Қазақстанда іскерлік туризм даму жөнінен соңғы орында Оның алдында экологиялық және мәдени танымдық туризм тұр.
Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.
Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны – 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті.
Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.
Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті

І. Алматы қаласының туризм дамуының алғышарттары

1.1. Табиғи-географиялық алғышарттары.

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан. аумағы 190 шаршы шақырым. Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі. Желдің орташа жылдық жылдамдығы — 1,2 м/с, ауа температурасы орташа — 9,0 C°, Орташа жылдық ылғалдылық мөлшері — 62 %. Кесте 1 Алматы қаласы климатының жылдық көрсеткіштері көрсетлген. Осыған сәйкес, қала бойынша экскурсияларды жүргізудің ең қолайлы кезеңі тамыз, қыркүйек және қазан айлары деп мәлімдеуіме болады. Бірақ, қала өзінің қолайлы географиялық орны мен климаттық жағдайына байланысты, экскурсияларды жыл бойы өткізіп тұруға болады.
Қаланың айналасы негізінен, таулы, сайлы-жыралы болып келеді. қала маңындағы биік таулы еңіс (3000-5000м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама бейткейлі. тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Алматы арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың арналары Қарғалы, Қарасу өзендері ағады. Алматының төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзінде әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты. Фау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.
1.2. Тарихи алғышарттары

Қаланың даму тарихы ежелден кезеңдерден бастау алады. Бұл қазіргі қалыптасқан экскурсиялық нысандарынан байқай аламыз. Қала дамуы бірнеше тарихи кезеңнен өтті.
Б.з.д. 10 — 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
Б.з.д. 7 ғ. — б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болған.
Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған. 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхейде алғаш рет қаланың аты аталынады.
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.
1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды.
1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.
1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.
1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата дегенжаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды.
1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.
1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-шы бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.
1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1 мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.
Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.
Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.
Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды.
«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Сурет 1. алматы қаласының археологиялық нысандары бар территориялары [автордан]


1.3. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

1991 жылдың желтоқсан айында Қазақстан өз тәуелсіздігін жария етті. Сол кезден бастап ол демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолымен сенімді жүріп келе жатыр.
Бүгінде Достастық елдерінің арасында біздің республикамыз барлық дерлік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарға шығып келеді. Ерекше мәнді күнге Алматы қаласы да жақсы нәтижелермен және келешек жоспарлары, идеяларымен кіріп отыр. Мерейтой қарсыңында қаланың да елімізбен бірге өткен жолын талдау мәнді. Бұл жол қиыншылыққа толы болды.
Себебі, 15 жыл ішінде алматылықтар экономикалық формацияның өзгерісімен қатар, қала мәртебесінің өзгерісіне де куә болды. Бұл кезеңді үшке бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезең – 1992-1996 жылдар. Осы аралықта Қазақстан қоғамында бұйрықтық-әкімгершілік жүйеден нарықтық экономикаға ауысу процесі жүріп жатты.
Екінші кезең (1997-2001 жылдар) Алматы қаласының астаналық құзырын Астана қаласына көшірумен және жергілікті билік органдары қызметтерінің жаңа мәртебеге ие болуымен байланысты.
Үшінші кезеңге (2001-2006 жылдар) өркендеп келе жатқан экономика және қаланың халықаралық қаржы орталығы ретінде дамуы тән. Осы кезеңдерге толығырақ тоқталып өтейік.
1992-1996 жылдар еліміз үшін дамудағы ең қиын кезең. Жеке мемлекеттер сияқты Қазақстанға жеке заңдарымен өмір сүруді үйрену қажет еді. Бұл заңдарды жаңадан қалыптастыру қажет еді, бұрынғы заңдар іске асыруға келмеді.
90 жылдардың басында республиканың барлық аймақтарында экономикада тоқыраушылық басталды, содан кейін барып, ол құлдырай бастады. Осы жағдай шаруашылық байланыстардың толық құлдырауымен, қарыздардың жиналып, ақшаның құнсыздануымен қиындады.
Бұл жерде 80 жылдардың ортасына тиесілі әкімгершілік-бұйрықтық басқару жүйесінің билеп отырған кезіндегі күйзелісті еске салу орынды болады.
Бақылаушылар нарық кезеңіне дейінгі өнеркәсіп ерекшелігін жақсы біледі. Ол тұрақты жұмыс жасап отырды, бірақ көпте болса, жақсырақ болады принципте негізделді. Сапа мәселесі екінші орында қалып қойды. Өнеркәсіп өсімі бола отырып, өндірістің техникалық дамыуында артта қалушылық айқын көрініс ала бастады. Егер 80 жылдардың соңында қарыз болып, өсім сақталып отырса, ал 90 жылдары тоқыраушылық, экономикада құлдырауға ауысты.
80 жылдар мен 90 жылдардың басы және одан де ертерек жылдар тарихқа «жаппай тапшылық» атымен енді. Кейбір жылдары азық-түлік тауарлары қатаң мөлшерленді: сары май- 500 грамнан ғана берілді, ет – бір текше, қант – 1 килограмм, арақ – 1 бөтелке, т.с.с. Киім, аяқ киім, жиһаз, автомобиль, барлығы тапшы болды.
1993 жылы Алматыда өнеркәсіп өндірісі 10 пайызға төмендеді, 1994 жылы – 20 пайыз, ал 1995 жылы - 30 пайызға төмендеді. Тұрмыстық қажетті өнімдерді есепке алмағанда, сүт, шұжық, басқа да азық-түлік өнімдері 5-10 есеге азайды.
1996 жылдың соңында Алматының өнеркәсіп өндірісі 1991 жылмен салыстырғанда 60 пайызға төмендеді, құрылыс инвестициялары – 5 есе, жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау – 13 есе азайды.
Осындай құлдыраушылық тұрғын үй құрылысында да көрініс тапты. Мектептер, ауруханалар, емханалар, басқа да әлеуметтік сала объектілерін тұрғызу тоқтатылды. Жартылай салынған сұр үйлер сол кезең экономикасының мұңды бейнесіне айналды.
Барлық саладағы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Топырақтану дипломдық жұмыстар, Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары, дипломдык Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломд, Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін