Философия | Қазақтың ежелгі наным сенімдері

 Философия | Қазақтың ежелгі наным сенімдері

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………….....…………………………….........................3
I ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ДІНДЕР ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ НАНЫМ СЕНІМДЕР
1.1 Көне түркілердің дүниетанымдық көзқарастары ..................................6
1.2 Түркілердің сенім негіздері: Жер-Суға және Ұмайға табынудағы дала дәстүрінің жалғастығы......................................................13
1.3 Ежелгі діни нанымдар және пұтқа табынушылық кезіндегі сабақтастық мәселесі мен маңызы .............................................15
II ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТІДЕГІ НЕГІЗГІ ІЛІМДЕР
2.1 Тәңірлік пен бақсылық ........................................................................29
2.2 Қазақстан жеріндегі Ислам дінінің жағдайы және негізгі құндылықтарының алатын орны ..........................................40
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………….....................…..........44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………..............................51

КІРІСПЕ
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді.
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді.
Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас.
Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер.
Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.
Тәңірге, Жер, Суға табынудың пайда болуын адамда әуел бастан қалыптасқан ризашылық сезімдерімен байланыстыруға болады. Бұл құдайлар қарапайым тіршілік иелеріне қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде адамдарға азық - түлік сыйлаған мейірбандықтарына алғысын білдірудегі ниетінен туған еді деп есептейміз. Осындай өмірдің нақты шындығына көз жеткізу адамдарға жәрдемдесетін жоғары әлем бар деген түсінікті туғызуы да заңды еді. Ежелгі түрік әулеті өздерінің ұғымдарындағы ең биік шыңды Хан - Тәңірі деп атауы да кездейсоқтық болмағанын көреміз.
Сонымен қатар, қазақтар дүниедегі жан - жануар, аң - құстар әр үйдің, жеке адамның, тіпті ұсақ жәндіктердің өз иесі - Рухы бар деп түсінген. Әрбір рудың өз Жебеушісі, яғни ежелден бері тіршілік етіп келе жатқан рухтас құдіреті болады деп пайымдаған С.А. Токаровтың зерттеулерінен көреміз. Ал, Л. П. Потаповтың анықтамасынша, "оларға табыну рулық меншікпен, кәсіптік құдіретпен бірігіп кеткен" деген ойды ұсынғанын көреміз.
Ал, анимистикалық дүниетанымның ең бір көне түрінде - таулардың, өзен мен көлдердің киелі Аруағын қастерлеу емес, сол таудың, өзен мен көлдің өзін қастерлеп құдірет тұту, яғни, біз бұл арада табиғаттың рух - бейнесін емес, өзін тіріге санап қастерлеу ісін көреміз.
Қандай діннің болмасын ақиқат шындық саналатын қағидасы мен түпкі мақсаты, арқау ететін философиялық, имандылық, эстетикалық ілімдері болатыны белгілі. Әлемдік діндердің барлығына тән бұл жүйе Тәңірілік дінінде де бар.
Жақында жарық көрген Қ. Шұленбаевтың және Ә. Төлеубаевтың еңбектерінде бақсылар жөнінде толымды пікірлер бар. Жалпы, бақсы - шамандық іліміндегі басты тұлға. Ол - діни культті атқарушы, оны іске асырушы. Сондай - ақ басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты бақсылық та бір орнында қатып қалған құбылыс емес, оның да туу, қалыптасу, даму, жоғарылау, тоқырау, қайта қалпына келтірілу кезеңдері бар. Соған сәйкес бақсының қоғамдағы орны да, атқаратын қызметі де, ол жөніндегі түсініктер де әртүрлі болуы мүмкін дейді. Сонымен қатар қазақ қауымына тән бақсылықтың түрлерін көрсетеді. Мұндағы маңызды мәселе бақсылықтың өз дәуірінде халықтың жалпы танымдық процесінің даму барысына қарай өркендеп, өз әлеуметтік қызметін шегіне жеткізе, межелі сатыға дейін атқарғанын көреміз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Қазақтың діни наным-сенімдері діндер тарихының даму жолын (эволюциялық) егжей – тегжейлі зерттеп, қорытындылар жасап, философиялық – дінтанушылық тұжырымдарды ұсыну.
Зерттеу жұмысымдағы алға қойылған мақсатқа жету үшін, мынадай міндеттерді шешу ұсынылады:
• діни сенімге деген адами қажеттіліктердің негізгі аксиологиялық – психологиялық мотивтерін анықтап, дін деген өзара ұғымның адамдарды байланыстырып, өзара жақындатуындағы мәнін көрсету;
• дін мен философияның тұтастығын және оның нақтылы тарихи - әлеуметтік жағдайларда бірін – бірі қажет етуін көрсету;
• қазақ сеніміндегі көптәңірлі (политеистік) сенімдердің басты ерекшеліктері (политеистік пантеизм, инкарнация, антроморфизм, дуализм, оккультизм тағыда басқалар) мен эволюциясын, олардың әлеуметтік – тарихи болмысын дүниетанымдық синкретизм жағынан зерттеу;
• Қазақтардың ежелгі тәңірлік пен бақсылық, исламдық сенімдерінің діни тарихи-әлеуметтік орынын көрсету.

Зерттеу жұмысының жаңалығы
Зерттеп отырған бітіру жұмысымның ғылыми жаңалығы – діннің эволюциясына қарағанымызда ежелгі политеистік діндердің соңғы фазаларында монотеизмге қарай бет бұрғаны байқалады. (Мысалы, Зороастрдың реформалары, Зевстің бас тәңірге айналуы, түркілердегі бір Тәңір т.б.). Бұған қоса қазақтың ежелгі наным-сенімдеріндегі политеистік нанымдардың көпшілігінде монотеистік элементтер жиі кездесетіндігін аша көрсету. Сонымен қатар бұл бітіру зерттеу жұмысымызда ежелгі діндер тарихы мен құбылыстарын зерттеудің үлгілері ұсынылған.

Диплом жұмысының құрылымы
Зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ДІНДЕР ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ НАНЫМ СЕНІМДЕР
1.1 Көне түркілердің дүниетанымдық көзқарастары
Ежелгі түрік – моңғолдардың нанымдарында көк те, жер де тәңірлер болып саналған. М. Молдабаева „Ежелгі түріктер қос күшке, көкпе (оны тәңрі деп те атаған) және жерге (жер - суға) сиынатын болған”/1/ дейді. Сондықтан, мәңгітас ескерткіштері мен моңғол шежірелерінде көк тәңір мен қара жер бірге жүретін сөйлемдер кезігеді. Мәселен: „Тәңір мен қара жер қоса қуат беріп, біз керейлерді бағындырған едік”, „жер тәңірден алтын шәрбат татқан қасиетті киелі”, „қара аспанға табынған оң болады”, „Көк тәңір мен қара жерден қуат алып” [2]. Тағыда тағы басқалар.
Алтын шежіреде тәңір сөзі тек аспан, көк мағынасында ғана емес, кейде Шыңғыстың орнына да қолданылған. Шыңғыс туралы тәңірдің ұлы, көктің ұлы, тәңіртекті, тәңірдің перзенті т.т. секілді бұтқа құлдыққа тән атаулар жиі кездеседі.
Көк тәңір туралы сенімдер барлық құрлықтарда, әсіресе, Солтүстік Америка, Африка, Солтүстік Азия мен Австралиядағы бейсуат қауымдарда қадым замандардан белгілі болған тәңір культі. Антропологтар мен дін тарихшылары мұны „биік тәңір” немесе „көк тәңір культі” деп атайды. Гумилев (1912 - 1992) ежелгі қытайлықтарда түрік ұғымындағымен бірдей көк тәңір нанымы болғанын растайды [3]. Көне Қытай, Мысыр, Рим, Месопотамия елдерінде көк тәңір туралы нанымдар бар еді. Бұл елдердің патшаларының атағы көбінесе көктің ұлы, күннің ұлы, аспанның перзенті болып келуші еді. Бұл нанымда аспан мен жерді жаратқан тәңір, жерді тастап кетіп, аспанды мекендепті - мыс. Сондықтан, ол биік тәңір яки көк тәңір деп аталған. Солтүстік Американың тұрпайы халықтары мен орталық және Оңтүстік Африканың жабайы қауымдары, күннің күркірегенін осы көк тәңірдің дауысы деген. Сібңрліктердің нанымдарынша ай мен күн көк тәңірдің екі көзі. Зерттеушілердің топшылауынша көк тәңір көбінесе еркек немесе жыныссыз болып келеді (тек мысырлықтардың көк тәңірісі пұт ұрғашы саналған). Көк тәңірдің атын айғайлап айту үлкен пәлекет әкеледі деп сенілген. Ғалымдар көк тәңір туралы нанымды тәңірлер мен тәңірсымақтар туралы культтерден бұрын болған ең тұрпайы наным деп бағалайды.
Тотем сөзі Солтүстік Америкадағы Ожибва қызылтерілерінің Алгонпиан руының тіліндегі „ототеман” деген сөзден шыққан. Ол „оның қан қарындасы, бірге туысқаны” дегенді білдіреді. „Өте” деген сөз бір әке – шешеден туған аға – қарындасты, яғни, қандас туыстықты білдіреді. Бұл термин бірінші рет 1791 жылы аталмыш өңірге барған бір ағылшын саудагер тарапынан, қателікпен қолданылған. Аңның терісін жамылып жүрген қызылтерілерді көрген саудагер, әр адамның қорғаушы хайуаны бар екен деп, ойлап, тотем сөзін әдебиеттерге қосқан. Ожибва қызылтерілері туралы тұңғыш ғылыми еңбекті ХҮІІІ ғасырдың аяғында, ожибвалар ұлы рухтың өздеріне тотемді бергеніне сенеді. Сондықтан барлық ожибвалар бір тотем арқылы бір – бірінің туысқаны болып табылады де өзара үйленулеріне болмайды.
Ең ескі һәм примитивті наным – сенімдерге жататын тотемизмде киелі нәрсе міндетті түрде хайуан болуы керек емес: тау, тас, ағаш, көл, теңіз, жұлдыз, көк сияқты нәрселер де киелі саналуы мүмкін.
Фрейд табудан екі мағына табады: „Для нас значение табу разветвляется в двух противоположных направлениях. С одной стороны, оно означает – святой, освященный, с другой стороны – жуткий, опасный, запретный, нечистый” [3]. Мұндағы мақсат киеліден киесізді ажырату болған делінеді. Сондықтан, тотем саналған хайуан немесе өсімдік ерекше құрметтеледі, оны жеуге болмайды. Табу сөзін бірінші рет батыс әдебиеттеріне енгізген кісі Австралия және Тынық мұхит аралдарын ашқан ағылшын теңізшісі, капитан Джеймс Кук. Ол 1771 жылы Полинезиядағы Тонго аралына барғанда, жергілікті тайпалардың тиым салынған нәрселерді „табу” деп атағанын байқайды. Тонголықтар кейбір заттарды немесе іс әрекеттерді жыл бойын немесе белгілі бір уақытта тыйым салынған деп қабылдаушы еді. Мәселен, олардың сенімінде екіқабат әйелдер кейбір тамақтарды жемейді деген табу бар еді. Табулар көптеген қоғамдарда қалыптасқан наным болып табылады; мәселен аталмыш қоғамдарда рубасымен немесе оның жақын туыстарымен төменгі тап өкілдері сөйлесе алмайды дейді.
Тотемшіл қоғамдарға тән жанұя қатынастары мен рулық өмірде мынадай екі қағида пайда болған;
Қан дауы: тотемдік сенімде адам денесінің қан мен шаш сияқты кейбір ағзалары киелі саналады. Олар адам денеснің ең киелі бөліктері саналғандықтан тотемнің руындағы күллі адамдар қан туысқан (қандас), бірге туысқан болып саналады. Барлық ру құдды бір жанұя тәрізді. Сондықтан, сол рудың кісісін басқа рудың кісісі өлтіретұғын болса, міндетті түрде қанның кегін қайтарып, руластың өші алынуы шарт болған. Қан даулау, яғни қанға қан сұрау сол рудың мүшелерінің намыс борышы болып есептелген. Мұны кей әдебиеттерде „ата кегі” деп атайды.
Басқа рудан үйлену: ру мүшелері бірге туысқан болғандықтан, сол рудың қыздары еркектердің қарындастары болып саналады. Осыған байланысты өз руынан әйел алуға болмайды, бұл табуды бұзуға жатады. Тек басқа рудың (басқа тотемнен тараған) қызын ғана алуға рұқсат етіледі. Тотемизмді екшеп зерттеген Фрейд (1856 - 1939) бұл жөнінде былай дейді: „... члены одного и того же тотема не должны вступать друг с другом в половые отношения, следовательно, не могут также вступать между собой в брак. Это и состовляет связанную с тотемом экзогомию” /5/. Басқа рудан үйлену немесе жеті атаға дейін үйленбеу бізде де жиі айтылатын мәселе. Негізінде бұл өз руынан қыз алмау табысы еді, моңғол шапқыншылығынан кейін, моңғол – татар ру – тайпаларының мұсылман түркі халықтарына сіңіп, түріктеніп және мұсылманданып кетуінен кейін формасы өзгеріп, мәселен, қазақ ішінде жеті атаға дейін үйленуге болмайды деген салтқа ауысқан. Алайда, қазақ ішінде (Қалқаман – Мамыр, мәселесінде бірін – бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген.) мұның толық сақталмағаны белгілі. Бұл әдет жазба мәдениеті жоқ, жабайы өмір кешіп жатқан, мәдениеттің терімшілік – аңшылық сатысындағы моңғол тайпалары арқылы түркілерге (қазақ және қырғыздар) сіңген деп ойлаймыз. Мәселен, қалмақ, тарихшы Шыңғыстың өмірбаянында былай деп жазады: „Когда Тимучину исполнилось 9 лет Исугей с сыном поехали, по обычаю монголов, сватать ему невесту в дальный род (во избежание браков в близких степенях родства)” [6]. Моңғолдарда бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін көрдік, ал күллі түрік атаулының арғы атасы саналатын Оғыз – Хан туралы аңызда болса, оның әкесі қара ханның өзінің үш туған інісінің қыздарын Оғызға алып бергені жазылады: „Когда Огуз стал жигитои, Кара Хан дал ему в жены дочь своего младшего брата Тур – Хана ... Кара Хан, выслушав эти речи, дал Огузу в жены дочь своего младшего барата Кыр – Хана среди них было Ур – Хана третьего младшего брата его отца ...” [7]. Демек, ежелгі түріктерде басқа рудан үйлену табусы болмаған тәрізді. Ал, қазіргі заманда Түркиялық түріктер, әзірбайжан, түркімен, өзбек, ұйғыр, т.т. түркі халықтарында мұндай табу жоқ. Тек, қазақ, қырғыз және моңғол халықтарында белгілі иөлшерде бөлелерді үйлендіру әдеті кең тараған. Медицина ғылымы жағынан мәселеге қарайтын болсақ, болашақ нәрестенің ден саулығы әке және шешесінің генетикалық сапасына және ден саулығына тікелей байланысты. Сондықтан, қиыр шығыс және қиыр батыстағы бөлек ұлттардың, тіпті бөлек нәсілдердің өкілі болып табылатын екі ауру болып тууы, тіпті оның кемтар болуы әбден мүмкін. Ал, ден саулықтары жақсы, ұрықтарында генетикалық мүкісі жоқ екі бөле немесе немере жолындағы екі адам үйленсе, олардан болашақ баланың ден саулығы ата – анасынікі секілді жақсы болмақ. Алыстан қыз алу мәселесінің тарихи – этногенетикалық ақаулығы барлар қосылса, онда олардың руына, алыс – жақындарына қарап керегі жоқ, бәрі –бір баланың ауру юолып туу ықтималы өте жоғары болмақ. Бұл мәселеге, Исламият тұрғысынан қарайтұғын болсақ, дініміз немере жолындағы адамдардың үйленуіне тыйым салмақ. Бірақ,, үйленіңдер деген бұйрық та жоқ. Тек,, үйленетін адамдардың ден –саулығы, генетикалық қоры, қан тобы секілді қасиеттері болашақ баланың ден – саулығына залал етпейтіндей болғаны шарт......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 867



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!