Дінтану | Қазақтың ежелгі наным сенімдері

 Дінтану | Қазақтың ежелгі наным  сенімдері

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………….....……………………………..3
I ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ДІНДЕР
ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ НАНЫМ СЕНІМДЕР
1.1 Көне түркілердің дүниетанымдық көзқарастары ...........
1.2 Түркілердің сенім негіздері: Жер – Суға және
Ұмайға табынудағы дала дәстүрінің жалғастығы...............
1.3 Ежелгі діни нанымдар сонымен қатар, шаманизм және пұтқа
табынушылық кезіндегі сабақтастық мәселесі мен олардың
өшпес маңызы ...........................................................................

II ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТІДЕГІ НЕГІЗГІ ІЛІМДЕР
2.1 Тәңірлік пен бақсылық ....................................................................
2.2 Қазақстан жеріндегі Ислам дінінің жағдайы және негізгі
құндылықтарының алатын орны .......................................................
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………….........
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………........


Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді.
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді.
Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас.
Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер.
Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.
Тәңірге, Жер, Суға табынудың пайда болуын адамда әуел бастан қалыптасқан ризашылық сезімдерімен байланыстыруға болады. Бұл құдайлар қарапайым тіршілік иелеріне қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде адамдарға азық - түлік сыйлаған мейірбандықтарына алғысын білдірудегі ниетінен туған еді деп есептейміз. Осындай өмірдің нақты шындығына көз жеткізу адамдарға жәрдемдесетін жоғары әлем бар деген түсінікті туғызуы да заңды еді. Ежелгі түрік әулеті өздерінің ұғымдарындағы ең биік шыңды Хан - Тәңірі деп атауы да кездейсоқтық болмағанын көреміз.
Сонымен қатар, қазақтар дүниедегі жан - жануар, аң - құстар әр үйдің, жеке адамның, тіпті ұсақ жәндіктердің өз иесі - Рухы бар деп түсінген. Әрбір рудың өз Жебеушісі, яғни ежелден бері тіршілік етіп келе жатқан рухтас құдіреті болады деп пайымдаған С.А. Токаровтың зерттеулерінен көреміз. Ал, Л. П. Потаповтың анықтамасынша, "оларға табыну рулық меншікпен, кәсіптік құдіретпен бірігіп кеткен" деген ойды ұсынғанын көреміз.
Ал, анимистикалық дүниетанымның ең бір көне түрінде - таулардың, өзен мен көлдердің киелі Аруағын қастерлеу емес, сол таудың, өзен мен көлдің өзін қастерлеп құдірет тұту, яғни, біз бұл арада табиғаттың рух - бейнесін емес, өзін тіріге санап қастерлеу ісін көреміз.
Қандай діннің болмасын ақиқат шындық саналатын қағидасы мен түпкі мақсаты, арқау ететін философиялық, имандылық, эстетикалық ілімдері болатыны белгілі. Әлемдік діндердің барлығына тән бұл жүйе Тәңірілік дінінде де бар.
Жақында жарық көрген Қ. Шұленбаевтың және Ә. Төлеубаевтың еңбектерінде бақсылар жөнінде толымды пікірлер бар. Жалпы, бақсы - шамандық іліміндегі басты тұлға. Ол - діни культті атқарушы, оны іске асырушы. Сондай - ақ басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты бақсылық та бір орнында қатып қалған құбылыс емес, оның да туу, қалыптасу, даму, жоғарылау, тоқырау, қайта қалпына келтірілу кезеңдері бар. Соған сәйкес бақсының қоғамдағы орны да, атқаратын қызметі де, ол жөніндегі түсініктер де әртүрлі болуы мүмкін дейді. Сонымен қатар қазақ қауымына тән бақсылықтың түрлерін көрсетеді. Мұндағы маңызды мәселе бақсылықтың өз дәуірінде халықтың жалпы танымдық процесінің даму барысына қарай өркендеп, өз әлеуметтік қызметін шегіне жеткізе, межелі сатыға дейін атқарғанын көреміз.

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеттері – қазақтың діни наным-сенімдері діндер тарихының даму жолын (эволюциялық) егжей – тегжейлі зерттеп, қорытындылар жасап, философиялық – дінтанушылық тұжырымдарды ұсыну.
Зерттеу жұмысымдағы алға қойылған мақсатқа жету үшін, мынадай міндеттерді шешу ұсынылады:
• діни сенімге деген адами қажеттіліктердің негізгі аксиологиялық – психологиялық мотивтерін анықтап, дін деген өзара ұғымның адамдарды байланыстырып, өзара жақындатуындағы мәнін көрсету;
• дін мен философияның тұтастығын және оның нақтылы тарихи - әлеуметтік жағдайларда бірін – бірі қажет етуін көрсету;
• қазақ сеніміндегі көптәңірлі (политеистік) сенімдердің басты ерекшеліктері (политеистік пантеизм, инкарнация, антроморфизм, дуализм, оккультизм тағыда басқалар) мен эволюциясын, олардың әлеуметтік – тарихи болмысын дүниетанымдық синкретизм жағынан зерттеу;
• Қазақтардың ежелгі тәңірлік пен бақсылық, исламдық сенімдерінің діни тарихи-әлеуметтік орынын көрсету.

Зерттеу жұмысымның жаңалығы.
Зерттеп отырған бітіру жұмысымыздың ғылыми жаңалығы –діннің эволюциясына қарағанымызда ежелгі политеистік діндердің соңғы фазаларында монотеизмге қарай бет бұрғаны байқалады. (Мысалы, Зороастрдың реформалары, Зевстің бас тәңірге айналуы, түркілердегі бір Тәңір т.б.). Бұған қоса қазақтың ежелгі наным-сенімдеріндегі политеистік нанымдардың көпшілігінде монотеистік элементтер жиі кездесетіндігін аша көрсету. Сонымен қатар бұл бітіру зерттеу жұмысымызда ежелгі діндер тарихы мен құбылыстарын зерттеудің үлгілері ұсынылған.

Бітіру жұмысымыздың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ДІНДЕР ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ НАНЫМ СЕНІМДЕР
1.1 Көне түркілердің дүниетанымдық көзқарастары

Ежелгі түрік – моңғолдардың нанымдарында көк те, жер де тәңірлер болып саналған. М. Молдабаева „Ежелгі түріктер қос күшке, көкпе (оны тәңрі деп те атаған) және жерге (жер - суға) сиынатын болған”/1/ дейді. Сондықтан, мәңгітас ескерткіштері мен моңғол шежірелерінде көк тәңір мен қара жер бірге жүретін сөйлемдер кезігеді. Мәселен: „Тәңір мен қара жер қоса қуат беріп, біз керейлерді бағындырған едік”, „жер тәңірден алтын шәрбат татқан қасиетті киелі”, „қара аспанға табынған оң болады”, „Көк тәңір мен қара жерден қуат алып” /2/. Тағыда тағы басқалар.
Алтын шежіреде тәңір сөзі тек аспан, көк мағынасында ғана емес, кейде Шыңғыстың орнына да қолданылған. Шыңғыс туралы тәңірдің ұлы, көктің ұлы, тәңіртекті, тәңірдің перзенті т.т. секілді бұтқа құлдыққа тән атаулар жиі кездеседі.
Көк тәңір туралы сенімдер барлық құрлықтарда, әсіресе, Солтүстік Америка, Африка, Солтүстік Азия мен Австралиядағы бейсуат қауымдарда қадым замандардан белгілі болған тәңір культі. Антропологтар мен дін тарихшылары мұны „биік тәңір” немесе „көк тәңір культі” деп атайды. Гумилев (1912 - 1992) ежелгі қытайлықтарда түрік ұғымындағымен бірдей көк тәңір нанымы болғанын растайды. /3/ Көне Қытай, Мысыр, Рим, Месопотамия елдерінде көк тәңір туралы нанымдар бар еді. Бұл елдердің патшаларының атағы көбінесе көктің ұлы, күннің ұлы, аспанның перзенті болып келуші еді. Бұл нанымда аспан мен жерді жаратқан тәңір, жерді тастап кетіп, аспанды мекендепті - мыс. Сондықтан, ол биік тәңір яки көк тәңір деп аталған. Солтүстік Американың тұрпайы халықтары мен орталық және Оңтүстік Африканың жабайы қауымдары, күннің күркірегенін осы көк тәңірдің дауысы деген. Сібңрліктердің нанымдарынша ай мен күн көк тәңірдің екі көзі. Зерттеушілердің топшылауынша көк тәңір көбінесе еркек немесе жыныссыз болып келеді (тек мысырлықтардың көк тәңірісі пұт ұрғашы саналған). Көк тәңірдің атын айғайлап айту үлкен пәлекет әкеледі деп сенілген. Ғалымдар көк тәңір туралы нанымды тәңірлер мен тәңірсымақтар туралы культтерден бұрын болған ең тұрпайы наным деп бағалайды.
Тотем сөзі Солтүстік Америкадағы Ожибва қызылтерілерінің Алгонпиан руының тіліндегі „ототеман” деген сөзден шыққан. Ол „оның қан қарындасы, бірге туысқаны” дегенді білдіреді. „Өте” деген сөз бір әке – шешеден туған аға – қарындасты, яғни, қандас туыстықты білдіреді. Бұл термин бірінші рет 1791 жылы аталмыш өңірге барған бір ағылшын саудагер тарапынан, қателікпен қолданылған. Аңның терісін жамылып жүрген қызылтерілерді көрген саудагер, әр адамның қорғаушы хайуаны бар екен деп, ойлап, тотем сөзін әдебиеттерге қосқан. Ожибва қызылтерілері туралы тұңғыш ғылыми еңбекті ХҮІІІ ғасырдың аяғында, ожибвалар ұлы рухтың өздеріне тотемді бергеніне сенеді. Сондықтан барлық ожибвалар бір тотем арқылы бір – бірінің туысқаны болып табылады де өзара үйленулеріне болмайды.
Ең ескі һәм примитивті наным – сенімдерге жататын тотемизмде киелі нәрсе міндетті түрде хайуан болуы керек емес: тау, тас, ағаш, көл, теңіз, жұлдыз, көк сияқты нәрселер де киелі саналуы мүмкін.
Фрейд табудан екі мағына табады: „Для нас значение табу разветвляется в двух противоположных направлениях. С одной стороны, оно означает – святой, освященный, с другой стороны – жуткий, опасный, запретный, нечистый”. /4/ Мұндағы мақсат киеліден киесізді ажырату болған делінеді. Сондықтан, тотем саналған хайуан немесе өсімдік ерекше құрметтеледі, оны жеуге болмайды. Табу сөзін бірінші рет батыс әдебиеттеріне енгізген кісі Австралия және Тынық мұхит аралдарын ашқан ағылшын теңізшісі, капитан Джеймс Кук. Ол 1771 жылы Полинезиядағы Тонго аралына барғанда, жергілікті тайпалардың тиым салынған нәрселерді „табу” деп атағанын байқайды. Тонголықтар кейбір заттарды немесе іс әрекеттерді жыл бойын немесе белгілі бір уақытта тыйым салынған деп қабылдаушы еді. Мәселен, олардың сенімінде екіқабат әйелдер кейбір тамақтарды жемейді деген табу бар еді. Табулар көптеген қоғамдарда қалыптасқан наным болып табылады; мәселен аталмыш қоғамдарда рубасымен немесе оның жақын туыстарымен төменгі тап өкілдері сөйлесе алмайды дейді.
Тотемшіл қоғамдарға тән жанұя қатынастары мен рулық өмірде мынадай екі қағида пайда болған;
Қан дауы: тотемдік сенімде адам денесінің қан мен шаш сияқты кейбір ағзалары киелі саналады. Олар адам денеснің ең киелі бөліктері саналғандықтан тотемнің руындағы күллі адамдар қан туысқан (қандас), бірге туысқан болып саналады. Барлық ру құдды бір жанұя тәрізді. Сондықтан, сол рудың кісісін басқа рудың кісісі өлтіретұғын болса, міндетті түрде қанның кегін қайтарып, руластың өші алынуы шарт болған. Қан даулау, яғни қанға қан сұрау сол рудың мүшелерінің намыс борышы болып есептелген. Мұны кей әдебиеттерде „ата кегі” деп атайды.
Басқа рудан үйлену: ру мүшелері бірге туысқан болғандықтан, сол рудың қыздары еркектердің қарындастары болып саналады. Осыған байланысты өз руынан әйел алуға болмайды, бұл табуды бұзуға жатады. Тек басқа рудың (басқа тотемнен тараған) қызын ғана алуға рұқсат етіледі. Тотемизмді екшеп зерттеген Фрейд (1856 - 1939) бұл жөнінде былай дейді: „... члены одного и того же тотема не должны вступать друг с другом в половые отношения, следовательно, не могут также вступать между собой в брак. Это и состовляет связанную с тотемом экзогомию” /5/. Басқа рудан үйлену немесе жеті атаға дейін үйленбеу бізде де жиі айтылатын мәселе. Негізінде бұл өз руынан қыз алмау табысы еді, моңғол шапқыншылығынан кейін, моңғол – татар ру – тайпаларының мұсылман түркі халықтарына сіңіп, түріктеніп және мұсылманданып кетуінен кейін формасы өзгеріп, мәселен, қазақ ішінде жеті атаға дейін үйленуге болмайды деген салтқа ауысқан. Алайда, қазақ ішінде (Қалқаман – Мамыр, мәселесінде бірін – бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген.) мұның толық сақталмағаны белгілі. Бұл әдет жазба мәдениеті жоқ, жабайы өмір кешіп жатқан, мәдениеттің терімшілік – аңшылық сатысындағы моңғол тайпалары арқылы түркілерге (қазақ және қырғыздар) сіңген деп ойлаймыз. Мәселен, қалмақ, тарихшы Шыңғыстың өмірбаянында былай деп жазады: „Когда Тимучину исполнилось 9 лет Исугей с сыном поехали, по обычаю монголов, сватать ему невесту в дальный род (во избежание браков в близких степенях родства)”/6/. Моңғолдарда бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін көрдік, ал күллі түрік атаулының арғы атасы саналатын Оғыз – Хан туралы аңызда болса, оның әкесі қара ханның өзінің үш туған інісінің қыздарын Оғызға алып бергені жазылады: „Когда Огуз стал жигитои, Кара Хан дал ему в жены дочь своего младшего брата Тур – Хана ... Кара Хан, выслушав эти речи, дал Огузу в жены дочь своего младшего барата Кыр – Хана среди них было Ур – Хана третьего младшего брата его отца ...”/7/. Демек, ежелгі түріктерде басқа рудан үйлену табусы болмаған тәрізді. Ал, қазіргі заманда Түркиялық түріктер, әзірбайжан, түркімен, өзбек, ұйғыр, т.т. түркі халықтарында мұндай табу жоқ. Тек, қазақ, қырғыз және моңғол халықтарында белгілі иөлшерде бөлелерді үйлендіру әдеті кең тараған. Медицина ғылымы жағынан мәселеге қарайтын болсақ, болашақ нәрестенің ден саулығы әке және шешесінің генетикалық сапасына және ден саулығына тікелей байланысты. Сондықтан, қиыр шығыс және қиыр батыстағы бөлек ұлттардың, тіпті бөлек нәсілдердің өкілі болып табылатын екі ауру болып тууы, тіпті оның кемтар болуы әбден мүмкін. Ал, ден саулықтары жақсы, ұрықтарында генетикалық мүкісі жоқ екі бөле немесе немере жолындағы екі адам үйленсе, олардан болашақ баланың ден саулығы ата – анасынікі секілді жақсы болмақ. Алыстан қыз алу мәселесінің тарихи – этногенетикалық ақаулығы барлар қосылса, онда олардың руына, алыс – жақындарына қарап керегі жоқ, бәрі –бір баланың ауру юолып туу ықтималы өте жоғары болмақ. Бұл мәселеге, Исламият тұрғысынан қарайтұғын болсақ, дініміз немере жолындағы адамдардың үйленуіне тыйым салмақ. Бірақ,, үйленіңдер деген бұйрық та жоқ. Тек,, үйленетін адамдардың ден –саулығы, генетикалық қоры, қан тобы секілді қасиеттері болашақ баланың ден – саулығына залал етпейтіндей болғаны шарт.
Тотемизмнің белгілерінің өз кезінде Орталық Азия халықтарында кең тарағаны тарихтан белгілі. Мысалы, түрік қағанаты кезінде түріктердің арғы аталары көк бөрі деген қиял – ғажайып сенім бар еді. Көк бөрі туралы қытай деректерінде мәліметтер келтірген бек көп аңыз - әңгіме тараған. Сонау Х ғасырда түркілердің жер аумағын аралаған ғалым Ибн Фадлан „саяхатнаме” атты еңбегінде Башқорттардың жылан, балық, тырна секілді хайуандарға табынатұғынын мысал етеді. Сол секілді, ХІ ғасырдың ғалымы Әбу Сайд Гердизи қырғыздардың сиыр, кірпі, сауысқан және сұңқарға табынатынын айтқан /8/. Кейбір Орта Азия халықтары киізді, шүперекті, қайықтың қабығын қастерлеп, тәңірлердің бейнелерін жасаған. Осындай бұлттарды алтайлықтар „төс”, башқорттар „оуғұн”, ал якуттар „тауғара” деп атаған.
Мүшел жыл санауындағы он екі хайуанның әрқайсысының жылында туған адамдардың сол хайуанды ерекше қастер тұтуы да осы тотемшіліктің бір белгісі. Кейбір рулардың қарағайды ерекше киелі деп танып, табынуы да осыған саяды.
Түріктердегі тотемшілдіктің белгілерін, әсіресе, түрік қағанаты дәуірінен бастап көбірек көреміз. Оларды тұтастай осы нанымға қарады дей алмаған мен, тотемшіліктің ауыс – күміс енгенін байқаймыз. Мысалы, Оғыздарда қой руының болуы олардың қойды тотем есебінде тұтуының, яғни қойды қамқоршы, кие деп тануының бір белгісі тәрізді /9/. Ежелгі түркімендердің нанымы бойынша қой үйірінің ішінде тұрған адамға жауыз аруақтар жамандық жасай алмайды екен /10/. Әсіресе, қара түсті қой құдіретті саналған. Сондықтан қой көне оғыздар мен түркімендердің тотемі саналады. Қой бейнесінде кейде тотемшіліктің, кейде хайуандарға кие артуы (анимизм), кейде отқақұлдықтық (зороастризмнің) нышандары жиналған /11/. Түркімендер құрған мемлекеттердің Аққойлы (ХІҮ – ХҮ ғғ.) және Қарақойлы аталуының негізінде осы қой культінің әсері бар сыңайлы. Кейбір өзбектер аулада тұрған қой көзден сақтайды деп сенеді екен /12/.
Мәшһүр Оғыз қаған дастанында қағанның балалрының есімдері: оң қолдағылар – күн, ай, жұлдыз, сол қолдағылар – көк, тау, теңіз, сол кездегі тотемдік нанымның фольклор белгілері. Тотемдік сенімнің ешқандай ғылыми негізі жоқ екенін ғалым Сәбит Мұқанов былай деп түсіндіреді: „Мысалға керей атасы жер жорға ит, қыпшақтың бір атасы торы айғырдан пайда болды деген де аңыздар бар. Мұз теңізін төңіректеген алдердің анасы ақ аюдан, тайга орманындағылар – бұғыдан, Байкал көлін жағалаушылар – қара аюдан, түріктер қасқыр қаншығынан, қырғыздар ит қаншығынан туды дейтін аңыздар. Ғалым адам қоғамын өңіне қарап ақ, сары, қара аталатын үш жүйеге бөледі де, одан бергі жұртты қаны, тілі тұтастығына қарап, румендік, германдық, түріктік деген сияқты тайпаларға жіктеп кетеді. Сонда қазақ түркілер тайпасына „монголоид” аталатын сары нәсілге жатады”/13/.
Көптәңірлі нанымдардың түркілерде кезігетін енді бірі анимизм (рухқа құлдық). Анима – рух деген сөз. Анимизм нанымы бойынша табиғатта адам рухына ұқсас басқа да рухтар болады екен. Сондай – ақ, адамнан табиғатқа, заттарға ауған рухтар немесе сиқырлар болады.
ХҮІІІ ғасырда осындай діндер фетишизм деп аталған болатын. Латын тіліндегі „fetiche” сөзі сиқыр, сиқырлы, перілі нәрсе дегенді білдіреді. ХІХ ғасырда ағылшын этнолог Сэр Эдуард Бурметт Тайлор 1871 жылы жазған „Примитивті мәдениет” атты еңбегінде анимизм терминін қолданған соң, осы атау көбірек жұмсалатұғын болған.
Сәбит Мұхановтың рухқа құлдық туралы ойы мынадай: „мыңдаған жылдар бойына жәрдемді мифологиядан, яғни ойдан жасаған тәңірді таппақ болған адамзат, біраздан кейін ондай тәңірді өз болмысына, яғни денесінен іздеген. Сондағы тапқаны әруақ. Ойдан шығарылған құдайлар мен аруақтарға сиынған адамзат өзінің тіршілігі үшін, күресінде дәрменсіз болған кезінде „жәрдемші” сондықтан да ондай жәрдемшілерді олар ойдан шығарып ақырын тәңірге айналдырған”./14/
Анимизмде тотемизм сияқты алғашқы қоғамдық құрылым кезінде пайда болған тұрпайы наным. Тотемшілік сеніміндегі мана, табу және қандастық ұғымдары осы сенімдерде кездеседі. Тотемнің орнына ата – баба ұғымы көбірек дамыған. Рухқақұлдыққа адам – ақ аралас аталардың болғаны туралы аңыздар жиі ұшырасады.
Анимизмнің негізгі ерекшеліктері рухтың мәңгі тірі сақталатыны және рухтың, дененің белгілі бір орнында тұратұғыны туралы сенімдер. Дене өлгенімен рух өлмейді, дене тірі кезінде немесе өлгеннен кейін рух денеден айырылады. Бірақ та өлген адамның аруағы тірілерді қызғанып, немесе басқа да себептермен жамандық жасауы мүмкін. Сондықтан олардың өліктерін силау керек. Оларға тамақ немесе құрбандықтар беру керек. Осы себепті олардың қорғандарына жақсы көрген өаттарын, қаруларымен жылқыларын, әйелдерін бірге жерлеген. Орталық Азия жеріндегі қорған қабірлерде өліктермен қатар олардың нәрселерінің қойылғаны осыны меңзейді. Ғұн дәуірінде тіпті ері өлген әйелді күйеуімен бірге жерлеу салты болған. „Оңтүстік Сібірдің барша жерінде қола дәуірінде өлген еркектің моласына әйелін бірге қою ғұрпы болғаны архиялогиялық зерттеулермен дәлелденген. Бұған қоса сол сияқты құрбандыққа шалынған еркектерде табылған. Мұны әдет – ғұрып деп қарауға болады. Ол қан төгу арқылы соғыс киесін шақырудың ежелгі замандардағы ғұрпы. Бұл әдет төменгі Лена өңіріндегі тайпаларда болған, ол ел есінде әлі күнге дейін сақталған”./15/
Рухқақұлдық бойынша барлық құбылыстар аруақтардың билігінде сондықтан апаттар, аурулар мен сәтсіздіктер т.б. тікелей арам (жауыз) аруақтардың тәсірмен болады, олардың кесірінен сиқыр жасау арқылы ғана сақтануға болады. Осы себепті анимизмнің арқа сүйер және бас кәсібі сиқыршылық болған. Сиқырдың негізі адамдар мен табиғаттағы аруақтық күшті кейбір күштер арқылы қорғау болып табылады. Дауыстап айтылатын кейбір құпия сөздер жауыз аруақтарды адамдардың бұйрығына қаратады-мыс, немесе арам аруақтарға қарсы сиқырлы қорғаушы күші бар делінген кейбір заттар, мәселен, үкі, көк тас, тұмар т.б. талисман ретінде қолданылады. Талисман тағып жүру осы нанымның қалдығы.
Анимизмде барлық ғалам аруақтардан құралады, сонымен қатар оның қарамағында тұрады. Қытайдағы Конфуций мен Жапониядағы Синто нанымдары анимизмнің замани формалары саналады. Анимизмнің екінші қыры аруақтың мәңгілік болуының арқасында оның бір береген екінші денеге ауып тұратыны яғни бір жәндіктен екінші мақұлыққа ауып орын алмастыра беретіні туралы сенім. Бұл сенімді үндістандағы көптеген діндерден байқауға болады.
Анимизм яғни рухқа табыну Орталық Азия халықтарында көшпелі және жартылай көшпелі дәуірлерде қалыптасқан примитивті сенім. Аруақтың мәңгілігіне сенген түрік қағанаты кезінде Өтіген жері „Гүдін Инки” яғни „халықтың қорғаушы аруағы” деп аталған түрік зерттеушісі Абдұлқадір Инаб (1899 – 1972 жж.) „Ескі түрік діні тарихы” деген атпен 1976 жылы Стамбул шаһарында шыққан кітабында Батыс түрік қағанаты тайпаларының 5-8-ші айларда аруақтарға бағыштап құрбандық бергенін айтып кетеді. Табиғат мүшелерін тәңір қылып: күн, ай, тау, өзен секілді нәрселерге табынған көне түріктердің оларға аруақ деп сиынғаны да белгілі. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі