Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері

Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері казакша Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері на казахском языке

Мазмұны


І.Кіріспе…………………………………………………………………2І-Тарау.Қора өзенінің бастауындағымұздықтардың
туристік-рекреациялық маңызы
Қора өзенінің бастауында туризмді дамытудың
табиғи алғышарттары………………………………….4
Қора өзенінің бастауындатау туризмін дамыту
мүмкіндіктері………………………………………………….12
1.3.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтар мен
моренналы көлдерді оқып үйренуді көздейтін
көп күндік бағыттар………………………………………19
ІІ-тарау.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің
бастауында туризмді дамытудың маңызы
2.1.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің бастауында
туризмді дамытудың алғышарттары……………………………..25
2.2. Бүркітті Бүйен өзенінің бастауындағы
мұздықтадың туристік-рекреациялық
мүмкіндіктері…………………………………………………..34
2.3.Баянжүрек тауының табиғат ескерткіштерінің
оқу-танымдық туризмді дамытудағы маңызы…….41

ІІІ.Қорытынды……………………………………………………….54

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………..57

V. Қосымшалар………………………………………………………

Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері:
ғылыми жазба дерек көздеріне талдау жасай отырып, Қора шатқалының жер бедерінің геоморфологиялық ерекшеліктері мен оның бастауындағы тау мұздықтарының туризм мен демалысты дамытумүмкіндіктерін анықтап,оған әсер ететін табиғи алғы шарттарын ашып көрсету;
өзен бастауындағы мұздықтар мен моренналы көлдердің
спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық және экстрималды туризмді дамытудағы алатын орны мен адам ағзасының қалыпты жұмысын қамтамассыз етудегі маңызын ашып көрсету.
Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздемелері: бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде В.С.Преображенскийдің «Географические проблемы организация туризма и отдыха», И.С.Соседов пен Л.Н. Филатованың «Водные балансы и водные ресурсы северного склона Джунгарщского Алатау», С.Е.Ердавлетовтың «География туризма Казахстана», атты еңбектеріндегі ғалымдардың ой пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, камералық өндеу әдістемелері қолданылды. Дәйекті материалдар ретінде суреттер, сызба-нұсқалар,карталар қолданылды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған жұмыстағы дерек көздері карталар мен графиктік кестелер география пәнінің мұғалімімен жоғарғы сынып оқушылары, география мамандығының студенттері мен туристік фирмалардың мамандары қажетті білім көзі ретінде пайдалана алады. Ө¬лкетану-Ізденіс жұмысындағы деректер Жетісу Алатауында туристік бағыттар мен соқпақтарды құрып, туристік инфрақұрылымды қалыптастыруда маңызы зор.

І-Тарау.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтарды
туристік-рекреациялық маңызы
1.1. Қора өзенінің бастауында туризмді дамытудың
табиғи алғышарттары
Географиялық қабықтың ғана емес, техносфераныңда базисі болып табылатын жер бедері Жетісу Алатауының рекреациялық сиымдылығы мен тартымдылығын, алуан түрлілігі мен қолайлығын айқындауға мүмкіндік береді. Табиғат кешендерінің құрамдас бөлігі болып табылатын жер бедері кез келген аумақтың табиғат жағдайын айқындайтын маңызды ақпараттық ресурс болып табылатындықтан Қора шатқалымен оның бастауындағы тау мұздықтары аталған аумақтың рекреациялық мамандануын айқындайтын алғышарттардың бірі болып табылады.
Халық тығыз қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданында демалыс пен туризмді ұйымдастырып, адамдардың денсаулығы мен еңбеке қабілеттілігін қалпына келтіруге, рухани-эстетикалық қажеттілігін өтеуде Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігіндегіҚоңыроба таулы алқабы мен Мыңшұңқыр, Жаманкөл, Қойтас жоталарының аралығындағы Қора шатқалының беткейінің абсолют биіктігі, көлденең қимасының пішіні, жер бетінің жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің морфометриялық көрсеткіштері рекреанттардың жекелеген топтары үшін альпенизм, бұқаралық сипаттағы спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық тау шаңғысы,альпенизм мен тау туризмін дамытуға мүмкіндік береді. /1/
Қора шатқалы мен оның бастауындағы тау мұздықтары мен моренналы көлдерді ірі туризм орталығына айналдыруға жер бедерінің бірқатар көрсеткіштері әсер ететініне Қора шатқалына ұйымдастырылған оқу-танымжорығының барысында көзжеткіздік.
Бітіру жұмысы жұмысымына 2005 жылы маусым- шілде айларының аралығында геолгиялық- геогроморфологиялық далалық оқу-тәжірибе жұмысының барысында Қора өзенінің Сапожников, Алтынсарин, Асубай мұздықтарынан бастау алатын Бұрқанбұлақ саласындағы гранитті алқаптағы биіктігі 60-70 метрге жететін сарқрамаға оқу-таным жорығын ұйымдастырунегіз болды. Оқу-танымдық жорық барысында Қора өзені аңғары мен оның бастауындағы тау мұздықтарының тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін төменде көрсетілген табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын анықтадық:
ішкі эндогендік күштердің әсерінен түзіліп, экзогендік үрдістердің бұзушы әрекетінен өзгеріске ұшыраған ерекш эстетикалық тартымдылығымен көзге түсетін табиғат ескрткіштерінің жеткілікті болуы;
Қаратал өзенінің алабында халықтың ежлден қоныстанғанын айғақтай тарихи-археологиялық және мәдени-сәулет ескерткіштерінің қорының жеткілікті болуы;/2/
Отандық және шетелдік туристерді тартаотырып,тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін еліміздің оңтүстік-шығысындағы Қытай халық республикасымен шектесетін халықаралық магистральды жолдарға жақын жатқан аймақтың қолайлы экономикалық-географиялық жағдайы;
Туризммен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін гипсометриялық, климаттық, ландшафтлық, эстетикалық, гляциологиялық (қар жамылғысы, мұздықтары, сел әрекеті мен қар көшкіні), инженерлік-физикалық (сейсмикалық, жылысу құбылыстарының) қасиеттері мен әлеуметтік-экономикалық (көліктік қатынасқа қолайлығы, туристік инфрақұрылымдармен қамтамассыз етілу дәрежесі) және тарихи-өлкетану нысандарының болуы;
Тартылымдылығын арттыратын бірегей тетоникалық-морфоқұрылым ретінде табиғаттың алуан түрлілігі;

