Менеджмент | Мемлекеттік менеджмент шетелдік тәжірибе және Қазақстан

 Менеджмент | Мемлекеттік менеджмент шетелдік тәжірибе және Қазақстан

Мазмұны


І тарау. Менеджмент және менеджменттің ұлттық ерекшеліктері
1.1. Менеджмент ғылымы және оның даму кезеңдері, бағыттары
1.2. Батыс және шығыс менеджментінің ерекшеліктері
1.3. Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және қазақ халқының басқару тарихындағы менеджменттің үздік үлгілері

ІІ тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік менеджменті және басқарудағы ақпараттық саясат

2.1. Мемлекеттік менеджмент және Қазақстан Републикасының мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері (Қазақстан Республикасының мемлекет құрылымы және мемлекеттік менеджменті)
2.2. Ақпараттық қоғам қалыптастырудағы Әкімшілік реформалаудың коммуникациялық тәсілдері (Әкімшілік реформалау – ақпараттық қоғам құрудың негізі ретінде)
2.3. Қазіргі Қазақстан Республикасының мемлекеттік менеджменттің даму бағыттары мен перспективасы

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздемесі. Диплом жұмысында мемлекеттік менеджмент мәселесіне ғылыми көзқарас белгілі шетелдік және отындық ғалымдардың еңбектерін, зерттеу, сараптау, өзгеріс енгізу негізінде құрылды. Зерделеу және сараптау авторлардың зерттеу бағыттарын біріктіретін бірнеше жолдарды анықтауға көмектесті. Бірінші бағытқа мемлекеттік басқарудың теориясы мен методологиясын қалыптастырудағы зерттеу жұмыстарын жатқызамыз. Екінші бағытқа мемлекеттік сектор мен тиімді мемлекеттік басқарудың тәртіптерінің жиынтығын барабар көрсететуге құрылған авторлардың зерттеулерін біріктіреді. Үшінші бағытқа қолданбалы сипаттағы жұмыстарды, төртіншіге – аймақтық маңызы, бесіншіге – ғаламдық мәнін, ал алтыншыға – индустиалды-инновациялық дамуды ғылыммен қамтамасыз етудегі еңбектерді қарастырамыз.
Бұл көпсалалы мәселеге қатысты бірнеше сауалдар туындап, өз жауабын толыққанды тапқан жоқ десе болады. Сол себепті теориялық, методологиялық зерттеулерді шығармышылық тұрғыдан түйсіну маңызды болып отыр. Мемлекеттік сектордың қазіргі заман талаптарына сәйкес басқару тәсілі және формасын, негіздерінің сәйкестік деңгейін анықтау. Басқару шешімдерін жасау мақсатында мемлекеттік секторды жүйелеу және теориялық, методологиялық қырларын терең анықтап алу қажеттігі байқала бастады. Қойылған мәселені шешуде ғылыми тәсіл қолдану жаңа заманға лайық қызмет ететін мемлекеттік басқару органдарының мемлекет саясатын жүргізуде ғылыми негіздемесі болмайтын тиімсіз араласу шараларын азайтады.
Жоғарыда айтылғандар тақырыпты таңдауға, мақсатын қоюға, сондай-ақ негізгі зерттеу тапсырмасын анықтауға көмектесті.
Зерттеудің мақсаты. «Менеджмент» сөзі біздің тілдік қорымызға енгеніне біраз болды және әртүрлі ақпарат көздерінде менеджмент синонимі ретінде басқару, басшылық сөздерін пайдаланады. Қалай болғанда қазіргі заманда жаңа заманға лайық терминдерді пайдалану көптеп кездесуде және ол заңдылық десе болады. Бұл екі терминнің тең мағынада қолданылуы қажет пе жоқ па, міне бұл да зерттеу жұмысымның арқауы болып отыр. Соны анықтау мақсатында бірнеше шетелдік авторлардың анықтамасына тоқталып, ара-жігін ашуды көздедім. Менеджменттің әр салада қандай мағынада қолданылатына және оның балама синонимдерімен салыстыру барысында «менеджмент» сөзінің түпкі мағынасы бір, тек нарық замамына бейімделген қоғамда оның көптеп көрініс тауып отырғанына көзімңздң жеткізуге болады. Сондай-ақ «мемлекеттік менеджмент» «мемлекеттік бақарудың» қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің тәжірибесінде және тілдік қорында тең мағынада қолданылып отырғандығын байқауға болады.

І ТАРАУ

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Менеджмент ұғымы және оның даму кезеңдері мен бағыттары

Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға «менеджмент», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашан дәл бере бермейді.
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Қай саланың болсын өзінің басқарушылық тарихы болады. Көпжылдық тарихы бар батыс елдері қалыптасқан тұрақты менеджменттің арқасында даму көшінің басында келеді. Жалпы «менеджмент» сөзінің анықтамасына келетін болсақ, «менеджмент» ағылшын сөзі латынның «манус» - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Профессор Л. И. Евенкомның айтуынша «менеджмент» - бұл еңбекті, ақылды, басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, қойылған мақсатқа жету іскерлігі. Менеджмент – орыс тіліндегі «басқару, меңгеру, ұйымдастыру» деген мағыналас сөздерді білдіреді.
Менджмент – бұл сондай-ақ кез-келген саланың жұмысын үйлестіру мен өз міндетін жүзеге асыруға көмекші ілім болып табылады. Ал осы саланың маманы менеджер – шаруашылықта, әсірісе нарықтық өндірісте белгілі бір мақсатпен және ерекше құрылыммен жұмыс істейді. Ол адамдардың белгілі бір дәрежесі, әлеуметтік топ, олар басқару бойынша жұмысты жүзеге асурышылар немесе атқарушылар болып табылады.
Нарықтық экономикада өндірістің дамып, көркеюінде және ірі табысқа жетуінде менеджер мен маркетологтардың рөлі ерекше. Олардың қызметі: адамдармен қарым-қатынас, билік және басқару өнері, шеберліктің ерекше түрі, басқару органы. Маман кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойластырады, қызметкерлерге нақты міндеттер жүкетей отырып, оны жүзеге асыруға қамтамасыз етеді.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. Адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. Билік және басқару өнері;
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі.
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді бірдіреді.
Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірі бойынша менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесек, Дракердің түсіндіруінше – жоғарыда айтылған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі практикаға жақындау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсілі. Мұндай топтың мысалына үкіметті, алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады».
«Менеджмент» ағылшын сөзінен алғанда латынның «манус» - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Профессор Л.И. Евенконың айтуынша «менеджмент» - еңбекті, ақылды, басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, қойыылған мақсатқа жету іскерлігі.
Мененджмент – орыс тіліндегі «басқару, меңгеру, ұйымдастыру» деген мағыналас сөздерге жақынырақ болып келеді.
Менеджмент – бұл сондай-ақ, Адам баласының білім саласы, өз міндетін жүзеге асыруға көмекші ілім болып табылады. Менеджмент – менеджер деп қолданып жатады. Ол адамдардың белгілі бір дәрежесі, әлеуметтік топ, басқару бойынша жұмысты жүзеге асырушы немесе атқарушы.
Басқырудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негізгі сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:
Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс әркетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
Бизнес менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
Мемлекеттік мекемедегі менеджмент. Бизнес менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік әскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой пікірлер де ықпал етеді.
Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез құлқы туралы «негізгі алынатын түсініктерге» сүйенеді.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвицияның пікірінше, басқару процесі ¬ өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Менеджмент – нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент ¬ нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Көрнекті американ экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент ¬ бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан¬жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс¬әркетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент ¬ бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар .
Жеке кәсіпорын, өзінің праволық формаларына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу немесе рынок арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы ¬ бұл басшылық.
Қай саланың болсын өзінің басқарушылық тарихы болады. Көпжылдық тарихы бар батыс елдері қалыптасқан тұрақты менеджменттің арқасында даму көшінің басында келеді. Жалпы «менеджмент» сөзінің анықтамасына ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?