Психология | Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, тәсілдерін талдап зерттеу

 Психология | Тұлғаның  өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, тәсілдерін талдап зерттеу

Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………..….3
1. ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ОРНЫ…………………………………...………………………………………6
1.1. Өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық мәні…………….............…….7
1.2. Өзін-өзі тәрбиелеудің мотивтері және олардың тұлғаның дамуына ықпалы………………………………………..............................................….17
2. ОҚУШЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ, СЕБЕПТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ………………………………………………….22
2.1. Жалпы тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің өзара байланысы……….22
2..2 Өзін-өзі тану, сендіру мен иландыру - өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі тәсілі ретінде………….........................……………….………………………………26
2.3. Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерінің психологиялық анықтамалары.….….31
3. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕНУІНЕ ӘСЕРІ…….......................................…34
3.1. Ұжымда өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру …..................……………34
3.2. Психологиялық кеңестер мен нұсқаулар…………....................……….36
3.3. Ата-аналарға арналған кеңестер мен нұсқаулар.........................…….38
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ……..............……………………………………..40
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..49

КІРІСПЕ
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі қазіргі ғылым тұрғысынан қарастырғанда жаңаша қабылданады. Өзін-өзі тәрбиелеу құбылыс ретінде әрқашан философтарды, психологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған және қызықтырады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің нағыз негізі - адамға тән болып табылатын үйреншікті қатардағы жайларды жеңіп, өз өмір жолындағы үлкен, қызықты істерге ұмтылу. Бұл туралы Ковалев А.Г. былай деді: "Өздігінен жетілу адамға тән, өйткені ол шыншыл болса, ол ешқашан өзіне-өзі риза болуы мүмкін емес". Адамда бәрі дамыған, жетілген, бай болу мүмкіндігін пайымдауға барлық негіз бар және мұндай дамудың шын мәнінде шегі жоқ.[1 , 11 – 27-38 бб.]
Бірақ бізде жасырылған мүмкіндіктерді, біздің "Қалғып жатқан күштерімізді" ояту үшін, үздіксіз жүйелі өзімен - өзі жұмыс істеу қажет. Оны өзін-өзі тәрбиелеу деп атайды. Қытай даналары былай деген: "Үздіксіз ережесін қолданған, канша жерден надан болса да, міндетті түрде білімді болады, қанша жерден әлсіз болса да міндетті түрде күшті болады". [2 – 18-22 бб.]
Бірақ жемісті өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты - үздіксіз ережені қолдану, жан-жалқаулығына бейімділік, әр мінездің жетіспеушілігі, адам үшін жеңе алмайтын қиыншылық болады. Жан-жалқаулығы өзін-өзі тәрбиелеу жолындағы ең негізгі кедергі. Француз жазушысы Лабрюллердің пайымдауынша: "тілегенімізге жету үшін бізге тәсілдерге қарағанда, табандылық жетпейді"- деген. [3 –18-21 бб.].
"Дхаммапада" ежелгі әдеби қайнарында, қандайда болса ниетті жүзеге асыру үшін, өзінің әлсіздігін жеңудің мәнін айқын метафоралық, түрде көрсеткен: "Егер біреу шайқаста мың рет мың адамды жеңсе, ал басқасы өзін-өзі жеңсе дәл сол басқасы - шайқастағы ең ұлы жеңімпаз". [4- 98-102 бб.]
Соңғы уақытта өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі оқуды белсендендіру туралы сұрақты зерттеумен байланыстырып жатыр.
ТҰлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі - өзімен жұмыс істеуде бірінші қадам және күрделі үрдіс, бұл кезде сырттан көмек туралы мәселе пайда болады. Өзімен жұмыс істейтін тұлғаға беретін психологиялық көмектен, бағыттылықтан және ұйымдастырушылықтан өзін-өзі тәрбиелеудің эффективтілігі тәуелді болады. Сондықтан осы ғылыми зерттеу жұмысының өзекті мәселелерінің бірі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуде психологиялық көмекті ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, тәсілдерін талдап зерттеу.
Зерттеу пәні: Оқушының өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін қазақ тіліне бейімделген «талаптану денгейін анықтау» (Шварцвандердің) әдістеме көмегімен зерттеп талдау.
Зерттеу міндеттері:
- Өзін-өзі тәрбиелеуді талдаған ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.
- Өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, байланыстарын, тәсілдерін талдау.
- Өзін-өзі тәрбиелеуді практикалық тұрғыдан зерттеу әдісттерін қазақ тіліне бейімдеп (талаптану деңгейі, сіздің өз-өзіңізді бағалауыңыз), сынақтан өткізу.
- Өзін-өзі тәрбиелеуді зерттеу әдістерін оқу және диплом практикасын пайдаланып іске асыру.
- Зерттеу жұмысы барысындағы жинақталған материалдарды өңдеу.
- Өңдеген материалдарды теориялық талдауларға негіздеп тұжырымдау.
Зерттеу объектісі : жеткіншек жастағы мектеп оқушылары
Зерттеудің ғылыми жорамалы: Егер оқушының өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне байланысты жан-жақты көмек сонымен қатар психологиялық көмек ұйымдастырылса, онда оқушының өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі эффективті болады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Өзін-өзі тәрбиелеудің жалпы теориясын өңдеуде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне көп зейін аударған А.К.Ковалев өзін-өзі тәрбиелеу мәселесімен айналысқан. Өзін-өзі тәрбиелеудің кәсіптік негізіне С.Б. Елканов тоқтап өткен. Сондай-ақ әйгілі психолог Р.С.Немовта осы мәселені өзінің еңбектерінде қамтыған. Ж.И.Намазбаеваның тұлғаны дамытуда кешенді жүйемен психологиялық зерттеу ұйымдастыру теориялары. Сонымен катар шет ел ғалымдары мен психологтары: Г.К.Лихтенберг, тағы басқалар өзін-өзі тәрбиелеу және ұйымдастыру мәселесі жайлы өз ойларын айтқан. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зерттеуде "Талаптану деңгейін анықтау" - әдістемесін А. Шварцвандер өңдеп ұсынған.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы теориялық, эксперименттік бөлімдерден және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ОРНЫ

Өзіндік сана, өзін-өзі тәрбиелеу - күрделі психологиялық құрылым. Өзіндік сана, өзін-өзі тәрбиелеу - біріншіден өзінің теңдестігін ұғынуды;
- екіншіден белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз "менін" ұғынуды;
- үшіншіден өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;
- төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды [1,13]. Бұл элементтердің барлығы бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым маңызды орын алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің дамуы бүкіл жүйені өзгертпей қоймайды. Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылу мен өзінің "мені" мен өз қасиеттеріне зор ынта кояды. Атап айтқанда, ол өзінің келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта баланың жас өспірім шағында да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасын зер сала зерттейтін жас өспірім ұлдар мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Балалардың бәрі дерлік өз келбеттерін өзгерткісі келеді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін өсіріп, танымалдығын арттыратын касиеттер ерекше маңызды. [5,14]
Жеткіншектің көбісі талап толық болғанына, бетіне безеу шығуына т.б. қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар әдетте, ешкімге білдірілмейді. Өз денесінің жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының, ересектердің ойлағанындай емес анағұрлым маңызды компоненті [2,22; 3,16].

1.1. Өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық мәні
Бала неғұрлым өскен сайын оның мінез құлқы бағалаудан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады. Жеткіншек өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін, барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар:
- Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру. Бірак жеткіншектің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар - кауіпті сотқарлық, даңғойлық - көзге түсіп, жұртқа танылғысы келгеннен гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т.б. сынап көргісі келуден болады.
- Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы - әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте-мөте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі- ақ әркімнің бағалары емес, бағалауларының өлшемінің әрқилы болатынына көзі жетеді. Сыныптары ерлік деп бағалаған әрекетті педагог жалған жолдастык деп атайды. Осыдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болып шығады.
Өз "менінің" бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты "менің" де, мұраттағы "мен" де, қиялдағы "мен" де көз алдына елестететін толып жатқан басқа "мендер" да бар. Тіпті адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-қайшылықтарсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жасөспірімдік кезеңде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жас өспірім өзін-өзі бақылау арқылы өзін білсем дейді. Бала жас өспірімдік кезінде жалпы алғанда интимдік күнделіктердің шығуынан да, көркем әдебиет видео бейнелерін өзіне "өлшеп көруден" де, басқа адамдардың ішкі жан-дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.
Кейбір психологтар жас өспірімдік рефлексиясының өзін-өзі оқшаулау, шындық болмыстан, қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар деп есептеп, оған теріс көзқараста болады [7,11]. 15 жастағылардың ішкі жан-дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептеуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден қарағанда өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім ұлдар мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айырылу сезімі ретінде, өз "менінің" бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін басқалар түсінбейтіндей көру және т.с.с. ретінде уайымдалады.
Алайда бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жас өспірімдік шақтың қиыншылықтары бұларға бәрі душар бола бермейтінін, кезікеннің өзінде соншалықты қиын болмайтынын айтпағанның өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге болатын өсу қиыншылықтары. Тұтас алғанда жеткіншектік - өте бақытты шақ. Тұрақты эгоцентризмнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жасөспірімде ғана немесе бұған дейінгі дамудың ерекшеліктерімен байланысты оған бейім жастарда ғана болады. Жақсы педагог мұндай балаларды қарым-қатынастың олар үшін неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып тиімді көмек жасай алады. Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша тауқыметке ғана ұрындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада тәрбиеленген жеткіншек қыздар мен ұлдардың көпшілігінде психологиялық оқшаулану мен рефлексия қарым-қатынасқа кедергі болмағанымен қоймай, қарым -қатынастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.
Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырағысыз байланысты. Жас өспірімдік рефлексия:
- бір жағынан, өзінің менін ұғыну ("Мен кіммін? Мен қандаймын? Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыйлай аламын? ");
- екінші жағынан дүниедегі өзінің жағдайын ұғыну (Менің өмірлік мұратым қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім болғым келеді? Өзім де, айналадағы дүние де жақсы болу үшін мен не істеуге тиістімін?) болмақ. Мұны әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған алғашқы сұрақтарды қояды.
Екіншіден, неғұрлым, жалпы дүниетанымдық сұрақтарды жеткіншек адам қояды, онда өзіне-өзі талдау жасау әлеуметтік адамгерішлік тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың әлементіне айналады. Жеткіншектік өмірлік жоспарлары көбіне қиялдағы сипатта болатыны сияқты бұл өзін-өзі талдау да көбіне қиялдағы сипатта болады. Бірақ өзін-өзі талдауды кажетсінудің өзі - дамыған адамның қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты.
Жеткіншектік рефлексиясының тереңділігі мен интенсивтілігі көптеген әлеуметтік (әлеуметті тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсияның, экстраверсияныц дәрежесі) және өмірбаяндық (отбасында тәрбие алу жағдайлары, құрдастарымен қарым-қатынас, оқыған кітаптардың мазмұны) факторларға байланысты, бұлардың ара қатынасы әлі зерттелмеген. Жеткіншектің біреуі оншалықты ұнатса, енді екіншілері, керісінше, одан үрейлене корқады, аз ғана уақыттың өзіне жалғыз қала алмайды, рефлексивтігінің жетіспеушілігінен өздері ұғына алмайтын өз проблемаларынан қашқақтау үшін қарым-қатынаста болғысы келмей ме екен деген күдік туады. Ал, негізгі, дені орташа жағдайда болады. Тәрбиеші бұл айырмашылықтарды біліп ескеріп отыруға тиісті [8 – 67 бб.].
Өзін-өзі сыйлау және оның функциялары.
Тұлғаның көбіне-көп балаң жасөспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды белгісі - өзін-өзі сыйлау, яғни қорытындылағаннан өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау не қабылдамаудың дәрежесі. Өзін-өзі барынша сыйлау менменсудің не сын тұрғысынан қарамаудың синонимі емес. Мұның мәнісі адам өзін өзгелерден нашармын не төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді деген сөз. Керісінше, өзін-өзі сыйлаудың төмендігі үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек көруді, өз күшіне сенбеуді көрсетеді.
Өзін-өзі сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейі жекелей өзін-өзі бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылған сәтті не сәтсіз оны тиісінше арттыруы немесе азайтуы мүмкін. Өзін-өзі сыйлаудың қалыптасуына кішкентай кезінен бастап-ақ көптеген факторлар - ата-аналарының көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдайы т.б. әсер етеді. Жас өспірімдік шақта бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы түсінік қайта қаралады. Жас өспірімдер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай келмейтін талаптар кояды, өз қабілеттерін ұжымдағы алатын орнын т.б. асыра бағалайды. Бұл өзіне деген негізсіз сенімділік көбіне ересектерді (құрдастарын да) мезі қылады, көптеген тартыстар мен түңілушіліктер туғызады. Жас адам өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен қателесулерден кейін барып біледі.
Жеткіншектің өзіне деген сенімі қаншалықты жағымсыз болғанымен, психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі анағұрлым қауіптірек. Мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы әрі орнықсыз етеді. Өзін-өзі сыйлауы төмен жас өспірім жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста көбінесе қиыншылық көреді, қайсібір жалған бет перде жасап алып, айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа рөлде көрінуге тырысуы ішкі қарбаластықты күшейтеді. Мұндай адамдар сынағанды, күлгенді, жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не ойлайтынына мазасызданады. Адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның жалғызсырап қиналуы соғұрлым көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамның әлеуметтік талаптарының деңгейі біршама төмен болады, оны жарысу сипаты бар іс-әрекет атаулыдан тартындырады. Мұндай адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен, алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен бағалауын нығайта түседі. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігін ұялшақтықпен - бір деп санауға болмайды. Егер мұғалім оқушылардың қайсібіреуінен өзін сыйлаудың төмендігінің белгілерін аңғарса, жеке адам үшін бұл қауіпті процесті болдырмау үшін жеткіншек өзінің әлеуметтік және азаматтық бағасын анық дәлелдейтіндей жағдай жасауға міндетті түрде ұмтылуы керек.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 099



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!