Жер бедерінің басқа аумақтарда кездеспейтін бірегей пішіндерінің кең таралуы;
Жер бдерінің аумақтық табиғат кешендерімен үйлесуі;
Биік таулы микроклиматтың озоға байшырша жапырақтарынан бөлінетін эфир майларына қаныққан таза ауасының адамның мінез-құлқына, сезімі мен денсаулығына тигізтін қолайлы мінезқұлықтық-физикалық әсері;
Тау беткейлерінің көлбетінің экологиялық сипатының тартымдылығы;
Жауын-шашынның мол түсуіне орай тау беткейлерінде қардың қалың түсуіне байланысты су қорымен жеткілікті қамтамассыз етілуі;/3/
Тауалды шөлейтті даласынан нивальды гляциальды белдеуге дейінгі барлық табиғат кешендерінің алмасуы;
Тау аңғарына теңіз деңгейімен біртіндеп биіктеуіне байланысты Қора өзенінің жоғарғы ағысына дейін автокөлікпен баруға мүмкіндіктің болуы;
Тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдарды дамытуға қолайлылығы;
Халықтың тығыз қоныстануы мен облыс орталығына жақын орналасуы мен жол қатынасының қолайлылығына орай бұқаралық сипаттағы оқу-танымдық ,спорттық экологиялық және тау туризмдерін дамытуға қолайлы әсер ететініне көзжеткідік. /4/
Қора өзені мен оның бастауындағы эстетикалық тартымдылығымен көзге түсетін таумұздықтарының туризмді дамытудағы алатын орынын ашып көрсетуге мүмкіндік берген бір аптаға созылған оқу-таным жорығынан соң Жетісу Алатауының солтүстік батысында орналасқан Қора,Қаратал, Көксу өзендерінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдердің рекреациялық мақсатта игерілу тарихын анықтау бағытында ізденіс жұмыстарын жүргіздік.Нәтижесінде жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы-елуінші жылдарынан бастап Қора өзенінің жоғарғы ағысындағы тау мұздықтарының қарқынды игеріле бастағанын анықтадық.

Қора шатқалының туристік-рекреациялық тұрғыдан
игерілуі.Жоғарыда атап өткендей Алматы облсы мен Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданыында демалыс пен туризм индустриясын дамытуға қолайлы болашағы зор аудандарының бірі Қора өзені мен оның бастауындағы тау мұздықтары болып саналады. Еліміздің халықаралық маңызы бар сыртқы сауда жолы өтетін оңтүстік- шығыс бөлігімен Алматы облысының геогсаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайының маңызының артуына орай аймақты рекреациялық тұрғыдан игеру қажеттігіне ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар география дипломдық жұмыстар, Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері, дипломдык Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахск, Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін